Get Mystery Box with random crypto!

“TALIM TV” telearnasy

Telegram арнасының логотипі talim_tv_telegram — “TALIM TV” telearnasy T
Telegram арнасының логотипі talim_tv_telegram — “TALIM TV” telearnasy
Арна мекенжайы: @talim_tv_telegram
Санаттар: Бейнелер , Дін
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 10.84K
Арнадан сипаттама

🍃 “TALIM TV” арнасының Telegram-дағы ресми каналы!
✔️ “TALIM TV” - ның жаңа роликтері мен әлеуметтік желідегі ақпараттарын алғыңыз келсе, жазылыңыз!

Ratings & Reviews

4.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 43

2021-05-21 07:15:43
“Егер де есті кісілердің қатарында болғың келсе, күніне бір мәрте, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір өзіңнен-өзің есеп ал” - деген екен Абай.

Бүгін өз-өзімізден есеп алып көрейікші.
Осы уақытқа дейін не бітірдік?
Ойға алған істерімізді орындай алдық па?

Егер әлі бастамаған болсақ, әлі де кеш емес. Бастап кетейік. Болашағымызға анық мақсат, нақты жоспар қойып, соған жетуге талпынайық.

#talimtv #тәлімтв #есепалу #мақсат #арман #әрекет #еңбек #жетістік #бақыт #жоспарқұру
3.2K views“Talim TV” телеарнасы, 04:15
Ашу / Түсініктеме
2021-05-20 15:55:47
3.5K views“Talim TV” телеарнасы, 12:55
Ашу / Түсініктеме
2021-05-20 07:37:23
Балалар көбінесе

«Мен өзім істеймін»
«Мен өзім жасаймын»
«Өзім ішемін»
«Өзім жеймін»

деген пікірді қатты ұстанады. Байқап отырсаңыз, кішкентай кезінде қасыққа таласады, ойыншықтарды өзі құрастырғысы келеді. Өзгелердің араласқанын ұнатпайды. Бәрін дұрыс жасап жатырмын деп ойлайды. Міне, сондай кезде қандай қарым-қатынас жасау керек?
«Болмайды» деп тыя беру дұрыс па?

Видеода осы туралы айтылады.

#talimtv #тәлімтв #бала #балатәрбиесі #отбасы #тәрбие
4.0K views“Talim TV” телеарнасы, 04:37
Ашу / Түсініктеме
2021-05-19 07:11:43 “СЕН” ДЕП СӨЙЛЕУГЕ ҰЯЛАМЫН...

Мен:

- Біреудің сырын сыртқа шашуға ұяламын. Досыма да, қасыма да ауыр сөз айтуға ұяламын. Үлкенге де, кішіге де (әсіресе үлкендерге) "сен” деп сөйлеуге ұяламын. Әлдекімге жағынып, жағымпаздық жасауға ұяламын. Жұмыссыз бес минут отыруға ұяламын.

- Кімге болса да қолымнан келген жақсылықты жасамауға ұяламын.

- Кісі нәрсесіне қызығуға, біреуден бір нәрсені тегін алуға ұяламын.

- Сөйлеп тұрған кісінің сөзін бөлуге ұяламын, оны ақырына дейін мұқият тыңдауға тырысамын. Мүмкіндік болса, өз ойымды ол кісі сөйлеп болғаннан кейін айтамын. Мүмкіндік болмаса, үн-түнсіз қала беремін. Өңештемеймін.

- Өкпелемеймін. Біреуден бірдеңе сұрап, қол созуға ұяламын, ешкімнен ештеңе дәметпеймін. Қоғамдық орындарда (емхана мен ауруханада, азық-түлік дүкендерінде, поштада, әртүрлі
кассалар алдында) кезекте тұрмай, "Мен ардагермін” деп жұртты кимелеп, алға қарай ұмтылуға ұяламын.

МЕН БАРЛЫҚ ЖАСТАРДЫ ҰЯТТЫ БОЛУҒА ШАҚЫРАМЫН!

Әзілхан Нұршайықов
1.7K views“Talim TV” телеарнасы, 04:11
Ашу / Түсініктеме
2021-05-18 18:01:17
Қазақи дәстүр бойынша жігіт қызға оның ағасы, жеңгелері, туыстары арқылы шығуы керек.

“Тәлім TREND” бағдарламасынан үзінді.

#talimtv #тәлімтв #отбасы #үйлену #танысу #неке #жастар #алдану #өтірік #қызтәрбиесі #махаббат
2.5K views“Talim TV” телеарнасы, 15:01
Ашу / Түсініктеме
2021-05-18 04:12:01 Yйленетін кезімізде отбасының 7 қағидасын жасадық:

Сыйластық бірінші кезекте тұру керек. «Үйленген күннен бастап “Мені сіз дейсің”, - дедім. Бастапқыда «сіз» дегені құлаққа түрпідей естіліп, күлкіге көміліп қалғам. Он бес жылдан бері «сіз» деген сөз отбасымыздың татулығының тірегіне айналды. Достарымның әйелдері біреуі 5 жылдан соң, біреуі 8 жылдан соң, біреуі 10 жылдан кейін күйеулерін «сіз» дей бастады. Анасы әкесін «сіз» деп сыйлап тұрса, бала да әкесін құрметтейтінін түсінді; 

Сенің ата-анаң – менің ата-анам, менің ата-анам – сенің ата-анаң. Балдызыма ақыл айтсам, туған қарындасыма айтқандай айтамын, келіншегім қайнысына ұрысса, туған інісіне ұрысқандай ұрысады; 

Қандай сыйлы қонақ келсе де үйімізге ішімдік кіргізбейміз; 

Балаларымызды мектепке дейін хан сияқты сыйлаймыз, мектеп кезінде шәкірт сияқты тәрбиелейміз, мектептен соң дос сияқты сырлас боламыз, бірақ ақыл айтпаймыз; 

Ренжісіп қалсақ, 5 минуттан соң сөйлесеміз. «Жақсы адамның ашуы шәйі орамал кепкенше, жаман адамның ашуы басы жерге жеткенше». Біреуіміз қылт етсек, екіншіміз уақыт санап отырамыз; 

Біздің үйде ер-азамат есеп бермейді, телефон соғып «Қайда жүрсің? Қашан келесің?» деген сұрақ қойылмайды. Кейбір достарымның әйелдері телефонмен: «Қайда жүрсің қаңғырып?» – деп жатқанын естігенде, телефоны болмаған біздің ата-бабалар не деген бақытты деп ойлаймын; 

Ешқашан ажыраспаймыз. Маған әйел табылады, оған күйеу табылар, ал балаларға бөтен біреу әке-шеше бола алмайды"
(Бейсен Құранбек)

#talimtv #тәлімтв #отбасы #береке #тыныштық #қағида #отбасымбайлығым #татулық #үйлену #семья #7қағида
3.5K views“Talim TV” телеарнасы, 01:12
Ашу / Түсініктеме
2021-05-17 15:54:27
“Сенім ақталып, мақсат орындалғанша әрекет ету керектігін ұмытпайықшы!”

Бейсен Құранбек ағамыздың дүниеден озғанына да бір жылдай болып қалыпты. Зымырап өтіп жатқан уақыт...

#talimtv #тәлімтв #жастар #отан #тәрбие #арман #еңбек #талпыну #алғаұмтыл #бейсенқұранбек
3.5K views“Talim TV” телеарнасы, 12:54
Ашу / Түсініктеме
2021-05-17 02:33:20
Осындай бір жақсылық жасап көрейікші бүгін, жігіттер!

Ана адам бір қуанып қалар еді-ау!)

#talimtv #тәлімтв #көлік #жолаушы #жақсылық #күтпегенсыйлық #қуаныш #бақыт #мейірім
3.9K views“Talim TV” телеарнасы, 23:33
Ашу / Түсініктеме
2021-05-16 13:53:22
4.0K views“Talim TV” телеарнасы, 10:53
Ашу / Түсініктеме
2021-05-15 14:36:31
Нағыз еркек әйелін күш көрсетумен емес, ақылымен, адамгершілігімен, иманымен мойындатады. Ал әйелдің ерге деген махаббаты, сый-құрметі оянса, ол өзі-ақ кішірейе жүріп күйеуінен “сөзі өтетін, сесті, мықты, нағыз еркекті” жасап алады

Сіз қалай ойлайсыз? Сапар ағаның айтқанымен келісесіз бе?

“Жолсерік” телехикаясынан үзінді.

#talimtv #тәлімтв #жолсерік #телехикая #қазақшакино #жолсеріктелехикаясы #жаңасериал #отбасы #ер #әйел #татулық
2.0K views“Talim TV” телеарнасы, 11:36
Ашу / Түсініктеме