Get Mystery Box with random crypto!

Шылғау

Telegram арнасының логотипі shylgau — Шылғау Ш
Telegram арнасының логотипі shylgau — Шылғау
Арна мекенжайы: @shylgau
Санаттар: Telegram
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1.59K
Арнадан сипаттама

Далбайоптандырылмағандықтарыңызбен!

Ratings & Reviews

1.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

1


Соңғы хабарлар 2

2022-08-24 15:36:47 Осы жылы әскер қатарындағы жас жауынгерлердің өз өзіне қол жұмсау оқиғасы жиілеп кетті. Білмеймін жарыққа шыққаны қанша, бірақ елге жария болмаған өлім одан точно көп.

Осыдан екі жыл бұрын ау деймін, бір досым армияға барып келді. Борышын Қарағандыда өтеді. Сол айтады "Блә, армияда шынымен өлгің келеді. Түнде қарауылға шыққанда екі оқ береді, неше рет таңдайыма салып тұрып басып қалғым келді. Қинап жібереді. Амалың таусылады. Қысым, ұрып соғу деген көп. Намысыңды жер қылған кезде өліп құтылғың келеді." дейді.

Ептш, біздің армия баяғыдағыыы өз заңымен әлі жүріп келеді. Әлі сол система. Ұрып-соғу, ақша бопсалау, әлімжеттік. Қырық жыл бұрын қандай қазірде дәл сондай. Өзгерген жоқ. Бірақ, қырық жылда адам өзгерді. Психология өзгерді. Бәлки, шынымен біз психикасы әлсіз ұрпақпыз. Әйтеуір бұрынғы системадағы "әскери тәртіп" бүгінгілерге жарамайды. Біз сынып кете саламыз. Морт сынамыз.

Әсери органдарға реформа керек. Олсыз бұдан да көбірек өлім болады. Комиссия бармайтын "жердің көтіндегі" әскери бекеттер бар. Ол жерде тіптен қиын. Заң да, "Құдай да" өздері. Ол жердегі қысымға өмірі төрт қабырғада өткен, біреудің жалғызы, еркесі қайдан шыдасын?!

Әрине, қаталдық керек. Себебі ол армия. Бірақ мынандай емес. Бұл тым ескі жүйе. Бұл басқа поколениенің ұрпағына арналған система. Бұған бүгінгінің баласы шыдауы қиын.

#қыртқан
976 views12:36
Ашу / Түсініктеме
2022-08-24 09:34:33 Әлі күнгі мақтанышымыз – «ата-бабамыз аттан түспеген жаугершіл болған» деген дақпырт атақ. Ақындарымыз әлі күнге дейін соны жырлайды. Әлбетте Доспамбет, Махамбет секілді тарихи феномендер болған.

Алайда бүгінгі таңда әкімнен алған пәтердің есігін іштен жауып алып, «мен көк бөрімін!» деп өлең жазу маған күлкілі секілді.

Cіздер Шыңғыс ханды дәріптесеңіздер, онда Гитлер де керемет. Онда Наполеон да, Сталин де керемет. Егер Сіздер адамның ұлылығын оның парасатымен, ізгілігімен емес, тек жаулап алу құдыретімен өлшесеңіздер, онда Шыңғыс ханға табынасыздар. Бірақ, Шыңғыс ханға табынған қоғам ешқашан ізгілікті қоғам болмайды.

Қоғамды бұзатын – Шыңғыс ханды қазақ қылғысы келетін жазушылар, тарихқа араласатын көріпкелсымақ депутаттар мен сенаторлар, руын дәріптеп, азғантай тобырға көсем болғысы келетін алаяқтар.

Қорқақ адамның барлығы билік басындағы біреудің қара күшін пір тұтады. Біреуге зорлық-зомбылық жасаған адамды керемет көреді.

Қазақтың аңызында, фольклорында Шыңғыс хан туралы бірде-бір жағымды сөз жоқ. Оны ойлап тауып жүрген кейінгі сауаты шамалы, комплекстары бар жазушылар.

Сен, мысалы, пәтер алу үшін президентті мақтадың не, немесе атақ алу үшін министрді мақтадың не, әкімді мақтадың не – өзіңнің руыңды, ұлтыңды мақтау тура сондай жағымпаздық.

Руханият деген бұл тек философия мен әдебиетте айтылатын нәрсе емес… Руханият деген сіздің жұмысқа тамыр-таныссыз орналасу мүмкіндігіңіз, сотқа барып әділ шешім табу мүмкіндігіңіз. Ойыңыздағыны ашық айтып, қорықпай өмір сүру хақыңыз.

Парасат біреу ғана. Бұл – адамзаттың озық ойы, ғылым, білім және өркениет. Дарвинның эволюция теориясын жоққа шығаратын ортада парасат жоқ. Дәйексіз соқыр сенім, нанымға негізделген ортада парасат жоқ. Ұлтшылдыққа, идеологияға уланған ортада парасат жоқ.

Алаяқтар ештеңеден қорланбайды. Үндемей өз есебімен күнелтуден де, өтірік мақтау-мадақтаудан да, жалған есеп беруден де арланбайды. Керісінше, олар сол бір айлакерлігін асқан ақылдың, даналықтың белгісі деп санауы мүмкін.

Мен арабтардың бай мемлекет екенін мойындаймын. Бірақ оларды дамыған мемлекет деп есептемеймін. Дамыған қоғам деп есептемеймін. Өйткені, дамудың алдыңғы шарты – демократия, сөз бостандығы, ғылымның дамуы. Бұлардың ешқайсы араб әлемінде жоқ. Сондықтан олар керемет сүйсінетін ел емес.

Дін бар жерде ғылым дамымайды. Ешқашан. Өйткені, ғылым деген – ізденіс. Дін деген – догма. Сондықтан дін бар жерде ғылымның дамуы мүмкін емес.

Біз әдетте Әл-Фараби мен Авиценнаға, Бируни мен Ұлықбекке ислам әлемінің ғалымдары деген атау тағып қоямыз. Бұл дұрыс емес. Өкінішке қарай, дін мен ғылымның қатар дамуы мүмкін емес. Дін – әрдайым ғылымға салынатын ауыздық.

Әл-Фараби секілді, Эйнштейн секілді, ибн Синалардың барлығы – дін тарапынан жасалған зорлық-зомбылыққа қарамастан, осы ғылымды дамытқан адамдар. Бәрі – көзі тірі кезінде қуғын-сүргін көрген адамдар. Жордано Брунолар сол үшін отқа жанған. Сондықтан адамзаттың ең үлкен қаһармандары – біз айтатындай, батырлар, басқалар емес, ғалымдар.

Діндар емес, зайырлы, ұлтшыл емес, толерантты, патриоттарынан либералдары басым, сол дәуірдің озық технологияларына қол жеткізген, ғылымы мен өнері жетілген қазақ тілді қоғам көргім келеді.

Біз өзімізді рухани бай халықпыз деп мақтағанды жақсы көреміз. Батыс елдерін рухани азғын дейміз. Алайда жемқорлықтың көкесі оларда емес, бізде.

Тұлғадан «культ» жасау, көсем іздеу, жеке басқа табыну – дамымаған қоғамның бәріне тән.

Дархан Әбдік
1.2K views06:34
Ашу / Түсініктеме
2022-08-23 16:59:34 Біз жақын болсақ та, екеуміз бірдей деген сөз емес. Арамызда қыл өтпестей тату болсақ та, әртүрлі бола аламыз.

Біз жақын болсақ та, үнемі сенің айтқаныңды істейді деп ойлама. Пікіріміз алуан түрлі болсын, бірақ сыйластығымыз ажырамасын.

Біз жақын болсақ та, арамызда шекара мен ереже жоқ деген сөз емес. Достығымыз бекем болуы үшін ережеміз де сондай қатал болуы тиіс.

Біз жақын болсақ та, саған ашулана алмайды деп ойлама. Керісінше, бар өкпемді айтып алуға мүмкіндік бер.

Қазір жақын болып, ертең алыстап кетуіміз де мүмкін. Сол үшін әр сәтті бағалай білген жөн.

Сені жақын көріп жүріп те басқамен де жақсы дос бола аламын. Біз бір біріміздің иесі болатындай зат емеспіз.

Арамыз жақын болса да, сөзсіз түсінісе алмауымыз да мүмкін. Сол себепті бәрін айтып, ортаға салуымыз керек.

Біз жақын болсақ та, тағдыр мен бақыт үшін жауап бермейміз. Әркімнің өз бағы бар. Құлыптаулы жатқан құпиямызды да бөлісе алмауымыз мүмкін.
Мен сені қазіргі күйінде жақсы көремін. Еш себепсіз, жай ғана өзін болғанын үшін.

 Авторы: Аглая Датешидзе
Аударған: @kiyeliapke
762 views13:59
Ашу / Түсініктеме
2022-08-23 07:29:52 Көшпелі заманда да бір ауылда бір "Құдайдың еркесі" болатын.

Жындыбас, тентек, есерсоқтау ондайдың ұсақ түйек айыбына көз жұматын. Өз тентегіміз ғой "бір тентектің еркелігін көтере алмасақ несіне елміз!" дейтін де қоятын.

Бүгін әкең Мұрат Әбділда жетпей отыр. Аказца ол да бір жүрген "Құдайдың еркесі" бопты ғой. Сапылдаған сөзінен басқа қар-зәрі жоқ міскін. Өзімен өзі "еліне еркелеп" жүрген сол бейбақты ноқта-жүгенін сыпырып өз еркіне жібергені дұрыс еді. "Жынды" деп мүсіркей күлсең де өз орны бар "елдің ерке шолжаңы" еді.

Кеткесін ғана ол қылжақбайдың да орыны бары білінеді.


#мұраттысағыныштолғауы
1.4K viewsedited  04:29
Ашу / Түсініктеме
2022-08-22 17:04:58 «Маған сүйтсе, қайтер ем?» деп ойлашы,
Адамның баласы ғой ол да сендей".

Шәкәрім
1.2K views14:04
Ашу / Түсініктеме
2022-08-22 12:40:50 Солай солай, біздер профессионал емес универсал болуға тырысамыз
837 views09:40
Ашу / Түсініктеме
2022-08-22 11:29:40 Бізге профессионал болуға деген ұмтылыс жетіспейді. Электрик, сварчик Құдай-ау тағы не бар еді? Әйтеуір электроника, механика десек орыстар сенім тудырады. Солар кәсіби сияқты көрінеді. Неге олар сенімді көрінеді? Себебі, олар бір істі соңына дейін жеткізіп айналыса алады.

Біз бір күні электрик, ертеңінде механик, оның ертеңінде такси болып жүреміз. Олар өйтпейді. Қырық жыл болса қырық жыл бір іспен айналыса береді. Сондықтан олар бір істе кәсіби деңгейге жетеді. Сол үшін сенімді.

Екіншіден біз кәсіби маманға жүгінуді, оған тиісті ақысын төлеуді әлі үйренбедік. Кеше бөлеммен машинаның 2 мың теңге тұратын бір резинасын ауыстырдық. Мастерге барсаң жұмысы екі мың екан. Соны қимай, ютубтан қарап өзіміз істеген болдық. Ал бүгін 2 мың теңгені қимай, өзіміз істейміз деп 50 мың теңге шығынға қалдық. Еще ертеңге дейін күтіңдер деді мастер. Амал жоқ күтеміз.

Бізге кәсіби болуға ұмтылмақ керек. Өлсең өліп кет бірақ тұрақтылық қажет. Сол кезде құның да өседі. Сенімді маманға айналасың.

Екіншіден маманның еңбегіне сай ақысын төлеп үйрену керек. Қолыңнан келмейме, келетін адамға төлеуді үйрен.

Солай, Джони
1.0K views08:29
Ашу / Түсініктеме
2022-08-20 19:00:05 Каспиге рақмет. Когда ол блоктағанда пана болар жалғыз жер.

#хаха
1.0K views16:00
Ашу / Түсініктеме
2022-08-20 12:28:20 "Ер жігітке серуенде - серуен, сергелдеңде серуен."
1.0K views09:28
Ашу / Түсініктеме
2022-08-19 10:23:43 Ауылыңның қайыршысы да ыстық қой шіркін!

Біз мектепте оқып жүргенде жүретін орыс апа бар еді. Жаттанды бір ғана сөз. Қанша жылдан кейін бүгін көріп қалдым.

Кәдімгідей ыстық. Қайыршы болса да өзгелерден жылы көрінеді. Келмеске кеткен балалық күндердің бір белгісіндей...
1.2K views07:23
Ашу / Түсініктеме