Get Mystery Box with random crypto!

Sputnik Қазақстан

Telegram арнасының логотипі sputnik_aitady — Sputnik Қазақстан S
Telegram арнасының логотипі sputnik_aitady — Sputnik Қазақстан
Арна мекенжайы: @sputnik_aitady
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 12.72K
Арнадан сипаттама

🔸Басқалар айтпағанды біз айтамыз
🔸Біздің сайт: https://sputnik.kz/

Ratings & Reviews

4.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

2

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 10

2022-02-23 13:32:22 Қазақстан қысқы Олимпиадаға дайындық шараларына 3,5 млрд теңге жұмсады

Командаларды Олимпиада ойындарына дайындауға 789 миллион теңге кетті. Дайындық жұмыстарына 234 спортшы мен бапкер қатысты. Бір адамға кеткен шығынның орташа көлемі - 15 миллион теңге.

Айта кетері, Қазақстан құрамасы Бейжің Олимпиадасында бірде-бір медаль жеңе алмады.

@sputnik_aitady
65 viewsedited  10:32
Ашу / Түсініктеме
2022-02-23 12:21:19
Ішкі істер министрлігі Ерлан Тұрғымбаевтың отставкаға кетуі туралы ақпаратты жоққа шығарды

«Ведомство басшысы қалыпты жұмыс істеп жатыр», - деп хабарлады министрлік.

@sputnik_aitady
29 viewsedited  09:21
Ашу / Түсініктеме
2022-02-23 11:30:15 Қазақстандықтар нөлдік жарнамен несиеге көлік сатып ала алады

Жеңілдетілген автокөлік несиесіне 100 миллиард теңге бөлінеді. Бұл туралы премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мәлімдеді.

Автокредиттің жылдық мөшерлемесі 4% болады. Ал алғашқы жарна болмайды. Кредиттің мерзімі - 7 жыл.

Мұндай жағдайда 71 мың адам көлік сатып ала алады.

@sputnik_aitady
60 views08:30
Ашу / Түсініктеме
2022-02-23 11:23:28 Қазақстанда утилизациялық алым айлық есептік көрсеткішпен есептеледі

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр утилизациялық алым екі есе төмендетілетінін мәлімдеді

Утилизациялық алым қозғалтқыштың көлеміне қарай төленеді. Оның нақты формуласы бар:

қозғалтқыштың көлемі 1 000 см3 –ге дейін болса, 50 АЕК (145 850) х 3 (коэффициент) = 459 450 теңге;
қозғалтқыштың көлемі 2 000 см3 –ге дейін - 50 АЕК (153 150 теңге) х 7 (коэффициент) = 1 072 050 теңге;
қозғалтқыштың көлемі 3 000 см3 –ге дейін - 50 АЕК (153 150 теңге) х 10 (коэффициент) = 1 51 500 теңге.

@sputnik_aitady
48 viewsedited  08:23
Ашу / Түсініктеме
2022-02-23 10:02:38 Қаңтар оқиғасы: тергеу изоляторында отырған алты адам қайтыс болды

Бұл туралы Бас прокуратураның арнайы прокурорлар қызметінің бастығы Ризабек Ожаров "Казахстанская правда" басылымына берген сұхбатында айтты.

Оның айтуынша, 2 адам – Алматыда, 3 адам Шығыс Қазақстан облысында және бір адам Талдықорғанда көз жұмды.

@sputnik_aitady
65 views07:02
Ашу / Түсініктеме
2022-02-23 09:46:33
Полиция Алматы әуежайында түсірілген видеоға қатысты түсініктеме берді

Қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде ойрансалушылар әуежайды басып алды, ғимарат ішінде орналасқан дүкендерді тонап кетті.

Кейін әуежай бақылауға алынып, оған күзет қойылды.

Журналист @kozachkow полиция мен төтенше жағдайлар министрлігі қызметкерлері нысанды күзетудің орнына косметика дүкенін тонауға кіріскенін айтты. Ол өзінің Telegram каналында видео жариялады.

Полиция департаменті Sputnik Қазақстан тілшісіне видео тексеріліп жатқанын айтты.

@sputnik_aitady
698 viewsedited  06:46
Ашу / Түсініктеме
2022-02-23 08:16:52
Көпбалалы отбасыларға төленген жәрдемақының мөлшері белгілі болды

Жыл басынан бері көпбалалы отбасыларға 27 млрд теңгенің жәрдемақысы төленді. Мемлекеттік жәрдемақымен орта есеппен 487,6 мың отбасы қамтылды.

Жәрдемақыға төрт және одан да көп кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.

Жәрдемақы мөлшерін инфографикадан қараңыз

@sputnik_aitady
93 viewsedited  05:16
Ашу / Түсініктеме
2022-02-23 07:28:55
Елордада төрт көлік соқтығысты

Оқиға 22 ақпанда кешкі сағат 19.22-де Түркістан көшесінде болған.

31 жастағы Hyundai маркалы көліктің жүргізушісі Бұқар жырау көшесі жақтан Орынбор көшесіне қарай кетіп бара жатып Subaru XV көлігімен соқтығысты. Соққының күшімен тағы екі көлікке - Subaru Legacy мен Chevrolet Malibu-ге зақым келді.

Жол апаты салдарынан Hyundai мен Subaru XV жолаушысы ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің тексеруінен кейін үйлеріне жіберілді.

Видео: @astana_sergek

@sputnik_aitady
610 viewsedited  04:28
Ашу / Түсініктеме
2022-02-23 06:27:17 Өткен тәулікте Қазақстанда 598 адамнан коронавирус инфекциясы ПТР арқылы анықталды

Ең көп науқас тіркелген аймақтар:

Алматы қаласы - 206
Нұр-Сұлтан қаласы - 69
Солтүстік Қазақстан облысы - 62

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 1300164.

@sputnik_aitady
95 viewsedited  03:27
Ашу / Түсініктеме
2022-02-22 15:05:54 Қазақстанда доллар тағы қымбаттады

Kurs.kz порталының ақпаратынша, Нұр-Сұлтанда долларды 438-441 теңгеге, Алматыда 440-441 теңгеге сатып алуға болады.

Теңге Brent маркалы мұнай бағасы өскен кезде әлсіреді. 2022 жылы 22 ақпанда мұнай құны барреліне 99,38 долларға жетті. Соңғы рет Brent маркалы мұнай бағасы 2014 жылы 99 доллардан жоғары болған еді.

@sputnik_aitady
36 views12:05
Ашу / Түсініктеме