Get Mystery Box with random crypto!

Sputnik Қазақстан

Telegram арнасының логотипі sputnik_aitady — Sputnik Қазақстан S
Telegram арнасының логотипі sputnik_aitady — Sputnik Қазақстан
Арна мекенжайы: @sputnik_aitady
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 12.72K
Арнадан сипаттама

🔸Басқалар айтпағанды біз айтамыз
🔸Біздің сайт: https://sputnik.kz/

Ratings & Reviews

4.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

2

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 13

2022-02-21 08:35:01 Қазақстанда орташа зейнетақы 105 мың теңгеден асты

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, елімізде 2 миллион 245 мың зейнеткер тұрады.

@sputnik_aitady
28 viewsedited  05:35
Ашу / Түсініктеме
2022-02-21 07:49:35
Қаңтардағы тәртіпсіздіктердің түсірілімі алматылықтарды шошытты

Кеше Тоқтабаев пен Сүлейменов көшелерінің қиылысында халық жиналды. Олар айқайлап, жүгіріп, қауіпсіздік күштерін ұрып-соғады. Оқ атылып, көліктерді өртейді.

Куәгердің айтуынша, түсірілім туралы бір апта бұрын айтылған, бірақ жауапты тұлғалардың қолдары жоқ. Түсірілім кезінде жолдар жабылмаған, патрульдік көліктер де, ұйымдастырушылар да болмаған.

Өтіп бара жатқандар үрейленіп, жүргізушілер жол ережесін бұзды. Олар оқиға орнынан тезірек кетуге асыққан.

Түсініктеме алу үшін әкімдікке хабарластық.

Видео: Instagram/kris.p.almaty.official

@sputnik_aitady
39 views04:49
Ашу / Түсініктеме
2022-02-21 07:12:09
Бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Бектанов ұсталды

Бұл туралы бас прокуратура хабарлады.

"19 ақпанда Бас прокуратура бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Кәрібайұлы Бектановқа қатысты Қылмыстық кодекстің 452-бабы әрекетсіздік фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады", - делінген хабарламада.

20 ақпанда Бектанов осы қылмысты жасады деген күдікпен ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

@sputnik_aitady
48 views04:12
Ашу / Түсініктеме
2022-02-21 07:06:57 "Қызыл" аймақта екі өңір ғана қалды: Алматы қаласы, Солтүстік Қазақстан облысы.

"Сары" аймақта : Ақмола, Қостанай, Павлодар облыстары.

Қалған өңірлердің бәрі "жасыл" аймақта

Қазақстанда өткен тәулікте 627 адамнан коронавирус инфекциясы ПТР арқылы анықталды.

@sputnik_aitady
52 viewsedited  04:06
Ашу / Түсініктеме
2022-02-20 15:23:40 Бүгін Бейжің Олимпиадасының жабылу салтанаты өтеді

@sputnik_aitady
29 views12:23
Ашу / Түсініктеме
2022-02-20 13:41:15 Еуразия ұлттық университетінің тұңғыш ректоры дүние салды

Тарих ғылымдарының докторы, профессор Амангелді Құсайынов 80 жасқа қараған шағында өмірден өтті. Бұл туралы Еуразия ұлттық университетінің проректоры Дихан Қамзабекұлы хабарлады.

@sputnik_aitady
50 views10:41
Ашу / Түсініктеме
2022-02-18 16:12:49 Қазақстанда сот шешімімен үш университет жабылды

Олар:

Орталық Азия университеті (Алматы)

Ақтау гуманитарлық-техникалық университеті (Ақтау)

"Астана" университеті (Нұр-Сұлтан)

Бұл жоғары оқу орындары "Атамекен" ҰКП жүргізетін білім бағдарламалары рейтингінде үнемі төмен позициядан көрініп келген.

Университеттердегі білім бағдарламаларының дені жұмыс берушілердің талабына сай келмеген және студенттер арасында да сұранысқа ие болмады.

@sputnik_aitady
52 viewsedited  13:12
Ашу / Түсініктеме
2022-02-18 15:05:24 Pfizer вакцинасы сатылмайды – денсаулық сақтау министрлігі

Денсаулық сақтау вице-министрі Жандос Бүркітбаев коронавирусқа қарсы Pfizer вакцинасы неліктен ақылы түрде салынбайтынын түсіндірді.

"Өкінішке қарай, Pfizer бізге ақылы вакциналауға рұқсат бермей отыр. Компания екпені алып сату жағдайлары көбейіп кетеді деп санайды. Ал денсаулық сақтау министрлігі мен Pfizer компаниясы арасындағы келісімшарт бойынша жанама алып сатуға тыйым салынған. Сол себепті ақылы вакциналау мүмкін емес деген шешімге келдік", - деді Бүркітбаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

@sputnik_aitady
65 views12:05
Ашу / Түсініктеме
2022-02-18 14:01:03 Флешкасын жоғалтып алған: қазақстандық банкке 47 млн теңге қарыз екенін білді

Қызылорданың 50 жастағы тұрғыны Жанабай Махамбетов былтыр күзде флешкасын жоғалтып алған. Оның телефонына күніне кредит алуға өтініш берілгені жөнінде ондаған хабарламалар келген.

Осыдан кейін алаяқтар Қазақстан банктері қауымдастығы киберқауіпсіздік бойынша техникалық бөлім қызметкерлеріміз деп қоңырау шалады. Олар бөтен адамның атынан банктен кредит алатын алаяқтарды ұстау үшін қажет деп мәлімдеген. Осылайша өтінімді растауға көндіреді.

Қызылордалық "қылмыскерлермен күресуге" көмектескен, алайда өзі алаяқтардың құрбаны болды. Нәтижесінде үш адамға ақша аударылған.

Полиция бұл істі тергеп жатыр, енді банктер одан несиені қайтаруды талап етуде.

@sputnik_aitady
69 views11:01
Ашу / Түсініктеме
2022-02-18 11:47:12 Қаңтар трагедиясы: көз жұмған және жарақат алған балалардың саны жарияланды

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сәйкес, үш өңірде кәмелет жасқа толмаған балалар зардап шекті.

"Алматыда екі бала оқтан қаза тапты. Бұдан бөлек, жеті бала оқ жарақатымен ауруханаға түскен. Алматыда – төртеу, Алматы облысында екеу және Жамбыл облысында бір бала", - деп атап өтті Байсеркин.

Сондай-ақ төтенше жағдай кезінде Алматы облысында бір жүкті әйел газ шашқан кезде зардап шеккен.

@sputnik_aitady
30 views08:47
Ашу / Түсініктеме