Get Mystery Box with random crypto!

Шылғау

Telegram арнасының логотипі shylgau — Шылғау Ш
Telegram арнасының логотипі shylgau — Шылғау
Арна мекенжайы: @shylgau
Санаттар: Telegram
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1.59K
Арнадан сипаттама

Далбайоптандырылмағандықтарыңызбен!

Ratings & Reviews

1.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

1


Соңғы хабарлар 9

2022-07-02 12:44:42 Естігенім.

Қарақалпақ деген ұлт жоқ. Бәрі қазақ. Кезінде қуғын сүргін уақытында үдере көшкен байлы ауылдар сол өлкеге барып мекен еткен-міс.

Мал баққан. Біріншіден күн ыстық. Екіншіден ел көзден жасырыну үшін қалпақты (шляпаны) басып киеді екен. Содан қарақалпақ атанып кетті дейді.

Бүгін екіншісін естідім. Оның бәрі қазақ. Қазақтың барлық руы бар тек қалпақ үйсін қалпақ қаңлы деп аталады дейді.

#өтірікшыныаралас
590 views09:44
Ашу / Түсініктеме
2022-07-02 12:36:20 Әдемі адамдардың – бітпейтін комплексі бар. Таланттылар – үнемі шығармашылық тоқырауда жүреді. Ақылдылар – шегі жоқ күдікте өмір сүреді.
447 views09:36
Ашу / Түсініктеме
2022-07-02 12:29:56 Өткенде атам "Кезіндегі шалдардың көргені, басынан өткен тауқыметі көп болды ғой. Содан болар айтары да көп болды. Аштықты айтады, қуғын сүргінді айтады, босып кеткен елді айтады. Жата жастанып таусылмайтын әңгіме көп еді ғой.

Кей шалға әңгіме айт десең "Естігенім көп, көргенім аз. Не айтайын, естігенімді айтайын десем, көзбен көрмегемін өтірік болады. Көргенімді айтайын десем қойдың көтінен еріп өткен өмірдің несін айтам" дейтін.

Көргені көп адамның кеңесі де тұшымды болады. Сөздері де мәйекті болады. Біз не көрді ғой дейсің...." дейді.

Неге мынаны ішпедім, неге ананы жемедім, осыны кимедім деп ойлау наданның ісі болса керекті.

Өмір ондай құндылықтардан биігірек.

Жақсыға ұмтылмақ керек. Тек өміріңнің бар мәні ішу мен тышудың арасындағы тура жол болмасын.

Жүр. Сезін. Жақсыны білмекке ұмтыл. Үйренбекке талпын.

Сол кезде ғана есті адамға айланбақсың. Сол кезде ғана қоғамда өз орныңды табасың.

Көшпен ілесіп, қосақ арасында көрінбей өткен өмірді қалай өмір демексің?!

Солай, Джони
623 views09:29
Ашу / Түсініктеме
2022-07-02 09:32:51 Өткенде сабын сатып алғам ғой. Таңдауға келгенде ойланбаймын. Әркез бір сабын аламын. Бірақ осы жолы сәл өзгеріс енгізгім келді. Екіншіден отандық өнім болғасын "Сұлу" деген бренд алғамын.

Бұрын қолыма арасында болмаса көп крем жақпайтынмын. Соңғы күндері күнде жағып жүрмін. Қолым тырысып қала ма бірнәрсе.

Жаңа сабынның сыртын оқысам "Боливия тұзы" деп тұр. Ол тағы не үшін екенін, жазбаған да. Бәсе, әкеңнің, жуынған сайын құрсысып қалам.

Осы сабынмен жуына берсем айдың соңына дейін копченный боп қалатын сияқтымын.

#хаха
574 viewsedited  06:32
Ашу / Түсініктеме
2022-07-02 09:12:13 80 мың киік ату керек деп жатыр ғой. Осыған бір имам пәтуа шығару керек. Типа это норма деп. Или биыл бірдеңе жыл санауының бәленпайыншы жылы қүрбандыққа киік шалу керек, белгісіз бір ғұлама (ойдан арабша ат құрастыра саласың) солай риуаят еткен деп.

Болды. 80 мың емес дүбиіптер киікті түбімен қыра салады. Главное пәтуа же.

#хаха
629 viewsedited  06:12
Ашу / Түсініктеме
2022-07-02 01:18:48 Бір күні бәріміз нетеміз. Нетпей қаламын деген онсызда жоқ. Сол неткен кезде "неге нетпедім?", "нені нетуім керек еді.." демес үшін, нете алатын мүмкіндігің бар кезде нетіп қалу керек.

#нететінсөздер
805 views22:18
Ашу / Түсініктеме
2022-07-02 01:12:31 Сен өмірді сүйді екен деп өлім күтіп тұрмайды. Істеп үлгер. Сүйіп үлгер. Жасап үлгер. Айтып үлер. Барыңды бағала. Шүкір ет.

Өмірдің бар болмысы осы ғана.
789 views22:12
Ашу / Түсініктеме
2022-07-01 23:39:55 Махаббат деген...бәлки, просто бар болу...
656 views20:39
Ашу / Түсініктеме
2022-06-25 01:16:03 Қарбаластар. Тоқтаусыз жолдар. Бір пойыздан түсіп екіншісіне асығып келемін. Тағы да жол.

Өзім Астанада тұрамын. Бірақ осы айда бір күнде болмаппын. Жолдар. Қалалар. Үлкенді кішілі 6 қала. Тек жолда 8 күн жүріппін.

Шүкір. Атың барда жер таны желіп жүріп...
1.1K views22:16
Ашу / Түсініктеме
2022-06-21 21:44:26 Бурабайда кешкі сағат сегізден кейін тек орманға дәрет сындыру керек деген заң бар сияқты. Барлық әжетханалар жабылып қалады екен.
232 views18:44
Ашу / Түсініктеме