Get Mystery Box with random crypto!

Біз жақын болсақ та, екеуміз бірдей деген сөз емес. Арамызда қ | Шылғау

Біз жақын болсақ та, екеуміз бірдей деген сөз емес. Арамызда қыл өтпестей тату болсақ та, әртүрлі бола аламыз.

Біз жақын болсақ та, үнемі сенің айтқаныңды істейді деп ойлама. Пікіріміз алуан түрлі болсын, бірақ сыйластығымыз ажырамасын.

Біз жақын болсақ та, арамызда шекара мен ереже жоқ деген сөз емес. Достығымыз бекем болуы үшін ережеміз де сондай қатал болуы тиіс.

Біз жақын болсақ та, саған ашулана алмайды деп ойлама. Керісінше, бар өкпемді айтып алуға мүмкіндік бер.

Қазір жақын болып, ертең алыстап кетуіміз де мүмкін. Сол үшін әр сәтті бағалай білген жөн.

Сені жақын көріп жүріп те басқамен де жақсы дос бола аламын. Біз бір біріміздің иесі болатындай зат емеспіз.

Арамыз жақын болса да, сөзсіз түсінісе алмауымыз да мүмкін. Сол себепті бәрін айтып, ортаға салуымыз керек.

Біз жақын болсақ та, тағдыр мен бақыт үшін жауап бермейміз. Әркімнің өз бағы бар. Құлыптаулы жатқан құпиямызды да бөлісе алмауымыз мүмкін.
Мен сені қазіргі күйінде жақсы көремін. Еш себепсіз, жай ғана өзін болғанын үшін.

 Авторы: Аглая Датешидзе
Аударған: @kiyeliapke