Get Mystery Box with random crypto!

Осы жылы әскер қатарындағы жас жауынгерлердің өз өзіне қол жұм | Шылғау

Осы жылы әскер қатарындағы жас жауынгерлердің өз өзіне қол жұмсау оқиғасы жиілеп кетті. Білмеймін жарыққа шыққаны қанша, бірақ елге жария болмаған өлім одан точно көп.

Осыдан екі жыл бұрын ау деймін, бір досым армияға барып келді. Борышын Қарағандыда өтеді. Сол айтады "Блә, армияда шынымен өлгің келеді. Түнде қарауылға шыққанда екі оқ береді, неше рет таңдайыма салып тұрып басып қалғым келді. Қинап жібереді. Амалың таусылады. Қысым, ұрып соғу деген көп. Намысыңды жер қылған кезде өліп құтылғың келеді." дейді.

Ептш, біздің армия баяғыдағыыы өз заңымен әлі жүріп келеді. Әлі сол система. Ұрып-соғу, ақша бопсалау, әлімжеттік. Қырық жыл бұрын қандай қазірде дәл сондай. Өзгерген жоқ. Бірақ, қырық жылда адам өзгерді. Психология өзгерді. Бәлки, шынымен біз психикасы әлсіз ұрпақпыз. Әйтеуір бұрынғы системадағы "әскери тәртіп" бүгінгілерге жарамайды. Біз сынып кете саламыз. Морт сынамыз.

Әсери органдарға реформа керек. Олсыз бұдан да көбірек өлім болады. Комиссия бармайтын "жердің көтіндегі" әскери бекеттер бар. Ол жерде тіптен қиын. Заң да, "Құдай да" өздері. Ол жердегі қысымға өмірі төрт қабырғада өткен, біреудің жалғызы, еркесі қайдан шыдасын?!

Әрине, қаталдық керек. Себебі ол армия. Бірақ мынандай емес. Бұл тым ескі жүйе. Бұл басқа поколениенің ұрпағына арналған система. Бұған бүгінгінің баласы шыдауы қиын.

#қыртқан