Get Mystery Box with random crypto!

Sputnik Қазақстан

Telegram арнасының логотипі sputnik_aitady — Sputnik Қазақстан S
Telegram арнасының логотипі sputnik_aitady — Sputnik Қазақстан
Арна мекенжайы: @sputnik_aitady
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 12.72K
Арнадан сипаттама

🔸Басқалар айтпағанды біз айтамыз
🔸Біздің сайт: https://sputnik.kz/

Ratings & Reviews

4.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

2

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 12

2022-02-22 07:03:16 Премьер-министр журналистер сұрағына жауап бере алмайтын шенеуніктерді сынады

Өткен аптада үкімет отырысында вице-министр БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап бере алмаған. Премьер-министр денсаулық сақтау министріне сын айтты:

"Денсаулық сақтау вице-министрінің журналистердің сұрақтарына нақты жауап бере алмағаны өкінішті. Ажар Ғиниятқызы (денсаулық сақтау министрі – Sputnik), осыған назар аударуыңызды сұраймын. Мұндай жағдайлар үкіметтің жұмысына кері әсерін тигізеді. Үкімет мүшелеріне журналистермен тығыз байланыста болуды тапсырамын. Біз қоғамға ашық болуымыз қажет", - деді Смайылов үкімет отырысында.

Премьер-министр Әлихан Смайылов үкімет мүшелеріне қоғамға ашық болуды тапсырды

@sputnik_aitady
57 views04:03
Ашу / Түсініктеме
2022-02-22 06:32:39 Қазақстанда өткен тәулікте 483 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды

Ең көп науқас тіркелген өңірлер:
Алматы қаласы – 172
Солтүстік Қазақстан облысында – 55
Павлодар облысында – 50

2020 жылдың наурыз айынан бері елде барлығы 1 299 566 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды.

@sputnik_aitady
57 viewsedited  03:32
Ашу / Түсініктеме
2022-02-21 14:45:29
Қазақстан халқының саны 19 миллион адамнан асты

2021 жылы елдегі халық саны 248,5 мың адамға артып, 2022 жылдың 1 қаңтарында бұл көрсеткіш 19 миллион 125,6 мың адамға жетті.

Толығырақ инфорграфикада

@sputnik_aitady
78 views11:45
Ашу / Түсініктеме
2022-02-21 14:02:22
Атырауда тәртіпсіздіктер кезінде қарусыз полицейді аяусыз ұрып-соққан тұрғын ұсталды

Видео 5 қаңтарда облыс әкімдігінің ғимаратына шабуыл кезінде түсірілген.

Ашулы топ полиция қызметкерін қоршап алып, соққыға жыққан. Салдарынан ол жерге құлап, ұсталған азамат оны басынан ұрған.

Күдікті сот санкциясымен қамауға алынды

@sputnik_aitady
551 viewsedited  11:02
Ашу / Түсініктеме
2022-02-21 13:29:47 АҚШ-та қазақстандық қызды атып кетті

16 ақпанда Миннесота штатының Сент-Пол қаласында Қазақстан азаматы өз көлігінде оқ жарақатынан көз жұмған. Бұл ақпаратты Қазақстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі растады.

Полиция тергеу жүргізіп жатыр. Қылмыс жасады деген күдікті қамауға алынды.

Қазақстан консулы марқұмның туыстарымен тұрақты байланыста, деп атап өтті ведомстводағылар.

@sputnik_aitady
88 views10:29
Ашу / Түсініктеме
2022-02-21 13:22:28
Тәртіпсіздіктер кезінде Алматыда қару-жарақ дүкенін қалай тонады – видео жарияланды

Түнде төрт ер адам «Камерат» дүкенінен атыс қаруын алып шыққан.

Полицейлер үйдің шатырынан ұрланған 8 патрондары бар тегіс ұңғылы қарудың бір бөлігін тапты.

Одан бөлек бүлік кезінде пайдаланылған заттар табылды: патрондары бар сигналдық револьвер, газ қоспасы бар шыны баллондар, противогаздар және полицияның арнайы жасақтарының 6 жиынтығы.

Полиция тәртіпсіздіктер кезінде ұрланған 1006 оқ-дәрі мен 20 307 оқ-дәріні тәркіледі.

Бұған дейін Алматыдағы қару-жарақ дүкенінен қарақшылардың темір торларды жұлып алғаны туралы видео көрсеткен болатынбыз.

@sputnik_aitady
81 viewsedited  10:22
Ашу / Түсініктеме
2022-02-21 12:03:10 Тоқаевқа ақпараттық шабуыл жасалды – президенттің баспасөз хатшысы

Кейбір бұқаралық ақпарат құралдары жазып жатқандай мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың швейцариялық банкте қаржылық шоты жоқ.

Президенттің шетелдік банктер мен офшорлық компанияларға да ешқандай қатысы болмаған және шетелде жылжымайтын мүлкі де жоқ

Қасым-Жомарт Кемелұлының бұрынғы жұбайының да мақалада жазылғандай ешқашан қаржылық шоты болмаған.

Тимур Тоқаевқа келетін болсақ, жасы 38-де. Ол – кәсіпкер, ешқашан мемлекеттік қызметте істемеген.

"Бұл мемлекет басшысының осындай шешімдерін жақтамайтын адамдардың әдейі таратып жатқан фейк ақпараттық шабуылы деп ойлаймын", - деп мәлімдеді Уәли.

@sputnik_aitady
71 views09:03
Ашу / Түсініктеме
2022-02-21 11:44:57 Қаңтар оқиғасы бойынша 52 адам сотталды – ІІМ

39 адамның бас бостандығы шектелді

13 адам бас бостандығынан айырылды

Екі іс тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылды

Ішкі істер органдарында қаңтар оқиғасы бойынша 107 күдіктіге қатысты қылмыстық істер айыптау актілерімен аяқталды. Бұл істердің негізгі бөлігін ұрлық, қаруды заңсыз сақтау және ұрлау фактілері құрайды.

@sputnik_aitady
73 viewsedited  08:44
Ашу / Түсініктеме
2022-02-21 11:26:14
Ақтөбеде оқушылар мінген автобус өртенді

Оқиға оқушылар мектепке бара жатқанда болды. Өрт сөндірілді, деп хабарлады diapazon.kz.

Ата-аналар автобустың жиі істен шығатынын айтып, бірнеше рет шағымданған.

Қалалық білім бөлімі оқиғаны растады. Айтуларынша, автобус жуық арада ауыстырылады.

@sputnik_aitady
72 views08:26
Ашу / Түсініктеме
2022-02-21 09:30:47 Қордайдағы қақтығыс: төрт адамды өлтірген күдікті ұсталды

Ол 2 жыл бойы халықаралық іздеуде болған. Жамбыл облысының Масанчи ауылындағы тәртіпсіздік кезінде 4 адамды өлтірді деген күдікке ілінді.

Қаскөй Алматы облысында қолға түсті.

2020 жылдың 7 ақпанында дүнген диаспорасы шоғырланған Қордай ауданының бірнеше ауылында жаппай тәртіпсіздік болды.

11 адам қайтыс болды. Тәртіпсіздіктерге тұрмыстық кикілжің себеп болған.

50 адам сотталды.

@sputnik_aitady
81 viewsedited  06:30
Ашу / Түсініктеме