Get Mystery Box with random crypto!

“TALIM TV” telearnasy

Telegram арнасының логотипі talim_tv_telegram — “TALIM TV” telearnasy T
Telegram арнасының логотипі talim_tv_telegram — “TALIM TV” telearnasy
Арна мекенжайы: @talim_tv_telegram
Санаттар: Бейнелер , Дін
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 10.84K
Арнадан сипаттама

🍃 “TALIM TV” арнасының Telegram-дағы ресми каналы!
✔️ “TALIM TV” - ның жаңа роликтері мен әлеуметтік желідегі ақпараттарын алғыңыз келсе, жазылыңыз!

Ratings & Reviews

4.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 37

2021-06-30 15:21:36
Қазақтың “Қобыланды батыр” жырын білетін бе едіңіз?

Қобыландының серігі, ақылшысы, сырласы болған Құртқаны ше?

Жырдағы ең әдемі, ең келісті, өнегелі образ Құртқаның бейнесі екені анық.

Дәстүр мен тарихтан сыр шертетін, рухыңызды оятып, естігенде құлағыңыздың құрышын қандыратын осындай бір жаңа бағдарламаны жарыққа шығарайын деп отырмыз, құрметті көрермен!

“Қазақы әңгіме” деп аталатын бұл бағдарламаны әр сенбі сайын 20:00-де “TALIM TV” экранынан көре аласыздар!

Өзіміз отырып нағыз “Қазақы әңгіме” тыңдайықшы бір!

#talimtv #тәлімтв #қазақыәңгіме #жаңабағдарлама #қобыландыбатыржыры #қазақәдебиеті #құртқа #әйел #отбасы #тәрбие
2.7K views“Talim TV” телеарнасы, 12:21
Ашу / Түсініктеме
2021-06-30 06:28:31
2.9K views“Talim TV” телеарнасы, 03:28
Ашу / Түсініктеме
2021-06-29 15:15:51
“Ішейін деп жатқан шайын төгіп алып” дей ме?

Басшылар мен қызметкерлердің назарына!

Толық нұсқасын YouTube порталынан көре аласыздар.

#жиырма_бесінші_сағат
#қызмет #жұмыс #өмір #адамгершілік
3.4K views“Talim TV” телеарнасы, 12:15
Ашу / Түсініктеме
2021-06-28 15:51:21
Ал не болды ал?
“Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі” деген осы да.

Шынымен де, адамның көңіліне қарап сөйлеу - үлкен адамгершіліктің, мәдениеттіліктің белгісі!

#talimtv #тәлімтв #көңіл #реніш #өкпе #ренжітпе #адамныңкөңілінеқарапсөйле #алтыннанқымбат #көңілкүй #адамгершілік #жақсысөз #өмір #үлкен_үй_телехикаясы
2.1K views“Talim TV” телеарнасы, 12:51
Ашу / Түсініктеме
2021-06-28 06:31:18 МҰНДАЙ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ҰЗАҚҚА БАРМАЙДЫ!
⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀
Екі жас. Ең алғаш танысып, араласа бастаған кезде екеуінің де сезімге, эмоцияға берілетіні рас. Бір-біріне деген махаббаттың ұшқынын сезген күннен-ақ олар мұны қарым-қатынастың ең маңызды бөлігіне балайды. Ары қарай отбасы болып өмір сүру үшін, өмірдің ыстық-суығын бірге көру үшін осы махаббат жеткілікті секілді көрінеді.

Иә, бір-бірін сағынады, бір-бірі үшін жұмбақ болады, кездесулері де, сөйлесулері де қызық көрінеді, бақыттан бал-бұл жанады.

Алайда...
Уақыт өте келе сезімнен де маңызды ортақ құндылықтардың болатынын екеуінің де жүрегі сезеді.
Иә, "Үйлену деген - екі жастың бір-біріне қарап отыруы емес, екеуінің де бір бағытқа қарауы" деген сөз бар ғой.

Ұзақ уақыт бірге болудың, бақытты, берекелі ғұмыр кешудің негізгі кілті - екі жастың ортақ мақсатының болуында. "Серігім" деп таңдаған адамыңыздың өмірлік мұраты қандай, ол қай бағытпен жүреді, қайда бара жатыр, сіз нені қалайсыз - осының бәрін неке қиып, той жасамай тұрып шешіп алу керек.

Әр жұптың алға қойған үлкен, ірі мақсаты болады. Соған жету жолында екеуі де еңбектенеді, соған жетуге екеуі де бірге талпынады, бір-бірін жетелейді, әйелі күйеуіне, күйеуі әйеліне жігер береді дегендей.
Міне, осы жолда ғана екеуі бірге болады. Бір-бірін тастамайды.
Сондықтан бүгінің мен ертеңіңді не алдағы бір айыңды ғана емес, көздеп жүрген негізгі өмірлік мұратыңды да есіңнен шығарма, жас дос!

#talimtv #тәлімтв #отбасы #үйлену #неке #қазақтыңтойы #жастар #жастарға #махаббат #құндылық #тәрбие #арман #мақсат #ортақмақсат #семья #отбасынқұру
2.7K views“Talim TV” телеарнасы, 03:31
Ашу / Түсініктеме
2021-06-27 17:02:57
Әкенің үйдегі орнын, ер баланың қандай болуы керек екенін аналарымыз осылай көрсететін.

- Әкеден бұрын асқа қол созбау;
- Әкеден сұрану;
- Әкеден ұялу;
- Әке келе жатқанда дайындалу;
- Қас-қабағына қарау

деген секілді нәрселер балаларыңыздың ертеңгі өміріне үлкен әсер ететінін, тату-тәтті отбасы болып қалыптасып кетуіне себеп болатынын ұмытпаңыз.

#talimtv #тәлімтв #отбасы #әке #ана #даналық #тәрбие #қазақотбасы #татулық #ұлттықтәрбие #семья #әкегеқұрмет
1.5K views“Talim TV” телеарнасы, 14:02
Ашу / Түсініктеме
2021-06-25 15:07:25
Қасиетті жұма күнгі дұға, тілектеріңіз қабыл болсын!

Үйде отырып тілеуімізді тілеп, біз үшін жанын шүберекке түйіп алаңдап жүрген ата-аналарымыз аман болсын. Ал біз солардың қадіріне жете берейік.

#talimtv #тәлімтв #ана #анашым #бата #тілек #жұма #анағақұрмет #ата_ана #ата_ананың_қадірі #амандық #тәрбие #отбасы #татулық #бақыт #береке #анатілегі
1.6K views“Talim TV” телеарнасы, 12:07
Ашу / Түсініктеме
2021-06-25 06:06:11
2.4K views“Talim TV” телеарнасы, 03:06
Ашу / Түсініктеме
2021-06-24 14:57:59
Бүгінде не көп, алданып қалған, алаяқтарға жем болған адам көп.

Қарыз беріп, оны қайтара алмай, туыс-туғандарымен ренжісіп жүргендер қаншама?

Негізі, қарыз берерде және аларда осы бір қарапайым ережелерді сақтасақ, бәрімізге де жеңіл болар ма еді, кім білсін?!

“Маңызды мәселеден” үзінді.

#talimtv #тәлімтв #қарыз #долг #қарызданқұтылу #қарызданқұтылужолдары #қолхат #сауаттылық #қарызберу #ақша
1.3K views“Talim TV” телеарнасы, 11:57
Ашу / Түсініктеме
2021-06-24 06:41:02
2.2K views“Talim TV” телеарнасы, 03:41
Ашу / Түсініктеме