Get Mystery Box with random crypto!

Шылғау

Telegram арнасының логотипі shylgau — Шылғау Ш
Telegram арнасының логотипі shylgau — Шылғау
Арна мекенжайы: @shylgau
Санаттар: Telegram
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1.59K
Арнадан сипаттама

Далбайоптандырылмағандықтарыңызбен!

Ratings & Reviews

1.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

1


Соңғы хабарлар 5

2022-07-26 09:21:55 Болат Назарбаев сау күнінде көрінбей енді неге көріне қалды деп ойлайсыңдар?

Неге бір апта бұрын оның "ауыр хәлдегі" суреттері интернетке шығып кетті? Неге бір аптадан кейін үйінде журалистер жүр?

Сантехник? Неге "дәл осы күйінде" елдің алдына шыққсы келді екен?

#нететінсөздер
597 views06:21
Ашу / Түсініктеме
2022-07-26 07:10:22 ... Қырдың бір де бір батыры Мұхаммедтің кім екенін жете білген жоқ десе де болады.Ұзынқұлаққа қарағанда,Орта жүздің атақты сұлтаны Барақ (1749жылы қайтыс болған) «О, Мұхаммед! Алладан басқа құдай жоқ.Ал Мұхаммед пайғамбар оның елшісі» деп татар мен бұқар молдалары қайта-қайта қақсай берген соң,сол сөздің мәнісін білейін деп "Татарлар мен сарттар Мұхаммед,Мұхаммед деп сарнайды да отырады.Зайыры,оның өзі пысық жігіт болған-ау!" депті дейді.Ал қазіргі жағдай мүлде басқаша.1822ж алғашқы округтер ашылғаннан бері ислам діні үкіметтің қамқорлығы арқасында қарыштап алға басты.Әрбір ауылда молда және жылжымалы медресе-мектеп бар.Кімде-кім отыз күн ораза ұстап,бес мезгіл намазын оқымаса,туысқандарының қадір-құрметінен айырылады.Бір сөзбен айтқанда,қыр қазағы фанатизм жөнінен Мавлеви әулетінен шыққан стамбул биші дәруіштерінен кем түспейді.
Қырдағы жаңа діни бағыттың болашақта қайыры болып,оңғарылып кетуін бір құдай біледі.Далалықтарды бұрынғы наным-сенімінде қалдырған теріс болмас та еді.Қазақтар қырдың қызыққұмар ұлы сияқты ислам дініне басымен сүнгіп кетті.Енді құранға қайшы келетіннің ешқайсын да ілтипатқа алмайды.Ән-күйлер,ежелгі жыр-дастандар,әйел затының бостандық жолындағы күресі,олардың көпшілік жиын-тойға қатысып,ойын-сауық қызықтауы бұрынғыдай емес,күнделікті тіршіліктен ысырылып барады.Әйелді босағадан аттап бастырмауды белсене жақтайтын өрекпілер де табылды.Сондықтан киіз үйге қамалған бейшаралар жарық дүние мен өткен-кеткенге көз салу үшін туырлықты тесіп қарайтын болды.Әйелдердің қазіргі жағдайы осындай.Тыйым салынған жемісті қашан татып,дәмін алғанша олардың осылай азап шегіп,қайғы жұта берер сыңайы бар.Қариялар әсіре жаңалыққа реніш айтады.Әйелдер іштей олардың пікірін құптайды.Жастар көбінесе үйленгенге дейін әрі-сәрі болып бұрынғы күнін көксейді.Ал үйленіп алған соң-ақ тәубасына келіп,ежелгі әдетіне басады.Алланың құлы,пайғамбардың үмбеті деген өсиет-уағыз айдалада қалады.Сондықтан қазақтарды бұрынғы қалпында қалдырса болар ма екен?Олардың табиғи таланты-табандылығы,алғыр ақыл-ойы.Өз қарекет-қимылында сенімнің бұлжымас тірегіне айналған бұл қасиеті дінге келгенде күл-талқан болады.Сондықтан да бұқараның алға басуы байқалғанымен де,олардың кейбірі қарама-қайшы бағытта кері жүріп келе жатқан сияқты...

...Таяуда ғана барымталап қазақтардан мал айдап әкелетін ноғайлар мен башқұрттар да осы кепті киіп,татарланып барады.Қырдың атақты күйшілері-башқұрт сыбызғышылары бұрынғыдай жыр жырлап,батырлардың ерлігі туралы тыңдап,таң-тамаша болып,көзден жас парлатпайтын болды.Бұрынғыдай Алтын орданың құлауын ешкім жоқтап жырға қоспайды.Осымен олардың ерлігі тәмамдалды.Қазақтар да өзгеріп барады.Қарақалпақ тайпасы құрып бітуге айналды.Татарлардың көне салт-дәстүрі құлдырап құлап,жер бетінен мүлдем жойылып кетуге жақын."Бәрі де алланың ісі.Барлығымызды да құдай жаратқан,соған қайтып оралуымыз керек" дейді...

...От әулие киелі болып саналады...Ошақтағы отты басуға немесе түкіруге болмайды.Қарғыс ұрады...

...Аруақ - ата баба рухы,басқа қиын-қыстау күн түскенде,жан қиналғанда: "Аруақ қолдай гөр,қолтығымнан жебей гөр!"деп айтады...

...Тіршіліктің ішкі-сыртқы жағдайларын жақсартуға талпыну адам баласына тән нәрсе...

...Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет...

...Тек ақиқат білім ғана күдік туғызбайды, ол өмірді бағалауға, тұрмыс құруға үйретеді...

...Дүниеде әділдік пен адалдықты ту еткен адамнан артық ешкім жоқ...

Автор : Шоқан Уәлихан (1835-1865). Қазақтың ұлы ғалымы, XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі, шығыстанушы, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы...

Кітаптан ғаламторға көшірген Aibol Saparbek.
640 views04:10
Ашу / Түсініктеме
2022-07-25 13:47:45 - Сізге жыным келіп отыр
- Не болды?
- Түнде түсімде маған ұрысып жаттыңыз

#пысылдақ
404 views10:47
Ашу / Түсініктеме
2022-07-25 06:41:45 Назарбаев заманын көрген сендер бақыттысыңдар. Ертең ұрпағыңа баста дәурен тұрмайтынын, түкірігі жерге түспейтіндердің де бір күні тоз тозы шығып құм талақайы шығатынын живой примермен айтып бересіңдер.

#нететінсөздер
107 views03:41
Ашу / Түсініктеме
2022-07-25 06:38:21 Қаңтардан кейін Тоқаев PR аз емес. Алдымен ел ішіндегі абройын көтеріп алғысы келеді ау?!

#нететінсөздер
110 viewsedited  03:38
Ашу / Түсініктеме
2022-07-25 06:21:03 Тоқаевтың қажылығы Ресейден бір қадам алыстап, Әмрикаға бір қадам жақындауға ниетінің көрінісі болуы бек мүмкін.

#нететінсөздер
139 views03:21
Ашу / Түсініктеме
2022-07-24 22:36:14 Қасым-Жомарт қажы Кемелұлы Тоқаев

#хаха
359 views19:36
Ашу / Түсініктеме
2022-07-21 22:57:26 Хит әндерді іздеу
457 views19:57
Ашу / Түсініктеме
2022-07-21 07:41:54 Әйтеуір бір жақсылығым өткен. Соның сыйы - ол.
17 views04:41
Ашу / Түсініктеме
2022-07-19 14:20:52 - Уатсаптан ашуың басылғасын блоктан шығардың ба?
- Жоқ, әлі ашулымын, сіз каспиден жаза бергесін ақшаңызды аядым.

#пысылдақ
20 views11:20
Ашу / Түсініктеме