Get Mystery Box with random crypto!

Көшпелі заманда да бір ауылда бір 'Құдайдың еркесі' болатын. | Шылғау

Көшпелі заманда да бір ауылда бір "Құдайдың еркесі" болатын.

Жындыбас, тентек, есерсоқтау ондайдың ұсақ түйек айыбына көз жұматын. Өз тентегіміз ғой "бір тентектің еркелігін көтере алмасақ несіне елміз!" дейтін де қоятын.

Бүгін әкең Мұрат Әбділда жетпей отыр. Аказца ол да бір жүрген "Құдайдың еркесі" бопты ғой. Сапылдаған сөзінен басқа қар-зәрі жоқ міскін. Өзімен өзі "еліне еркелеп" жүрген сол бейбақты ноқта-жүгенін сыпырып өз еркіне жібергені дұрыс еді. "Жынды" деп мүсіркей күлсең де өз орны бар "елдің ерке шолжаңы" еді.

Кеткесін ғана ол қылжақбайдың да орыны бары білінеді.


#мұраттысағыныштолғауы