Get Mystery Box with random crypto!

ЕШТЕҢЕГЕ ҚАЙҒЫРМА! Осы біреуге өкпелеп, ішімізге кек сақтаған | “TALIM TV” telearnasy

ЕШТЕҢЕГЕ ҚАЙҒЫРМА!

Осы біреуге өкпелеп, ішімізге кек сақтағаннан не таптық?
“Неге сүйте салмайды?”, “Неге түсінбейді?”, “Неге айтқыза береді?”, “Неге мені ойламайды?”, “Неге араласады?..”
Неге?
Неге?

Бітпейтін “негелер” өмірімізде қаптап кеткен жоқ па?

Қане, бір мән беріп қарашы.
Кімге өкпелеп жүрсің?
Неге ызалысың?

Өмірден әділетсіздік көрдің бе? Әлдекім ақыңды жеп, зұлымдық жасады ма?
Әй, тасташы бәрін!
Ешкім ештеңеге кінәлі емес. Сен күтіп жүрген нәрсені ойлап та көрмеген немесе ойласа да жасай алмаған СОЛ БІР АДАМ кінәлі емес. Естисің бе? Сен ойлағандай бола алмаған ол да, олардан соншалықты көп жақсылық күткен сен де кінәлі емессің.

Ешкім ешкімге ештеңе міндетті емес. Тек...
Біз кеудесінде жұдырықтай ЖҮРЕГІ БАР, сезімі бар адам болған соң бір-бірімізге жақсылық жасаймыз, бірімізді біріміз іздеп, қолдап, жарылқап, демеп жүреміз. Оның бір қайтарымын күтпейміз.
Бір нәрсе анық: сол адалдығымыз, сол бір аппақ ниетіміз бір күні үлкен қуаныш болып алдымыздан шығады. Бір күні жемісін береді. Сондықтан ештеңеге қайғырма!

#talimtv #тәлімтв #қайғырма #реніш #кешірім #жақсылық #кешіру #өкпе #ыза #бақыттыңкілті