Get Mystery Box with random crypto!

Сағат

Telegram арнасының логотипі sagat4 — Сағат С
Telegram арнасының логотипі sagat4 — Сағат
Арна мекенжайы: @sagat4
Санаттар: Блогтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 802
Арнадан сипаттама

Өмірім халқымдікі, өлімім ғана өзімдікі.
(Әйтеке би)
Уақытты САҒАТпен өткіз.

Ratings & Reviews

3.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 2

2022-08-01 15:56:48 Жебе - сабақшының қолымен жүзеге асатын, нысанаға бағытталатын ниеті; яғни ол еркін, әрі өзі үшін алдын ала таңдалған жолмен ұшады.
Оған тартылыс күші мен жел кедергі келтіреді, бірақ не айтсақ та, бұл оның траекториясының бір бөлігі; дауыл ағаштан сындырып әкетті екен деп, бұта - бұта болмай қалмайды.

Садақшы
Пауло Коэльо
155 views12:56
Ашу / Түсініктеме
2022-08-01 15:08:01 Ықылас - істеген амалыңа Алладан өзге куәларды керек етпеу.
165 views12:08
Ашу / Түсініктеме
2022-08-01 07:32:20 “Уа, Жаратушы Иеміз! Бүкіл істеріміздің соңын жақсы қыла гөр. Бұл дүниеде ұятқа қалудан, ақыретте тозаққа түсуден Өзің сақтағайсың”.

#Бүгінгідұға
89 viewsedited  04:32
Ашу / Түсініктеме
2022-07-31 20:56:15 Кейбір заттарды күшке салса бағындыру қиын, бірақ, ақылмен жеңіл. Ақылмен жұмыс жасау қажет.



Джек Лондонның "Қасқыр. Киш туралы аңыз" әңгімесінде Киш атты бұрынғы тайпа көсемінің ұлы аз уақыттың ішінде аң аулау арқылы тайпа тұрғындарын азықтандырып, абыройға иә болады. Оны тайпа адамдары көре алмай жетістікке жетуінің сырын білмекші болып, артына адам салады. Өйткені, аңды аулау күшпен атқаруға жалғыз адамға өте қиын іс еді. Киш аңды күшпен емес, ақылмен аулайды. Ол қылшықты майға араластырып домалақ ұсақ доптар жасайды да, оны аюға жегізеді. Аюдың асқазанына барып еріген майдың қылшықтары аюдың ішкі құрылысына жабысады. Нәтижесінде аю ыңғайсыз халге түсіп, сол күйден арылу үшін ары-бері әуре сарсаңға түседі. Ал Киш болса аюдың осылай әлсірегенін пайдаланып оны соғып алады.


Міні, ақылды жұмыс жасаудың көрінісі
124 views17:56
Ашу / Түсініктеме
2022-07-31 18:44:16
187 viewsedited  15:44
Ашу / Түсініктеме
2022-07-31 16:47:08
Әлемдегі кей алпауыт компанияларға адамның өмірі, денсаулығы түк қызық емес.

Статистикаға бойынша әр елде тазартылған қантты тұтыну кіріске тікелей пропорционалды. Мұнда қантты жан басына шаққанда тұтыну бойынша көшбасшыларға, мысалы, Австралия, Ирландия және Дания кіреді, онда бір адамға жылына 45 кг-нан астам тазартылған қант түседі, ал Қытайда - тек 6,1 кг. Қант көзі өсірілетін көптеген тропикалық елдерге қарағанда АҚШ әлдеқайда алда (41,3 кг), бірақ адамдар сахарозаны таза түрінде емес, басқа формада, әдетте жемістер мен қантты сусындардың құрамында тұтынады.

Қант тәуелділік тудыратындықтан "белый наркотик" деген лақап атқа ие.
205 viewsedited  13:47
Ашу / Түсініктеме
2022-07-31 16:42:09 Сіз өміріңізде жасайтын ең үлкен қателік - үнемі қателесуден қорқу.

The greatest mistake you can make in life is to be continually fearing you will make one.
195 views13:42
Ашу / Түсініктеме
2022-07-31 06:28:10 “Уа, Аллаһ тағалам! Мені Өзіңді, періштелеріңді, елшілеріңді әрі салих құлдарыңды жақсы көргендермен бірге қыл. Мені Өзіңе, періштелеріңе, елшілеріңе әрі салих құлдарыңа сүйгіз”. (Абдуллаһ ибн Омар (р.а))

#Бүгінгідұға
66 viewsedited  03:28
Ашу / Түсініктеме
2022-07-30 18:18:57 Ерте тұру деген не? Бұл - сіз тұратын уақыттан 1 сағат ерте ояну. Ерте тұрған бірінші сағатта миымызда “альфа” жұмысы іске қосылады. Бұл мидың өте белсенді болатын алғашқы сағаты.

Сол алғашқы оянғандағы 1 сағатты қызғаныңыз. Жаман жаңалыққа, ұсақ-түйекке, басқа біреуге, нәски іздеуге жұмсамаңыз. Осы үшін жатар алдын: ертеңгі киетін киім, күнделік, жоспарды дайындап қойыңыз.

Кешке өмір сүруге шабыт ашылатынын білесіз. Сол шабытта ойыңызға не келді? “Үй жинаймын, сурет саламын, контент-жоспар жазамын” дедіңіз бе?

Ойға келген барлық істі сол сәтте қағазға жазып, ертеңге дайындап қойыңыз. Ал, шабытты қоя тұрып, ұйықтаған жөн болады. Бірақ, миға идея келсе түртіп алыңыз, керемет ақын болсаңыз, шығармаңызды шығарыңыз) P.s. осымен бұл тақырып аяқталды #ұйқы
162 views15:18
Ашу / Түсініктеме
2022-07-30 07:31:56 “Уа, Раббым! Табысымды адал етіп, маған қанағат бере гөр. Маған разы болмайынша мені бұл дүниеден ала гөрме”.

#Бүгінгідұға
114 viewsedited  04:31
Ашу / Түсініктеме