Get Mystery Box with random crypto!

Sputnik Қазақстан

Telegram арнасының логотипі sputnik_aitady — Sputnik Қазақстан S
Telegram арнасының логотипі sputnik_aitady — Sputnik Қазақстан
Арна мекенжайы: @sputnik_aitady
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 12.72K
Арнадан сипаттама

🔸Басқалар айтпағанды біз айтамыз
🔸Біздің сайт: https://sputnik.kz/

Ratings & Reviews

4.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

2

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 11

2022-02-22 13:58:26 Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл жиынын өткізді

Ақордада мемлекет басшысының төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл жиыны өтті. Онда Украинадағы жағдайларға байланысты Қазақстанның одан әрі әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері қарастырылды.

@sputnik_aitady
53 views10:58
Ашу / Түсініктеме
2022-02-22 13:30:34
22.02.2022: қанша қазақстандық ерекше датада неке қиюға өтініш білдірді

eGov электрондық үкімет порталына ақпанның 22-сі күні неке тіркеуге 800-ге жуық өтінім келіп түсті.

Ал осы айдың басқа күндерінде, мәселен, 1 ақпанда неке тіркеуге небәрі 14 өтініш түскен.

Мистикалық күн симметриялы орналасқан сандарға байланысты мүмкіндіктер кезеңі деп аталады. Нумерологтардың айтуынша, мұндай күн тілек тілеу үшін ең жақсы уақыт.

Видео: Instagram/nurbol_nursagatov

@sputnik_aitady
57 viewsedited  10:30
Ашу / Түсініктеме
2022-02-22 12:25:45 Қаңтар оқиғаcы туралы түсірілім алматылықтарды шошытты - әкімдік жауабы

Алматыдағы бүлік туралы видео түсірілім жергілікті шенеуніктердің рұқсатынсыз жүргізілген.

"Қоғамдық даму басқармасының мамандары хат авторларына жағдайды түсіндірді. Түсірілімге рұқсат етілмейтінін хабарлады. Полиция департаменті де осындай жауап берген. Алайда бұған қарамастан, "Cultburo" ЖШС биыл 20 ақпанда рұқсатсыз түсірілім жүргізді", - деді әкімдікте.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде түсірілім кезіндегі видео пайда болды. Кадрларда қолына таяқ ұстап жүгірген адамдар көрінеді, оқ атқан дыбысқа ұқсас шу естіледі. Адамдар түсірілім жүріп жатқанын білмей қорқып кеткен.

@sputnik_aitady
60 viewsedited  09:25
Ашу / Түсініктеме
2022-02-22 11:20:05 Қазақстан жасөспірімдерге арналған "Спутник М" вакцинасын мақұлдады

Бұл туралы Ресей тікелей инвестициялар қорының баспасөз қызметі хабарлады.

"Осылайша Қазақстан "Спутник М" вакцинасын мақұлдаған алғашқы шетелдік мемлекет атанды", - делінген хабарламада.

@sputnik_aitady
64 viewsedited  08:20
Ашу / Түсініктеме
2022-02-22 10:53:06 Шетелден әкелінетін көліктерге 4%-тік автокредит беріле ме – министр жауабы

Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында журналистер министрден "импортталатын көліктерге жеңілдетілген автокредит беріле ме?" деп сұрады.
Өскенбаев мұндай мәселе тіпті қаралмайтынын меңзеді.

”Жоқ, әрине, бұл тіпті нонсенс. Біз сонда бөтен өндіріске, бөтен жұмыс күшіне, бөтен салық салу базасына басымдық беруіміз керек пе? Жоқ, әрине! Автокредит тек отандық автоөндіріске беріледі", - деп кесіп айтты индустрия министрі.

@sputnik_aitady
8 views07:53
Ашу / Түсініктеме
2022-02-22 10:16:36
Мұз жоқ па? Мәдениет және спорт министрлігі олимпиада туын ұстаған Әжіғалиевтің сынына жауап берді

Олимпиадада 4-орын алған конькиші Абзал Әжіғалиев спортшылардың жаттығатын жері жоқ екенін жазған болатын.

«Абзал жазған мәселелердің бір бөлігі - шындық», - деді вице-министр Серік Жарасбаев. Бірақ спортшыларға негізгі жағдай жасалған, деп қосты ол.

Әжіғалиев Олимпиада ойындарында 500 метрге шорт-тректен финалға шыққан тарихтағы тұңғыш қазақстандық атанды.

Оның сөзіне қарағанда, спортшылар инвентарьді өз ақшасына сатып алады. Ал механик ұсақ бөлшектерін тауып береді. Жарақат алған спортшыларға да көмек көрсетілмейді.

@sputnik_aitady
22 views07:16
Ашу / Түсініктеме
2022-02-22 09:30:05
Бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Бектанов екі айға қамауға алынды

Бұл ақпаратты Sputnik Қазақстанға Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз қызметі растады.

Бұған дейін оның үстінен қызметтегі әрекетсіздік фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғаны хабарланған болатын.

@sputnik_aitady
34 viewsedited  06:30
Ашу / Түсініктеме
2022-02-22 08:34:39 Утилизациялық алым ставкасы ертең жарияланады

Бұл туралы экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев мәлімдеді.

@sputnik_aitady
52 views05:34
Ашу / Түсініктеме
2022-02-22 08:12:58
Сыртқы істер министрі Қазақстанның Донецк және Луганск халық республикаларына қатысты позициясы қандай екенін айтты

"Өздеріңіз білесіздер, қазір жағдай шиеленісіп бара жатыр. Кеше Ресей президенті Донецк пен Луганск халық республикаларын мойындау туралы шешім қабылдады. Сондықтан қазіргі жағдай өте күрделі. Ал Қазақстанның ресми ұстанымы қазір талқыланып жатыр", - деп жауап берді Тілеуберді үкімет кулуарында.

Тілеуберді таяу сағаттарда Қазақстан Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтетінін мәлімдеді. Жиында Қазақстанның ресми позициясы белгілі болады.

ҰҚШҰ әскерін жіберу мүмкін емес екендігін айтты

Ресей президенті Владимир Путин өзін-өзі жариялаған Донецк және Луганск халық республикаларын мойындады.

Видео: @orda_kz

@sputnik_aitady
60 viewsedited  05:12
Ашу / Түсініктеме
2022-02-22 07:33:42 Қостанай супермаркеттерінде қант сатуға шектеу енгізілді

Қостанайда бір адамға үш келіден артық қант сатылмайды, деп хабарлайды "Хабар 24".

Қаңтар айының соңынан бастап облыста қанттың шекті бағасы белгіленді. Бөлшек саудада - бір келісі үшін 289 теңгеден. Баға бір айға тіркелді. Алайда бастапқыда берілген көлем супермаркеттерге жеткіліксіз болып қалды.

@sputnik_aitady
55 views04:33
Ашу / Түсініктеме