Get Mystery Box with random crypto!

Бізге профессионал болуға деген ұмтылыс жетіспейді. Электрик, | Шылғау

Бізге профессионал болуға деген ұмтылыс жетіспейді. Электрик, сварчик Құдай-ау тағы не бар еді? Әйтеуір электроника, механика десек орыстар сенім тудырады. Солар кәсіби сияқты көрінеді. Неге олар сенімді көрінеді? Себебі, олар бір істі соңына дейін жеткізіп айналыса алады.

Біз бір күні электрик, ертеңінде механик, оның ертеңінде такси болып жүреміз. Олар өйтпейді. Қырық жыл болса қырық жыл бір іспен айналыса береді. Сондықтан олар бір істе кәсіби деңгейге жетеді. Сол үшін сенімді.

Екіншіден біз кәсіби маманға жүгінуді, оған тиісті ақысын төлеуді әлі үйренбедік. Кеше бөлеммен машинаның 2 мың теңге тұратын бір резинасын ауыстырдық. Мастерге барсаң жұмысы екі мың екан. Соны қимай, ютубтан қарап өзіміз істеген болдық. Ал бүгін 2 мың теңгені қимай, өзіміз істейміз деп 50 мың теңге шығынға қалдық. Еще ертеңге дейін күтіңдер деді мастер. Амал жоқ күтеміз.

Бізге кәсіби болуға ұмтылмақ керек. Өлсең өліп кет бірақ тұрақтылық қажет. Сол кезде құның да өседі. Сенімді маманға айналасың.

Екіншіден маманның еңбегіне сай ақысын төлеп үйрену керек. Қолыңнан келмейме, келетін адамға төлеуді үйрен.

Солай, Джони