Get Mystery Box with random crypto!

ЕҢ ҚЫМБАТ ҚАСИЕТ! Мен: - Өтірік айтуға ұяламын. - Айтқан уә | “TALIM TV” telearnasy

ЕҢ ҚЫМБАТ ҚАСИЕТ!

Мен:
- Өтірік айтуға ұяламын.
- Айтқан уәдемді орындамауға ұяламын.
- Орынсыз жерде артық сөз сөйлеуге ұяламын.
- Өз кітабымды және өзімді мақтауға ұяламын.
- Трамвай, троллейбуста қарттар түрегеп тұрғанда, жастардың орын бермей, шіреніп отырғандарын көргенде ұяламын.
- Кейбір қазақ жастарының асыл ана тілін ардақтамайтынына ұяламын.

Мен ұят дегенді ҰЛЫ КҮШ деп санаймын. Адамшылдықтың, адалдықтың, уәдеге беріктік пен тұрақтылықтың, тазалықтың түп қазығы ұят деп білемін. Ұяты жоқтан үміт күтпеймін.

Ұры-қары, қарақшы, қаніпезерлер ұяты жоқтан шығады. ҰЯТ - ЕҢ ҚЫМБАТ ҚАСИЕТ!
Ұяттыға иман ұялайды, ұятсызды қылмыс қуалайды.

Әзілхан Нұршайықов

#talimtv #тәлімтв #ұят #ұятсыздық #әдеп #иба #тәрбие #ұялу #намыс #ең_қымбат_қасиет