Get Mystery Box with random crypto!

Sputnik Қазақстан

Telegram арнасының логотипі sputnik_aitady — Sputnik Қазақстан S
Telegram арнасының логотипі sputnik_aitady — Sputnik Қазақстан
Арна мекенжайы: @sputnik_aitady
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 12.72K
Арнадан сипаттама

🔸Басқалар айтпағанды біз айтамыз
🔸Біздің сайт: https://sputnik.kz/

Ratings & Reviews

4.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

2

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 9

2022-02-24 10:07:45
Кеше таңертең айырбастау пункттерінде долларды 428 теңгеден сатқан болатын, ал бүгінгі жағдай осындай

Кейбір айырбастау пункттері шетел валютасын сатуды тоқтатты.

kurs.kz сайтының мәліметінше, Нұр-Сұлтанда долларды 470 теңгеден, ал Алматыда 472 теңгеден сатып алуға болады. Валюта бағамы сағат сайын өзгереді.

Қазақстан қор биржасының таңғы сессиясында доллар бағамы 452,49 теңге болды.

@sputnik_aitady
81 viewsedited  07:07
Ашу / Түсініктеме
2022-02-24 08:58:18 Ұлттық банк базалық ставканы 10,25 %-тен 13,5%-ке дейін өсірді

@sputnik_aitady
94 viewsedited  05:58
Ашу / Түсініктеме
2022-02-24 08:46:41
Украина бүкіл ел аумағында соғыс жағдайын енгізді

Бұл туралы Владимир Зеленский видео үндеуінде мәлімдеді.

@sputnik_aitady
95 views05:46
Ашу / Түсініктеме
2022-02-24 08:33:27 452,49 теңге – Қазақстанда доллардың жаңа бағамы

Қазақстан қор биржасының таңғы сессиясының қорытындысы бойынша шетел валютасы 15 теңгеге қымбаттады.

Бір күн бұрын Ұлттық банк доллардың бағамын 437,22 теңге деп белгілеген болатын.

Астаналықтар қазір елорданың айырбастау орындарында валюта – доллар да, еуро да сатылмайтынын айтып жатыр.

@sputnik_aitady
99 viewsedited  05:33
Ашу / Түсініктеме
2022-02-24 07:48:07 4 проценттік автокредитке 10 миллион теңгеге дейінгі көлікті рәсімдеуге рұқсат беріледі

Ал одан қымбат болса, қажетті сомманы рәсімдеп, үстінен төлеуге мүмкіндік бар. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Марат Қарабаев мәлімдеді.

"Автокредит барлық модельдерге беріледі. Бірақ ең қымбат модельдер бар. Мысалы, Hyundai Palisade сияқты көліктер сатылады. Ондай көліктерге жеңілдетілген кредит берілмейді. 25 миллионға жағдайы бар кісілер өз ақшасына алсын", - деп атап көрсетті Қарабаев.

@sputnik_aitady
111 viewsedited  04:48
Ашу / Түсініктеме
2022-02-24 07:01:50
Путин Донбаста арнайы әскери операция өтетінін мәлімдеді

Путин Ресейдің әрекеті сыртқы күштерден қорғану екенін атап өтті.

НАТО "қызыл шекараны" кесіп өтті

Ресей басшысы басты мақсат Украинаны оккупациялау емес екенін айтты

Ресей оны демилитаризациялауға ұмтылады және бейбіт тұрғындарға қарсы қылмыс жасағандарды сотқа тартады, деді Ресей президенті.

@sputnik_aitady
101 viewsedited  04:01
Ашу / Түсініктеме
2022-02-24 06:35:34 Алматыда айырбастау пунктерінде доллар 440-441.5 теңгеден сатылып жатыр

Нұр-Сұлтанда – 438-439 теңге.

Ұлттық банктің 24 ақпандағы ресми бағамы 437,22 теңгені құрайды.

@sputnik_aitady
103 views03:35
Ашу / Түсініктеме
2022-02-24 06:19:16 Өткен тәулікте Қазақстанда 566 адамның коронавируспен ауырғаны ПТР арқылы расталды

Ең көп науқас тіркелген өңірлер:
Алматы қаласы - 158
Солтүстік Қазақстан облысы - 68
Қарағанды облысы - 47
Павлодар облысы - 47

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны - 1300730.

@sputnik_aitady
99 views03:19
Ашу / Түсініктеме
2022-02-23 16:39:23 "ҚазТрансОйл" АҚ басқарма төрағасы қызметіне Талғат Құрманбаев сайланды.

@sputnik_aitady
57 views13:39
Ашу / Түсініктеме
2022-02-23 14:30:44
Алматыда қару-жарақ дүкенін тонады деген күдікпен 3 жігіт ұсталды

Ұрланған қарудың бір бөлігі "Достық" шағын ауданындағы үйлердің бірінен, ал екіншісі Алматы облысы, Қарасай ауданы аумағындағы Жамбыл елді мекеніндегі үйлердің бірінен табылып, тәркіленді.
4 тегіс ұңғылы мылтық
автомат
720 патрон
5 аңшы пышағы
арбалет
оптикалық көздеуіш
оқ-дәрі

Тергеушілер "үштіктің" осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр.

@sputnik_aitady
65 viewsedited  11:30
Ашу / Түсініктеме