Get Mystery Box with random crypto!

“TALIM TV” telearnasy

Telegram арнасының логотипі talim_tv_telegram — “TALIM TV” telearnasy T
Telegram арнасының логотипі talim_tv_telegram — “TALIM TV” telearnasy
Арна мекенжайы: @talim_tv_telegram
Санаттар: Бейнелер , Дін
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 10.84K
Арнадан сипаттама

🍃 “TALIM TV” арнасының Telegram-дағы ресми каналы!
✔️ “TALIM TV” - ның жаңа роликтері мен әлеуметтік желідегі ақпараттарын алғыңыз келсе, жазылыңыз!

Ratings & Reviews

4.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 39

2021-06-16 07:03:32 ЕҢ ЖАҚСЫ БАҒБАННЫҢ ГҮЛДЕРІ ҒАНА ЕҢ ӘДЕМІ БОЛЫП ӨСЕДІ!

Ер адам өз әйелін өте нәзік, қамқор, өзгелерге мейірімді әйел ете алады немесе керісінше суық, барлық нәрсеге немқұрайлы қарайтын қатігез ете алады;

Ер адам өз әйелін үнемі жылата алады немесе керісінше үнемі көзі күлімдеп тұратын көңілді, жайдары ете алады;

Ер адам әйелін асыл уақытты бағалап, әр минутын аялап өткізетін парасатты адам ете алады немесе күні-түні теледидар көріп, өмірін пайдасыз істермен айналысумен өткізетін селқос ете алады;

Ер адам әйелін білімге ынтық, жаңалыққа құштар ете алады немесе жалқау, еш нәрсеге құлықсыз ете алады;

Ер адам әйелін сыпайы, жаны тыныш байсалды жар ете алады немесе керісінше жүйкесі жұқарған ашуланшақ ете алады;

Ер адам бір-ақ ауыз сөзімен әйелін қуанта алады немесе бір-ақ ауыз сөзімен оны мұңайта алады;

Бір сөзбен айтқанда, ер адам - әйел үшін әлем. Әйел адам - ер үшін ауа. Біреуі - бас болса, біреуі - мойын. Біреуі - көз болса, біреуі - қол. Қол ауырса, көзден жас шығады. Көзден жас шықса, қол оны сүртеді. Алла оларды осылайша байланыстырып, осылайша бір-біріне байлап қойған

Әр жанұяны белгілі бір бағытты көздеген бір-бір көлікке теңер болсақ, оның жүргізушісі – отағасы. Күйеуі рульді қалай бұрса, ондағы адамдар да онымен бірге сол бағытқа қарай баратынын ұмытпағанымыз жөн.

#talimtv #тәлімтв #отбасы #татулық #махаббат #өмір #әйел #ер #отағасы #ана #әке #семья
1.5K views“Talim TV” телеарнасы, 04:03
Ашу / Түсініктеме
2021-06-15 15:08:30
“Мың сөзден бір іс артық!”

“Жиырма бесінші сағаттан” үзінді.

#talimtv #тәлімтв #жиырма_бесінші_сағат #жемқорлық #коррупция #қоғамшындығы #мемқызмет
978 views“Talim TV” телеарнасы, 12:08
Ашу / Түсініктеме
2021-06-15 05:58:57
2.1K views“Talim TV” телеарнасы, 02:58
Ашу / Түсініктеме
2021-06-15 05:58:50 ҮЙЛЕНУДІҢ ЖАҚСЫ ЖАҚТАРЫ
(жігіттерге арналады)

- Үйден шықсаң шығарып салатын адам бар. Кірсең де күлімдеп қарсы алатын бір жан бар.

- Егер біреудің көңіл бөлгенін қаласаң, оны сырттан іздемейсің, үйге қайта-қайта кіріп-шықсаң болды, "Не болды? Не істеп жүрсіз?" деген сұрақ өзі-ақ қойылады

- Кір киімдерің бұрынғыдай жатпайды. Сен тастайсың, ал жоқ болып кетеді) Бірнеше күннен кейін тап-таза болып сөреңде тұрады

- Бір нәрсені жегің келсе, "Кезінде осындай жейтінбіз, маған қатты ұнайтын" деген сияқты әңгіменің шетін бастап берсең болды, бірнеше күннен кейін сол тамақ алдыңда тұрады

- Егер жуынуға кіріп, бірақ орамалыңды не сабыныңды бөлмеде ұмытып кетсең, бұрынғыдай шығып жүрудің қажеті жоқ, айғайлап өтініш айтсаң болды, әкеліп беретін адам бар.

- Сен енді бұрынғыдай емес, құрамында парабені жоқ, таза, табиғи сабындарды қолданасың. (өзің оның 100% таза екеніне сенбесең де )

- Үйіңде үйге киетін тапочкалар, қызғылт түсті заттар көбейе бастайды

- Бұрынғыдай бір жаққа баруың керек болса, "ұйықтап қалам-ау" деп қорықпайсың. Ұйықтасаң да, тез-тез киіміңді тауып беріп, көмектесіп жіберетін жан болады)

- Сен бір адамды шын қуанта алатын қабілетке ие екеніңді сезесің. Жігер, күш, өз-өзіңе деген сенім пайда болады. Саған қанат бітеді

- Сен бұрынғыдай жұмыстан келе жатып "Не жеймін?" деп уайымдамайсың. Есесіне, "Үйге не алып барсам екен?" деп күн сайын кемінде бір адамды қуантып жүресің. (ең кемі)

- Сен бұдан былай "дос" іздеп шарқ ұрмайсың. Себебі, жалғыз емессің. Серігің де, досың да, жанашырың да, тілекшің де қасыңда

- Сенің бір басың екеу болады. Бұрынғыдай барлық нәрсеге бір өзің емес, екеу болып ойлап, екеу болып жүгіретін боласың және ең жақсысы, бұл екі бас ары қарай үшке, төртке, одан да көп санға көбеюі мүмкін!

- Ал сен солардың барлығының төбесінен қарайтын, олардың махаббатына махаббатпен жауап беретін ПРЕЗИДЕНТ боласың. Керемет емес пе, иә?

#talimtv #тәлімтв #отбасы #семья #үйлену #отау #той #қазақтыңтойы #сырғасалу #үйленутойы #үйленудіңплюстары #неке #қоғам #татулық #жарасым #бақыт
2.1K views“Talim TV” телеарнасы, 02:58
Ашу / Түсініктеме
2021-06-14 15:37:21
Сәл ғана проблема туды ма, бірден сөйлесіп, мәселенің басын ашып, түсінісіп ал.

Проблемадан қашып емес, оны шешіп құтылу керек.

#talimtv #тәлімтв #отбасы #татулық #ер #әйел #әке #ана #ата_ана #ерменәйелпсихологиясы #семья
2.6K views“Talim TV” телеарнасы, 12:37
Ашу / Түсініктеме
2021-06-13 16:27:31
“Шешендік деген - кісінің көңіліне тимей сөз сөйлеу...”

#жиырма_бесінші_сағат #шешендік #көңіл #жүрек #адамгершілік #парасат #даналық #өмір #тағдыр
1.4K views“Talim TV” телеарнасы, 13:27
Ашу / Түсініктеме
2021-06-11 15:19:07
“Қазіргі жастарда міндетсіну деген нәрсе бар” - дейді.
Сіз қалай ойлайсыз?

Келіндерді жақтап отыр апамыз

#talimtv #тәлімтв #отбасы #үйлену #той #отау #отауқұру #шаңырақ #келін #ене #келінменене #үйрену #жаңатүскенкелін #семья
285 views“Talim TV” телеарнасы, 12:19
Ашу / Түсініктеме
2021-06-11 06:11:40
1.7K views“Talim TV” телеарнасы, 03:11
Ашу / Түсініктеме
2021-06-10 15:14:09
“Балаға бөлген уақыт оған берген ақшадан әлдеқайда қымбат”

#talimtv #тәлімтв #балатәрбиесі #үлкенүй #үлкенүйтелехикаясы #бала #отбасы #тәрбие #ата_ана
2.5K views“Talim TV” телеарнасы, 12:14
Ашу / Түсініктеме
2021-06-10 03:24:15
3.0K views“Talim TV” телеарнасы, 00:24
Ашу / Түсініктеме