Get Mystery Box with random crypto!

Шылғау

Telegram арнасының логотипі shylgau — Шылғау Ш
Telegram арнасының логотипі shylgau — Шылғау
Арна мекенжайы: @shylgau
Санаттар: Telegram
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1.59K
Арнадан сипаттама

Далбайоптандырылмағандықтарыңызбен!

Ratings & Reviews

1.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

1


Соңғы хабарлар 6

2022-07-18 10:18:54 Жек көру - қорқақ адамның орындалмай қалған кегі.

Бернард Шоу
119 views07:18
Ашу / Түсініктеме
2022-07-18 08:33:03 Мен шыдамсызбын, ал ол сабырлы. Мен көп сөйлеймін, ол тыңдағанды жақсы көреді. Мен ұмытшақпын. Ол "Шылғауға" өткен жылы жазғандарымды біледі. Менің есімде де жоқ.

#пысылдақ
268 views05:33
Ашу / Түсініктеме
2022-07-17 22:02:19 Құдай бәрімізге керек. (Менің ойымша). Сенімсіз өмір сүру өте қиын. Оны басына іс түскен адам түсінеді.

Қиналып, жәрдемді тек тылсымнан сұрайтын кезде Құдайды шын іздей бастайсың. Сол ғана жәрдем берерін түсінесің.

Бірақ... Сократ айтпақшы "Құдай бар және жоқ. Біреу және көп".

Құдай ол сенім. Сенген, тілеген адамға ол бар. Сенбейтін адамға ол жоқ.

Сенім деген ол тым әлсіз әрі сондай алып күш.

Сол үшін өз сеніміңді біреуге "пихатьтау" әсе дұрыс емес. Ақиқат жалғыз. Шындықтың өзі ауыспалы.

Біреудің сеніміне әсер ету оның өміріне әсер ету. Сол үшін абай болмақ керек.

Бәлки, сен шындық деп жүрген дүние шын емес. Сен сенетін Құдай басқа болса ше. Өзіңмен бірге өзгені де адастырмақсың.

Әркімнің Құдайы өз жүрегінде. Әрі оны өзі іздеп таппақ керек.( менің ойымша).

Бесіктен белі шықпай уағыз айту, пәтуа беру ол жақсы іс емес.

Сенің шындығыңды. Сенің сеніміңді басқалар қабылдауы міндет емес. Өз ішіңде болсын.

#иванғалия
668 views19:02
Ашу / Түсініктеме
2022-07-17 21:51:44 Өзін миссионер сезінетіндер расымен шаршатады. Ол сенің өміріңе рұқсат сұрамай ақ кіре береді.

Сенен ақылды. Себебі сен адасып жүрсің.

Оның ойынша тек ол дұрыс жолда жүр. Сені тура жолға салу оның міндеті. Себебі тек ол "шындықты" біледі.

Тек ол шын айтады. Сен бәрін теріс істеп жатсың.

#иванғалия
318 views18:51
Ашу / Түсініктеме
2022-07-17 21:45:46 Қаңтар ол "бір әулеттің" салған әлегі. Енді лаң салу ықтималдығы ең жоғары топ "қысқа балақтылар".

Қоғамға гейлерден қауіп келмейді. Фанатизмге берілгендер көбірек қауіпті.

#иванғалия
337 views18:45
Ашу / Түсініктеме
2022-07-17 21:39:00 Менің ештеңеге қарсылығым жоқ. Мәңгә расымен поқи. Но, түсініңдер біз Ауғаныстанға апарар жолмен кетіп барамыз.

Қоғамның, әсіресе ғылым қуар жастардың жаппай діндараз болуы ешқалай жақсылыққа апармайды.

#иванғалия
356 views18:39
Ашу / Түсініктеме
2022-07-17 21:32:06 Нұртас Адамбай менің құқығымды шектеп жатыр. Может мен гейі бар мультик көргім келетін шығар.

#хаха
581 views18:32
Ашу / Түсініктеме
2022-07-17 09:49:39 Кәстөм киетін жігіттер біліңіздер, ол кезіндегі голубойдың киімі болған. Тарихын оқыңыздар. Артындағы жыртықты тігіп, екі жанынан тілгізіп алыңыздар.


...дейді, бір дүмше молда.

#хаха
415 viewsedited  06:49
Ашу / Түсініктеме
2022-07-15 17:52:13 Менің екі-үш жыл бұрынғы посттарымнан үзінділерін өз суретімен уатсап статусқа қоятын кластасым бар.

Өте қызық сезім.
248 views14:52
Ашу / Түсініктеме
2022-07-15 10:26:37 Алты жасар бала бол, алпыс тағы ата бол, мейлі. Бәріне жылы сөз керек. Бәріне махаббат керек.

Бәріміз қамқорлыққа, махаббатқа мұқтажбыз.

Тек, кейде сол махаббатты, айтылуы керек жылы сөзді тиісті иесіне айтпай жатамыз.

Есейген сайын, басыңа үлкенді кішілі іс түскен кезде кімді сыйлауың керек екеніңді, кімге құрметпен қарау керек екенін түсінеді екенсің.

Бір кезде болды. Жұртқа жаққым келді. Соларға сыйлы болғым келді. Сол үшін жақсы көрінуге тырыстым. Туған бауыр, ағайын деген и так бар ғой. Олар қайда кетер дейсің деген сәл жымысқы ойлар болатын.

Ол кездерде еш туысыма жақсы көретінімді, олардың мен үшін орыны ерекше екенін айтпапын да. Білмеймін, неге? Бірақ салқын болдым. Олар мен сыйламасам а бар деп ойладым.

Уақыт түсіндірді, кім керек, кім сенің жанашырың.

Кешегі "братандар, жан достар, армандастар" ешкім жоқ. Мен жоқпын. Олар да жоқ.

Тек бауырларым, туыстарым бар. Солар ғана жанымда болды. Солар ғана қалымды сұрады.

Үй де, мейлі бүй де. Тек түсін, сен үшін бауырыңнан басқа шын жанашырың жоқ. Бауырыңнан басқа қалқаныңда да жоқ. Сүрінсең сүйейтін, жығылсаң аузыңа су тамызатын адам да солар.

Жылы сөз айт. Иесіне айт. Жақыныңа айт. Солар ғана. Қалғаны сен бар болсаң бар, сен жоқ болсаң олар да жоқ.

Солай, Джони
312 viewsedited  07:26
Ашу / Түсініктеме