Get Mystery Box with random crypto!

“TALIM TV” telearnasy

Telegram арнасының логотипі talim_tv_telegram — “TALIM TV” telearnasy T
Telegram арнасының логотипі talim_tv_telegram — “TALIM TV” telearnasy
Арна мекенжайы: @talim_tv_telegram
Санаттар: Бейнелер , Дін
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 10.84K
Арнадан сипаттама

🍃 “TALIM TV” арнасының Telegram-дағы ресми каналы!
✔️ “TALIM TV” - ның жаңа роликтері мен әлеуметтік желідегі ақпараттарын алғыңыз келсе, жазылыңыз!

Ratings & Reviews

4.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 44

2021-05-14 16:30:20 "БАРЛЫҒЫ АЙТҚАН СОҢ АЙТА САЛДЫМ!"

Балаларға жасаған кішкентай ғана эксперимент қой
Негізі адам деген қызық ә?!

Бәріміз де "бұл менің өз ойым ғой, өзім ойлап тұрмын" деп ойлаймыз, алайда, ақпарат тасқыны, ақпараттың соққысы бізге әсер етпей қоймайды. Көпшілік біреуді "жомарт, ешкімнің көңілін қалдырмайтын ақкөңіл" десе, біз де соған еріп кете барамыз.
Жақсы болса, жақсы шығар деп әлгі адамға жүрегіміз жылып тұрады.
Себебі, миға түскен сигнал міндетті түрде өз әсерін бермей қоймайды.

Мысалы, инстаграммен аты шыққан екі блогер ұрсысып қалыпты дейікші. Мысалы!)

Астына жүздеген, мыңдаған пікірлер жазылады. Егер сол жердегі "Не болған?" деген сұрақтың астына әлдекім: "Бұл жігіт жұмысынан шығып қалыпты, қарыздары көп екен, сол үшін ұрсысыпты, қыздың ата-анасы қызын алып кетіпті" деп жазсыншы, сол күні кешке-ақ таныстарыңыздың "инстаграмдағы аналар бар ғой, сол жұмысынан шығып қалып, сол үшін ұрсысыпты, қызды өзінің мамасы екен ғой алып кеткен" деп әңгіме айтып отырса, мүлде таң қалмаңыз)

Ал ол пікірді (комментарииді) оларды мүлде білмейтін, танымайтын, сіз бен біз секілді біреу жай ерігіп отырып, өзінің қиялына ерік беріп, ойынан құрастырып жаза салған болуы да мүмкін.

Ең сорақысы да осы.
Ақпарат кетті. Солай тарады. Енді оны ешкім тоқтата алмайды.

Бұрынғылар: "Естіген нәрсесінің барлығын айта беру адамның өтірікші болуына жеткілікті болады", - деген. Сондықтан Абай Құнанбайұлы айтқандай,
"Көп айтса көнді,
Жұрт айтса болдымен" жалған ақпараттың соңынан ілесіп кетпейік.
Алла ақ қараны айыратын, артын бажайлайтын даналық берсін бәрімізге!

@reposttimes
@reposttimes
@reposttimes

#talimtv #тәлімтв #ақпарат #жалғанақпарат #өтірік #эксперимент #шындық
2.1K views“Talim TV” телеарнасы, 13:30
Ашу / Түсініктеме
2021-05-14 16:30:10
2.0K views“Talim TV” телеарнасы, 13:30
Ашу / Түсініктеме
2021-05-14 08:04:02
2.8K views“Talim TV” телеарнасы, 05:04
Ашу / Түсініктеме
2021-05-13 16:20:51
Бала кезімізде Айт осылай тойланатын.

Ностальгия!

#talimtv #тәлімтв #сырласайықбағдарламасы #айт #оразаайт #мереке #айт2021
1.5K views“Talim TV” телеарнасы, 13:20
Ашу / Түсініктеме
2021-05-12 15:16:59
3.7K views“Talim TV” телеарнасы, 12:16
Ашу / Түсініктеме
2021-05-12 13:23:52
Қасиетті ай да зу етіп өте шықты

Ойға алған істеріңізді жасай алдыңыз ба?
Әлде сіз де Мырзахан секілді өкініп отырсыз ба?

Келесі Рамазанға аман-есен, төрт көзіміз түгел жете берейік!

#talimtv #тәлімтв #үлкенүй #үлкенүйтелехикаясы #ертеңайт #оразаайт #мереке #айтқабылболсын
4.0K views“Talim TV” телеарнасы, 10:23
Ашу / Түсініктеме
2021-05-11 18:46:13
Кремльде намаз оқыған ақын

“Арнайы хабардан” үзінді.

#talimtv #тәлімтв #жамбыл #жамбылжабаев #адалдық #дәстүр #қазақақыны #жомарттық
4.2K views“Talim TV” телеарнасы, 15:46
Ашу / Түсініктеме
2021-05-11 09:05:49 “Шын ниетімен айтып жатыр дейсің бе, өтірік көлгірсіп тұр...”

“Бұл неге сыйлық беріп жіберді екен, бірдеңе сұрайын деп жүр-ау...”

“Әй, қойшы соны, өтірік сөйлей бергеннен басқа білері жоқ”

Сол маған мүлде ұнамайды, арам ойлы біреу...”

Кейде “анау арам ойлы нашар адам, мынау арам пиғылды оңбаған” деп жүріп өзіміздің ішіміз арамдыққа, ластыққа, кірге толып кеткенін байқамай жатамыз.

Әйтпесе, басқа біреу туралы жаман ойлайтындай біз кімбіз? Оның ішіне кіріп көрдік пе? Жүрегінде не бар екенін қайдан білеміз?

Расында, өзгелер туралы жақсы ойда болу, айналадан жақсылықты байқап, сезіп тұру - барлық игіліктің бастауы. Ыбырай Алтынсарин айтқандай, “Жақсы ой мен жақсы сөз - жақсы істерге жетелейді!”

Кезінде бір данышпан: “Егер біреудің бойынан бір кемшілікті байқайтын болсам, бас салып сөгіп кетпеймін, оған 99 себеп іздеймін, (“мүмкін сондай болып қалған шығар”, “мүмкін жағдайы болмаған шығар” деген сияқты). Егер ондай себеп таппасам, “Бәлкім, мен білмейтін бір жағдайы болған шығар” деп жаба саламын”, - деген екен.

Иә, шынымен, біреуді сөгу, айыптау - ең оңай нәрсе. Басқа адамды кінәламас бұрын өзіңізді соның орнына қойып көріңіз. Сіздің де бір күні сол күйге түспесіңізге кім кепіл?

Шын мәнінде, адамдар туралы жақсы ойлау - адамның жүрегінің тазалығын көрсетеді. Ендеше, кеудедегі бір кесек етті, жүрегімізді таза ұстайық!

#talimtv #тәлімтв #тазалық #жақсыой #жүректазалығы #ешкімдісөкпе #айыптама #жүрек
4.5K views“Talim TV” телеарнасы, 06:05
Ашу / Түсініктеме
2021-05-11 09:05:47
3.9K views“Talim TV” телеарнасы, 06:05
Ашу / Түсініктеме
2021-05-08 22:02:06
3.8K views“Talim TV” телеарнасы, 19:02
Ашу / Түсініктеме