Get Mystery Box with random crypto!

“TALIM TV” telearnasy

Telegram арнасының логотипі talim_tv_telegram — “TALIM TV” telearnasy T
Telegram арнасының логотипі talim_tv_telegram — “TALIM TV” telearnasy
Арна мекенжайы: @talim_tv_telegram
Санаттар: Бейнелер , Дін
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 10.84K
Арнадан сипаттама

🍃 “TALIM TV” арнасының Telegram-дағы ресми каналы!
✔️ “TALIM TV” - ның жаңа роликтері мен әлеуметтік желідегі ақпараттарын алғыңыз келсе, жазылыңыз!

Ratings & Reviews

4.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 40

2021-06-09 15:38:51 Егер жалғыздықтан жаның жабырқаса, серуенге шық. Қыдыр, таза ауа жұт. Саябақты арала.

Достарыңмен кездес.
Сенімді адамға сырыңды айтып, іштегіні ақтаруға тырыс.

Маңызды іспен шұғылдан. Ойыңды бөліп, көңіліңді көтеретін сүйікті істеріңмен (хобби) айналыс.

Басында сенікі секілді проблемасы бар адамдарды есіңе ал. Оларға жақсылық тіле.

Ауырған, қиналған адамдардың көңілін сұра. Өзгелерге көмектес. Себебі, бұл өз проблемаңның шешілу жолын жеңілдетеді.

Бала-шағаңды құшақта, иіске. Оларды ойнат.

Жаратушыңнан жәрдем сұрап, арқа сүйе. Барлығының жақсы болатынына сен!

#talimtv #тәлімтв #күйзеліс #депрессия #стресс #қиындық #қайғы #күйзелістеншығу #ауру
3.4K views“Talim TV” телеарнасы, 12:38
Ашу / Түсініктеме
2021-06-09 15:38:25
2.9K views“Talim TV” телеарнасы, 12:38
Ашу / Түсініктеме
2021-06-09 05:47:28
3.3K views“Talim TV” телеарнасы, 02:47
Ашу / Түсініктеме
2021-06-09 05:47:21 ӨМІРДЕ БӘРІ КЕРІСІНШЕ, БІЗ ОЙЛАҒАНДАЙ ЕМЕС!

Біз "уақытым көп болғанда ғой, отбасыма көбірек көңіл бөлер едім” деп ойлаймыз. Ал, шын мәнінде, жақындарымызға шынайы көңіл бөлсек, олармен бірге болуға уақыт табар едік.

Біз "жеке проблемаларым болмағанда, туысқандарыммен араласатын едім” дейміз. Ал негізі туысқандарымызбен байланысты үзбесек, мәселелер өзінен-өзі шешілетін еді.

Біз "бүкіл нәрсені ата-анама айта беріп, олардың мазасын алмайын” деп ойлаймыз. Ал ата-анамыз "балам неге мені керек қылмайды?" деп уайымдайды.

Біз "шіркін, бір байысам көп қайырымдылық жасар едім, мұқтаждарға көмектесер едім" деп ойлаймыз. Бәлкім, көп садақа берсек, берекеміз артып, байып кетейін деп тұрған шығармыз?!

Біз "айлығым көп болғанда, жұмысты жақсы істейтін едім” дейміз. Шынында, жақсы жұмыс істеп, шынайы тырыссақ, айлығымыз көбейіп, несібеміз молаяр ма еді?..

Біз "толық материалдық жағдай жасалмай, тыныштық болмайды" деп ойлаймыз.Ал негізінде, тыныштық болмай, материалдық жағдай да жақсармайды.

Біз "ақылды болсам, тағдырымдағы сынақтарға тап болмас едім” деп ойлаймыз. Негізі, тағдырымыздағы сынақтар болмаса, қазіргідей ақылды болмас едік.

Біз "айналамыз жақсы адамдарға толы болса, өзгерер едім" дейміз. Шынында, өзіміз өзгергенде ғана ортамыз өзіміз сияқты жақсы адамдарға тола бастайды.

Өмірде бәрі керісінше. Ендеше, “анау солай болғанда, мен былай болар едім” деме. Жақсы өмір сүру, жақсыға лайық болу - өзіңе байланысты.

#talimtv #тәлімтв #отбасы #өмір #жақсылық #бақыт #қуаныш #сабақ #өмірсабағы #жақсыадамдар
3.4K views“Talim TV” телеарнасы, 02:47
Ашу / Түсініктеме
2021-06-08 16:50:20
Басқа нәрселердің жарамдылық мерзімі өтуі мүмкін, ал кітаптың мерзімі ешқашан өтпейді!

“Жолсерік” телехикаясынан үзінді.

#talimtv #тәлімтв #жолсерік #жолсеріктелехикаясы #оқу #білім #қазақшакино #кітап
3.3K views“Talim TV” телеарнасы, 13:50
Ашу / Түсініктеме
2021-06-07 14:36:09
Ер адам қарама-қарсы тараптан дәл өзі секілді мықты, күшті, сөзге есе бермейтін «қарсыласты» емес, оның көмегіне мұқтаж, оның сөзіне тоқтайтын «нәзік жандыны» көргісі келеді.

Сол кезде ғана екеуі бір-бірін толықтырып, күйеуі әйелін қуанта түсіп, әйелі ерінің еркектік қасиеттерін оята алатын жарасымды жұпқа айналады

“Talim SPEAKERS” бағдарламасынан үзінді.

#talimtv #тәлімтв #отбасы #татулық #әке #ана #отағасы #тәрбие #нәзіктік #әйел #отбасыпсихологиясы
4.2K views“Talim TV” телеарнасы, 11:36
Ашу / Түсініктеме
2021-06-07 02:08:57
4.3K views“Talim TV” телеарнасы, 23:08
Ашу / Түсініктеме
2021-06-04 09:07:22
Көк аспанға зер салып бір қараса,
Көк туымды көреді бүкіл ғалам!

ҚР Рәміздері күніне арналған ролик! / TALIM TV
6.0K views“Talim TV” телеарнасы, 06:07
Ашу / Түсініктеме
2021-06-03 16:18:14
“Әкең билет алып қойыпты, тойға барады екенмін”

Ақын Танакөз Толқынқызының ата-анасы жайлы естеліктері.
“Менің анам... Менің әкем...” бағдарламасынан үзінді.

#talimtv #тәлімтв #отбасы #әке #отағасы #ана #шеше #татулық #ер #әйел #тыныштық #береке #танакөзтолқынқызы #меніңанамменіңәкем
6.1K views“Talim TV” телеарнасы, 13:18
Ашу / Түсініктеме
2021-06-03 06:09:56 ЕР АДАМ ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ ҰМЫТПАСЫН ДЕСЕҢІЗ...

Әйел адам шын жақсы көрсе, сүйсе, ол өзінің сүйікті адамы үшін қолынан келгенінің бәрін жасауға даяр:

⁃ Шаруаларын бітіріп береді;
⁃ Қарызын жауып береді;
⁃ Тамағын тауып береді;
⁃ Ол үшін жұмысқа да шыға салады;
⁃ Материалдық жауапкершілікті де өз мойнына іліп алады;
Дәл бір анасы секілді барлық қамқорлықты соған көрсетеді, оны баласы секілді күтеді.

Әрине, осындай мейірім мен жанашырлық жасалып жатқан соң "оның қайтарымы болар, ол маған бұдан да көп сый көрсетер, мені бұдан да артық жақсы көріп кетер, енді маған ерекше бір сыйлық жасар немесе білмеймін, әйтеуір мені қатты қуантатын шығар" деп күтеді.
Бірақ көп жағдайда ол күткен нәрсе болмай жатады. Керісінше, ер адам өзінің міндеттерін ұмыта бастайды. Ол жұмыс істемесе де, бұлардың аш қалмайтынын сезеді, әйелінің бұны далаға тастамайтынын біледі. Үйдегі, әулеттегі мәселелерге бас қатырмаса да болатынын ұғады.

"Шақырған жерге барамыз ба?" "Үйдің жөндеу жұмыстарын кімге сеніп тапсырамыз?" деген секілді ұсақ-түйек мәселеден басталған шешім бір күні "Қандай көлік аламыз?" "Үйді қай жерге саламыз?" "Қызымызды кімге ұзатамыз?" деген секілді күрделі мәселерге ұласып кетеді. Иә, күндердің-күнінде әйел адам күйеуі шешетін осындай ауқымды мәселелерді өзі шешіп жүруі де ғажап емес. Себебі, әу баста ер адамның мұндай жағдайға бірте-бірте еті үйрене бастаған еді...

Сондықтан үйдегі рөліміз өз орнында сақталсын, отбасымызда баланс (тепе-теңдік), үйлесімділік болсын десеңіз, мына қағидаларды ескере жүріңіз:

Күйеуіңізге үнемі материалдық тұрғыдан көмектесу, оған ақша тауып беру - дұрыс нәрсе емес.
Әйелге тән нәзіктігіңізді сақтаңыз, қолыңыздан келмейтін нәрселер үшін үнемі күйеуіңізден көмек сұрап тұрыңыз. (ол сізден емес, сіз одан көбірек сұрағаныңыз маңызды, себебі, бұл ер адамның өз-өзіне деген сенімділігін арттырады)
Күйеуіңізбен ақылдасып тұру аса маңызды, оның рұқсатын, ойын сұрап тұрыңыз. "Ер адамсыз ғой" деп ол кісінің маңызды адам екенін есіне салып тұрыңыз. Өз бетіңізбен шешім шығарудан аулақ болыңыз.
Үйдегі ер адам шешетін мәселені (проблеманы) күйеуіңіздің өзі шешсін, оған тек қолдау білдіріңіз. Жігерлендіріңіз. Бірақ шешіп бермеңіз.
Сұраған кезде ғана болмаса, біліп тұрсаңыз да күйеуіңізге көп ақыл айтпаңыз. Міндетті түрде айтылуы керек нәрсе болса, оны өтініш жасап, басқалар арқылы жеткізіңіз (мысалы, досы айтсын, ағасы айтсын дегендей)

Қалай, бүгінгі пост пайдалы болды ма?
Әрине, "қанша адам болса, сонша пікір бар" дегендей, келіспейтін тұстарыңыз да болуы мүмкін. Сондықтан өз ойларыңызды, пікірлеріңізді астына жаза кетіңіздер!

#talimtv #тәлімтв #отбасы #татулық #ер #әке #азамат #жауапкершілік #ана #әйел #даналық
5.6K views“Talim TV” телеарнасы, 03:09
Ашу / Түсініктеме