Get Mystery Box with random crypto!

“TALIM TV” telearnasy

Telegram арнасының логотипі talim_tv_telegram — “TALIM TV” telearnasy T
Telegram арнасының логотипі talim_tv_telegram — “TALIM TV” telearnasy
Арна мекенжайы: @talim_tv_telegram
Санаттар: Бейнелер , Дін
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 10.84K
Арнадан сипаттама

🍃 “TALIM TV” арнасының Telegram-дағы ресми каналы!
✔️ “TALIM TV” - ның жаңа роликтері мен әлеуметтік желідегі ақпараттарын алғыңыз келсе, жазылыңыз!

Ratings & Reviews

4.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 38

2021-06-23 15:19:09
“Общым түсінбейм!”

Мырзахан 40-қа келіп біраз нәрсемен келіспей отыр))
Сіз қалай ойлайсыз?

#talimtv #тәлімтв #отбасы #ерменәйел #ата_ана #40жас #30жас #юбилей #туғанкүн #үлкенүй #қазақшакино #үлкенүйтелехикаясы 
1.5K views“Talim TV” телеарнасы, 12:19
Ашу / Түсініктеме
2021-06-23 07:07:13 ҚЫЗЫМ, САҒАН АЙТАЙЫН...

Қыздың жақсы жігітке тұрмысқа шығуы, жігіттің жақсы жар таңдап алуы - жеңіспен пара-пар. Алдымен жеңіске жету қымбат, ал жеңген жеңісті баянды ету - одан да қымбат!

Ешқашан да ешкімді жамандама. Ең жаман деген адамның да өз жақсылығы болады.

Ақ көңіл, адал ниеттен туған іс әсем болмаса да сүйкімді. Айла мен арамдықтан туған іс әдемі болса да жиіркенішті.

Кемшіліксіз кісі болмайды, оны көруден оңай жоқ. Кісі кемшілігін тез көруге емес, тез түзетуге көмектес.

Қыз көйлегінің етегі тізеден жоғары болмауы керек, себебі, қыздың жалаңаш жеріне көп көзінің құрты түседі. Ал халықта «Есті қыз етегін қымтап ұстайды» деген мақал бар.

Ауыз шешендік әркімде болады. Әсіресе, қыздың аузы сүйреңдеп көп сөйлемегені абзал. Өйткені, қыздың жымиюы, бас изеуі, көзқарасы – бәрі де сайрап тұрған сөз. Сондықтан оның аз сөйлеп, айналасына ақылмен танылғаны дұрыс.

Жақсы адам – магнит. Магниттің бірнеше темір шегені өзіне тартып ала алатыны сияқты, жақсы адамның да жанына жұрт көп үйіріледі. Өзің жақсы болсаң – айналаңда досың көп; жаман болсаң – жалғыз жүресің; орташа болсаң – сен де бір жақсының жанын жағалайсың. Досты сырттан іздеме, жақыннан ізде, өзіңнің ішіңнен, ішкі дүниеңнен ізде. Жаның жақсы, жүрегің жақсы, парасатты болса, іздеген досың алыстан үйіріліп өзі келеді.

Біздің ауылдың қазақтары баяғы ескі әдетпен әлі күнге дейін жүзге бөлінеді. Содан соң әлі жеткені әлсізді аяғынан шалып, бөтен жүздің баласы деп жұдырықтап, жүндеп жатады. Алауыздықтың атасы болған жүз жойылса екен.

Кей адам кілт етпе келеді. Бірақ ол мінез жас балаға, ғұлама адамға ғана жарасады. Бұдан басқаға біткен қыңырлық-қырсықпен тең.

Біреуді пәленше көп біледі деп мақтайды. Көп білген адам көп тындырса, мақтауға болар еді. Көп біліп, түк тындырмайтындар да бар. Мұндай іске пайдасыз білгіштікті білдім деудің қажеті жоқ. Ондай «білгіштен» аз біліп, көп тындыратын қоңырқай адамның өзі артық.

Әзілхан Нұршайықов

#talimtv #тәлімтв #қызға_өсиет #ақыл #БабаларӨнегесі #тәрбие #ӘзілханНұршайықов
2.5K views“Talim TV” телеарнасы, 04:07
Ашу / Түсініктеме
2021-06-22 16:44:34
ЖАС ОТБАСЫНЫҢ БЕЙІМДЕЛУ КЕЗЕҢІ БОЛАДЫ!

Отау құрып, шаңырақ көтерген екі жастың қалыптасу, үйренісу кезеңі болады. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, үйленгендердің көбі алғашқы үш жылда ажырасады. Осы бастапқы үш жылға шыдап, сіңіп кеткен жастар ғана ары қарай отбасын ұстап қалуға мүмкіндік алады екен. Сондықтан жаңа түскен келін сол ортаға толық сіңісіп, балалар бір-біріне бой үйретіп, аяққа тұрып кеткенінше ата-ене, ағайын-туыс жан-жақтан қолдау көрсетіп, жол сілтеп, білмегенін үйретіп, қате жерін түзетіп деген секілді ақылын айтып, барынша жанашырлық танытуы керек.

#talimtv #тәлімтв #отбасы #үйлену #жасотбасы #неке #татулық #тыныштық #семья #бейімделукезеңі #ата_ене #жаскелін
2.6K views“Talim TV” телеарнасы, 13:44
Ашу / Түсініктеме
2021-06-22 07:09:46
Ары таза, ұяты бар адамның шыққан биігі әдемі көрінеді. Өйткені, ол не нәрсеге қолы жетсе де, таза жетеді!

Абай айтпақшы, адамның адамшылығы, ең игі қасиеті – жан сақтау емес, ар сақтау.

#talimtv #тәлімтв #ұят #адамгершілік #адамиқасиет #ізгілік #иман #кемелдік #тәрбие #арсақтау
3.0K views“Talim TV” телеарнасы, 04:09
Ашу / Түсініктеме
2021-06-21 16:40:59
“Бірінші бөлігімен қарызымды өтеймін.
Екінші бөлігін қарызға беремін.
Үшінші бөлігін алдыңғы күнге азыққа қалдырамын.
Ал төртінші бөлігін әйелім екеуіміз азық етеміз”
деген жауаптың негізгі мәні, міне, осыда!

“Дара сөз” бағдарламасынан үзінді.

#talimtv #тәлімтв #қарыз #ақша #байлық #несібе #жомарттық #ризық #табыс #4кебөлу #ғибрат #сараңдық
3.3K views“Talim TV” телеарнасы, 13:40
Ашу / Түсініктеме
2021-06-21 06:51:30
Жақсы тілек өмірімізге сән кіргізіп, жолымызды ашады;

Жақсы тілек арадағы махаббатты арттырып, сүйіспеншілік отын лаулатады;

Жақсы тілек қиындықтар мен кедергілерді бұзып өтеді;

Жақсы тілек бақытты өмірге қарай есік ашады!

Ендеше, өзімізге және жақындарымызға тек қана жақсылық тілейік.
Кірлеген көңілдер шайдай ашылсын, жабырқаған жүректер тыныштық тауып басылсын!

#talimtv #тәлімтв #тілек #жақсытілек #өмір #бақыт #игілік #жақсылық #махаббат #өмірдіңмәні #бақыттыадам
7.7K views“Talim TV” телеарнасы, 03:51
Ашу / Түсініктеме
2021-06-18 15:19:51
“Абылай 1771-1781 жылдары Қазақ хандығының ханы болды. Ресейдің Абылайды мойындамауға шарасы қалмады. Бірақ ол тек Орта жүздің ханы деп мойындады. Себебі, үш жүздің ханы деп мойындайтын болса, ол тәуелсіз мемлекеттің билеушісі болып кетер еді”

“Talim HISTORY” бағдарламасынан үзінді.

Толық нұсқасын YouTube порталынан көре аласыздар.

#talimtv #тәлімтв #тарих #қазақстантарихы #абылайхан #үшжүздіңханы #қазақтарихы #talimhistory
1.6K views“Talim TV” телеарнасы, 12:19
Ашу / Түсініктеме
2021-06-18 06:24:12
#бүгінгічеллендж

Танымдық бағыттағы лекцияларды, пайдалы сабақтарды көріп, көп нәрсені үйренуге болатынын ұмытпайық!

Ал, іске сәт!

Әр сәтіңді, әр минутыңды пайдалы өткіз!

#talimtv #тәлімтв #сабақ #үйрену #пайдалывидео #білім #ізденіс #талап #өмір #жақсылық #уақыт #уақытөткізу #youtube
2.3K views“Talim TV” телеарнасы, 03:24
Ашу / Түсініктеме
2021-06-17 15:51:11
“Ұл, қыздары бірін-бірі толықтырып тұрса, бір-бірінің көңілін тауып тұрса, дүние бірінші орындауы болмауы керек”, - дейді.

Сіз қалай ойлайсыз?

#talimtv #тәлімтв #отбасы #үйлену #құда #құдаласу #сырғасалу #қазақтыңтойы #неке #байлық #татулық #бақыт #жастар
1.5K views“Talim TV” телеарнасы, 12:51
Ашу / Түсініктеме
2021-06-16 15:29:07
Мініп көрер күші жоқ,
Сауып ішер сүті жоқ,
Ақша деген мал шығар,
Жеткізе алмай онысын,
Қалтыраумен жан шығар.

Шортанбай Қанайұлы

#talimtv #тәлімтв #ақша #отбасы #мәселе #ұрыс #береке #әйелдіңтабысы #жұмыс #семья #ата_ене
7.8K views“Talim TV” телеарнасы, 12:29
Ашу / Түсініктеме