Get Mystery Box with random crypto!

Сағат

Telegram арнасының логотипі sagat4 — Сағат С
Telegram арнасының логотипі sagat4 — Сағат
Арна мекенжайы: @sagat4
Санаттар: Блогтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 802
Арнадан сипаттама

Өмірім халқымдікі, өлімім ғана өзімдікі.
(Әйтеке би)
Уақытты САҒАТпен өткіз.

Ratings & Reviews

3.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 9

2022-06-20 05:04:33 “Уа, Раббым! Өзіңді еске алудан тосатын, Өзіңе деген құштарлығымды су сепкендей ететін, Өзіңді пәктеуден алған ләззатымды жоятын һәм жайсыздығымен абыржытатын бір ауырудан бізді сақта. Өз мейірімділігіңмен осы дұғамды қабылда”.

(Хазірет Мәулана)

#Бүгінгідұға
148 viewsedited  02:04
Ашу / Түсініктеме
2022-06-19 19:35:22 Қызық ақпарат:

Gorilla, ішетіндер бар ма? Ол негізі өте қою өнім. Құрамында 20-30 қасық қант мөлшері бар. Бірақ, мен ойлайтын едім ол неге сұйық деп? Сөйтсе, белгілі химикат қосылады екен. Өте зиян иә? Ал, неге көбісі оны ішуге құмар?

Тәтті қабылдағанда адам да бақыт гормондары дофамин бөлінеді. Ол кезде адамның миы “энергия алып жатырмын” деп ойлайды. 20 қасық қант қанды қою етеді. Жүрекке баратын тамырда қан жолы баяулайды. Уақыт өте келе бітеледі.
Жүректе баяу болса, бас бөлігіндегі ұсақ тамырларды ойлай беріңіз.

Ол жақта қан айналымы нашар болғандықтан, адам ақымақ бола түседі. Есте сақтау мен логика өше бастайды. Қан қою болғандықтан, адамда қозғалуға энергия болмайды. Жалқауланып, стресс алады. Стресс алған кезде, көңіл көтеруге, сұр әлемнен, паникадан шығу үшін дофамин іздейді. Азартқа кіреді. Тағы да газды сусын, шоколад, нан өнімдерін тұтынады. Міне, осы парадокс қайталанады.
Егер, адам уақытында тоқтамаса, оған тәтті, шоколад, музыка әсер етпей, наркотаға жақындап бастайды. Бірінші темекі, арақ, кейін ұнтақтар…
Осылайша адам өмірін құртады.
Ұйқы, күлкі, тамақ шынымен де адамды аздырады.

Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, пайдалы гармондарды зерттеп, зияннан бас тартыңыз. Бәріміз биологиялық денеміз. Ерте ме кеш пе өлеміз. Бірақ, денсаулық жағынан өлетін болсақ, ол өз-өзіне қол жұмсау деп саналады екен.
Тек горилла емес, пепси, кола, фанта тағы басқа түрлі-түсті газдалған сусынның бір-бірінен айырмашылығы жоқ. Оның арасына чипсы, кириешки, торт, джин қосып қойса болады.
Жалпы, адам шығарған өнім кокаин мен маркетингке толы. Оларды жануар да жей алмайды екен. Жануарлардан үлгі алайық:)

@mendegivaib
290 views16:35
Ашу / Түсініктеме
2022-06-19 06:05:17 “Уа, Раббым! Сен мені өзімнен де жақсырақ білесің. Мен де өзімді мені мақтағандардан жақсырақ білем. Олардың менде бар деп ойлаған ізгі қасиеттерді маған нәсіп ете гөр әрі менің бойымдағы олар білмейтін кемшіліктерімді жасыр һәм кешір”.

(Хазірет Әбу Бакір (р.а))

#Бүгінгідұға
124 viewsedited  03:05
Ашу / Түсініктеме
2022-06-18 20:28:00 Ұлтшылдық пен ұлтсыздықтың бір нәсілдің бойынан табылғанынан артық қасірет бар ма екен, сірә?

Бір тамшы көздің жасындай
Исраил Сапарбай
204 views17:28
Ашу / Түсініктеме
2022-06-18 15:55:38 «Бір айдың қадірін білгің келсе, 8 айлық баланы дүниеге әкелген анадан сұра;

Бір аптаның қадірін білгің келсе, апталық журнал шығаратын редактордан сұра;

Бір сағаттың қадірін білгің келсе, көрісуді қалаған ғашықтардан сұра;

Бір минуттың қадірін білгің келсе, пойызға кешігіп қалған жолаушыдан сұра;

Бір секундтың қадірін білгің келсе, жол апатына ұшыраған жүргізушіден сұра;

Бір секундтан да аз уақыттың қадірін білгің келсе, олимпиада ойындарында күміс жүлдегер атанған ойыншыдан сұра.

Әрбір сәтіңді бағала. Әр минутыңды сен үшін ең қымбат, уақытыңа ортақ қыла алатын адаммен бөліс. Ұмытпа! Уақыт ешкімді күтіп тұрмайды. Өткен тарих. Болашақ белгісіз, сырға толы. Қазіргі уақыт қана саған берілген мүмкіндік.

Бүгінгі күнің... Уақыт: Қазір! Кемелдікке ұмтыл! Қолда бар мүмкіндіктер мен бойдағы потенциалдарды аша біл. Бұл сізге ерекше бір көңіл күй сыйлайды. Бақытты етеді».

(Интернеттен алынды).

Уақыттың қадірі

@galymdarkz
89 views12:55
Ашу / Түсініктеме
2022-06-18 07:16:55
Құлпынай

Құлпынай йод мөлшері біздегі тамақ пен ауыз судағы жетіспеушілікті толық өтейді.

Құлпынайдың қан тазартатын қасиеті де бар, ол құрамындағы Р дәруменінің арқасында қан тамыры қабырғаларын нығайтады.

Құлпынайдың түсі неғұрлым қою әрі қанық болса, соғұрлым оның құрамында Р витамині көп болады.

#PQ
154 views04:16
Ашу / Түсініктеме
2022-06-18 04:57:02 Оқу басталар күзде Әдия әпкем Машанды ертіп келді. Айшаға:
− Мына Машан осы үйде жатып оқиды. Ауырсынба. Жағдайларыңды білем. Шамам келгенше үн, картоп әкеп тастармын, – деді.
Айша:
− Машанға бола бөлек қазан аспаймыз ғой. Қатықсыз қара көжені балалармен бөліп ішер, о не дегенің, – деді қайын-сіңілісіне.
Машанның келгені жақсы болды. Екеуміз құлын-тайдай тебісіп жатамыз. Төбелесіп те қаламыз, татуласамыз. Аға орнына аға еді.


Ай мен Айша
Шерхан Мұртаза


Әдия Шерхан Мұртазаның әкесінің қарындасы, ол кісінің ауылында 4 сыныптық қана мектеп болғандықтан, баласы Машанды Айшаға( Шерхан Мұртазаның анасыны) алып келіп тастауға мәжбүр болады. Себебі, бұл ауылдағы мектеп 7 сыныптық еді. Айша қиын жағдайға қарамастан баланы сыртқа теппеді. Бұл үзіндіден түсінетін құндылық- бауырмашылдық.


#Ұлттықкод
39 views01:57
Ашу / Түсініктеме
2022-06-18 04:52:20 “Уа, кешірімі шексіз Раббым! Өзіңнен жалынып-жалбарынып сұраймын, бізді кешір!”

(Абдулқадир Гәйлани)

#Бүгінгідұға
41 viewsedited  01:52
Ашу / Түсініктеме
2022-06-17 06:01:16
141 views03:01
Ашу / Түсініктеме
2022-06-17 06:00:41 “Уа, Раббым! Өзіңнен қайтпас берік иман, түгесілмес ризық һәм Хулд жәннатының ең биік дәрежелерінде сүйікті пайғамбарыңмен бірге болуды сұраймын”.

(Абдуллаһ ибн Масғуд (р.а))

#Бүгінгідұға

Жұма мүбәрәк болсын!!
141 viewsedited  03:00
Ашу / Түсініктеме