Get Mystery Box with random crypto!

Сағат

Telegram арнасының логотипі sagat4 — Сағат С
Telegram арнасының логотипі sagat4 — Сағат
Арна мекенжайы: @sagat4
Санаттар: Блогтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 802
Арнадан сипаттама

Өмірім халқымдікі, өлімім ғана өзімдікі.
(Әйтеке би)
Уақытты САҒАТпен өткіз.

Ratings & Reviews

3.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 7

2022-07-02 02:55:21 “Уа, Раббымыз! Жәһаннам азабының бетін бізден ары қылғайсың! Өйткені, оның азабы шеті-шегі жоқ жантөзгісіз азап. Расында, жәһаннам – неткен жаман жай, неткен жаман тұрақ еді!” (Фурқан: 65-66)

#Бүгінгідұға
410 views23:55
Ашу / Түсініктеме
2022-07-01 21:07:08 Әрекетсіз дұға - садақсыз оқ, ал дұғасыз әрекет - оқсыз садақ.

Садақшы
Пауло Коэльо
400 views18:07
Ашу / Түсініктеме
2022-07-01 20:04:04 Өз миыңызбен таныса отырыңыз))

Ми қалай жұмыс істейді?


Басымыздағы басты мүшеміздің қалай жұмыс істейтінін бір ауыз сөзбен түсіндіріп беру мүмкін емес. Егер өзімізден «Ми қалай жұмыс істейді?» деп сұрасақ – «Компьютер сияқты жұмыс істейді» деген сияқты жауап қайтаруымыз мүмкін. Бұған таңғалудың да қажеті жоқ, себебі біз технологиясы дамыған дәуірде өмір сүріп жатырмыз және миды компьютермен байланыстыруға әбден болады. 
Алайда біз компьютер мен мидың мәліметті қабылдап, сақтауына қатысты жұмыс ұстанымдарының іргелі ерекшеліктерін оңай ұмытамыз. Компьютер еске сақтауға бұйрық берілген мәліметті ғана сақтайды. Ал мидың нені еске сақтап, нені естен шығару керек екенін басқара алмаймыз және оның еске сақтау қабілетіне билік жүргізе алмаймыз. Сондықтан да сіз бір әншінің бірнеше жыл бұрын естіп алған әнінің мәтінін еске түсіре аласыз да, қазір ғана жаттап алған мәліметті ұмытып қаласыз. 


Ми естеліктерді қалай жасайды?


Миымыз бен компьютердің екінші іргелі ерекшелігі мәліметтің қалайша қабылданып, қалайша игерілетінінде. Өз басымызда компьютердегідей ерекше тәртіппен, өз орындарында сақталған арнайы мәліметі бар файлдарды елестету оңай. Бірақ біз мидағы бір архивті ашып, оның ішінен қажетті мәліметті алып жатырмыз деп ойласақ қатты қателескеніміз.
Ғылымның айтып отырғаны да сол, жады – бұл біздің миымыздағы нақты бір нүкте емес. Бұл түрлі аймақтарында сақталатын белсенді жұмыстың нәтижесі. Егер біз белгілі бір жағдайдан хабардар болсақ, ол миымыздың бір нүктесінде ғана сақталмайды, мидың түрлі жерлеріне таралып, шашылып кетеді.  
Сонымен қатар, мидың мүмкіндігі шектеулі және осы проблеманы шешу әзірше мүмкін болмай отыр. Ғалымдар «адам баласы бір дегенде мәліметтің бес-жеті үзігін ғана еске сақтай алады» дейді.

#IQ
408 views17:04
Ашу / Түсініктеме
2022-07-01 05:23:05 “Кім таза ықыласпен Ислам жолында қызмет еткісі келсе, Жаратушы Жаббар Ие оны сол ниетіне жеткізсін”.

(Сәйид Абдулхаким Хусейни)

#Бүгінгідұға
423 viewsedited  02:23
Ашу / Түсініктеме
2022-06-24 05:09:36
226 views02:09
Ашу / Түсініктеме
2022-06-24 05:08:55 “Уа, Аллаһ тағалам! Бізді адам қылып жаратқан һәм кемелдікке жеткізген Өзіңсің. Саған сансыз шүкірліктер болсын”.

#Бүгінгідұға

Жұма мүбәрәк болсын!!
227 viewsedited  02:08
Ашу / Түсініктеме
2022-06-23 16:23:56 Шіркін, сол кездің әйелдері-ай! Азамат орнына азамат та болды. Ақыл-ес айтар ақылман да болды. Отқа да түсті, суға да түсті. Бірақ бүк түсіп, белі сынбады. Егер олар сынғанда, елде ешкім қалмас еді.


Ай мен Айша


Соғыс жылдарындағы нәзік жандылардың ерліктері ұшан теңіз екендігін қай жазушы болса да тебірене баяндайды.


Қазір өз жолдастарына қол көтеріп, соққыға жығатын еркек емес ездерді, сол кісілердің қолына берсе белін үзер ме еді деп қоям!

@kozkarasdep
85 views13:23
Ашу / Түсініктеме
2022-06-23 05:49:47
«Қыздарыңызға ашуланып, ренжімеңіздер, өйткені олар қымбатты, мейірімді».

(Набит бин Шурайттан Дилми риуаят еткен).

@kaatib0
185 viewsedited  02:49
Ашу / Түсініктеме
2022-06-23 05:47:14 Бүгінгі сіздерге тапсырма

Ерінбей, мына 20 бетке жетпес кітапты оқып шығыңыз.

#Біліпжүр
186 viewsedited  02:47
Ашу / Түсініктеме
2022-06-23 05:44:41 “Уа, Аллаһ тағалам! Жүрегімді өзіңнен келген қуанышпен толтыр, тілімді өзіңді еске алумен тазарт, дене-мүшелерімді өзіңнің жақсы көрген және ұнатқан істеріңде қолдануды нәсіп еткейсің”.

(Жунейд-и Бағдади)

#Бүгінгідұға
179 viewsedited  02:44
Ашу / Түсініктеме