Get Mystery Box with random crypto!

Сағат

Telegram арнасының логотипі sagat4 — Сағат С
Telegram арнасының логотипі sagat4 — Сағат
Арна мекенжайы: @sagat4
Санаттар: Блогтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 802
Арнадан сипаттама

Өмірім халқымдікі, өлімім ғана өзімдікі.
(Әйтеке би)
Уақытты САҒАТпен өткіз.

Ratings & Reviews

3.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 10

2022-06-16 06:42:09
Ассаламу Алайкум

Пайдалы программа AnkiDroid

Кез келген салада,сөз жаттауға арналған. Күнделікті карточка арқылы.

Сөзді қайталау уақытын өзіңіз белгілейсіз. Тіл үйренуде көп көмек береді.
237 views03:42
Ашу / Түсініктеме
2022-06-16 06:41:58 Ағылшын тілін үйренуге қатысты мен білетін бірнеше пайдалы кеңес.

(мен қолданатын емес, білетін )

Ankidroid деген приложение, өзіңізге қажетті кез келген тіл, болмаса басқа да мамандық сөздігін күнделікті норма белгілеу арқылы жаттап отыра аласыз.

Ең тиімді жерлерінің бірі

Бүгін өткен сөздердің ауырлық деңгейіне байланысты, қайта қайталау уақыт арақашықтығын өзіңіз белгілейсіз.

English with Student каналы

@englishwithstud

Бұл каналда орысша мен ағылшынша сөздер араласқан мәтіндер беріледі. Кейін сөздер бойынша тест алынып, біраз уақыттан соң мәтінді екі тілде толық жазылған нұсқада жібереді. Және дұрыс оқылу аудиосы да келеді.

Өз қатеңізді тексеріп, сөздерді нақтылау үшін. Бұл каналда сіз ағылшын тілі бойынша есту, оқу, түсіну қабілетіңізді жақсы арттыра аласыз.

Бастама кезең үшін жеткілікті ақпарат . Мұның өзі біраз күшпен, ерік жігерді талап етеді. Менің қолданбайтын себебім, қазір тіл үйренуге фокус қойып жүрген жоқпын. Бірақ ойлап жүрген бастапқы қадамым осы. Сізде біліп жүрсін деп бөлісіп жатырмын.

#Біліпжүр
220 viewsedited  03:41
Ашу / Түсініктеме
2022-06-16 05:12:52
Жүрек қаншалықты жылдам соғуы мүмкін?

Ол біздің денеміздің сұранысын қай дәрежеде орындай алады?

Ең жоғары қысым кезінде жүрек соғу жиілігі минутына 220 соққыға дейін жетуі мүмкін. Егер дәл осы пульс бір минут бойы сақталса, жүрек 40 литрге жуық қанды айдап үлгереді.

Дегенмен, минутына 220 жүрек соғысы - бұл өлім қаупі бар өте маңызды шек.

#PQ

@human_1piece
226 viewsedited  02:12
Ашу / Түсініктеме
2022-06-16 05:09:26 “Уа, Раббым! Мені және бауырымды кешіріп, бізді өз мейіріміңе бөле. Сен мейірімділердің ең мейірімдісісің”.

(Хазірет Мұса (а.с))

#Бүгінгідұға
219 viewsedited  02:09
Ашу / Түсініктеме
2022-06-15 21:08:38 Бүгін ешқандай пайдалы жазба болмады. Кешірім сұраймын.

Бөлісетін бір жазба бар.

Бұл менің инста парақшама сілтеме

https://z-p42.www.instagram.com/ruslan.rustemuly/?hl=ru

Маған тіркелудің қажеті жоқ. Тек менің "подписки" бөліміндегі адамдарға тіркелсеңіздер болады. Бәріне емес. Ол жерде түрлі тақырыптағы парақшалар. Таңдап керегін аларсыз.

Тағы да ескертемін. Маған тіркелудің қажеті жоқ. Ол жақта мүлде активный емеспін.


Қайырлы түн!!!
261 viewsedited  18:08
Ашу / Түсініктеме
2022-06-15 05:12:54 “Уа, Раббым! Өзіңнің Жамалыңнан басқа нәрсе үшін көздерді ұйқыдан қалдыру қандай өкініш әрі Өзіңді жоғалту үрейінен басқа мақсатпен жылау нендей бекершілік!”

(Имам Ғазали)

#Бүгінгідұға
85 viewsedited  02:12
Ашу / Түсініктеме
2022-06-14 18:21:47
Мынау тағы да сол макрофаг

Денеңіздегі керемет

Жалбырағы бар жасыл микроорганизмдер ішек таяқшасы болып табылады. Оларды белсенді түрде қуып келе жатқан үлкен және жеңіл жасуша - макрофаг. Олардың ағзадағы міндеті - бөтен бөлшектерді жою.

Бірақ олар тек бактерияларды ғана емес, сонымен қатар вирустарды, өлі жасушалардың қалдықтарын, улы бөлшектерді және денедегі «біздікі емес» басқа жасушаларды жойып жүреді.

Айтпақшы, "макрофаг" сөзбе-сөз аударғанда жегіш деп аударылады Өте орынды есім.

Құдайдың сіздің денеңізге салған кішкене махаббаты. Бәрі сіздің қамыңыз.

#Махаббатпенжаратқанадамзатты

@human_1piece
150 viewsedited  15:21
Ашу / Түсініктеме
2022-06-14 18:20:50
Сау эритроцит және оның «зейнеткер» әріптесі

Жас эритроцит жеткілікті дәрежеде серпімді, сол үшін тамыр «тесігінен» өтуге қабілетті. Ал 120 күн (эритроциттің өмір сүру ұзақтығы) өмір сүрген қарияның енді бұған шамасы келмейді.

Ол қабат бетінде қалады да, оны макрофаг тауып алады . Себебі ескі жасушалар пайдасыз жасушалар.

#Махаббатпенжаратқанадамзатты

@human_1piece
144 viewsedited  15:20
Ашу / Түсініктеме
2022-06-14 06:35:43 “Уа, жомарттық Иесі, Раббым! Өзіңнің рақым есігіңді қайта келіп қағып тұрмын. Қолымды бос қайтармайтыныңа сенімім мол”.

(Фәридуддин Аттар)

#Бүгінгідұға
77 viewsedited  03:35
Ашу / Түсініктеме
2022-06-13 17:24:49 Тағдырдың жазуымен мәңгі тұтқынға түскен жүректің зар-мұңын, арзу-арманын Тәңірім болмаса, пешенелі пенде қауымы қайдан ұға қойсын, тәйірі....

Бір тамшы көздің жасындай
Исраил Сапарбай
189 views14:24
Ашу / Түсініктеме