Get Mystery Box with random crypto!

Сағат

Telegram арнасының логотипі sagat4 — Сағат С
Telegram арнасының логотипі sagat4 — Сағат
Арна мекенжайы: @sagat4
Санаттар: Блогтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 802
Арнадан сипаттама

Өмірім халқымдікі, өлімім ғана өзімдікі.
(Әйтеке би)
Уақытты САҒАТпен өткіз.

Ratings & Reviews

3.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 8

2022-06-22 20:06:49
Керемет зікір жаттап алайық

Асықпай оқып, бұл зікірдің салмағы мен сауабының санын елестетіп көріңізші

СубхаанаАллаһи уа Бихамдиһи
Алла Кемшілік сипаттардан пәк әрі оған мақтаулар болсын

уа аьдәдә халқиһи
Сенің жаратқаныңның санындай

уа ридо нафсиһи
Санына Өзің разы болатындай

уа зинатә аършиһи
Аршының салмағындай

уа мидәдә кәлиматиһи
Сөзіңнің ұзақтығындай

Негізі бір уағыз үзіндісі тауып, кесіп салып жіберемін. Алла бұйыртса
124 viewsedited  17:06
Ашу / Түсініктеме
2022-06-22 13:49:51 Миға зиян келтіретін азықтар


Шекер: Шекердің керемет дәмін жоққа шығара алмаймыз. Бірақ денсаулық үшін шамадан тыс қолданудың өте зиянды екенін де ұмытпауымыз керек. Шамадан тыс шекер қолдану ми функцияларын тежейді. Жасалған зерттеулерде ми белсенділігін баяулататыны, есте сақтау қабілетін төмендететіні және адамды ақылсыздандыратыны анықталған.

Қаныққан майлар: Шамадан тыс қаныққан май тұтыну ми функцияларына зиян келтіреді. 6000 әйелге 4 жыл бойы жасалған зерттеудің нәтижесінде қаныққан май қолданғандардың есте сақтау қабілетінде төмендеу, ал зәйтүн майы сияқты пайдалы майларды қолданғандарда есте сақтау қабілетінің қуаттанғаны байқалды.

Чипс, пицца және басқа да ұн өнімдері: «Fast food»-тың балаларды ақылына кері әсер ететіні анықталған. Мидың дұрыс дамуы үшін балалардың жеген тағамдарына мән беру керек.

Көмірсуы тым төмен диета: Жасалған зерттеулер бойынша 22-55 жас аралығындағы көмірсу мөлшері тым төмендетілген емдәм (диета) ұстаған әйелдерде түсіну, анализ жасау қабілетінің төмендегені байқалды. Бүкіл көмірсулар зиянды емес.

Тұзды тағамдар: Жүрекке зияндылығы белгілі болған тұзды тағамдар миға да зиянды болады. Зерттеулер жоғары мөлшерде натрий тұтынылымының мидың мәліметті қорытуына зиян беретінін көрсетеді.

Қуырылған тағамдар: Қуырылған тағамдардың Альцгеймер, Паркисон сияқты неврологиялық аурулардың қоздырғышы болатыны байқалды.

#IQ
133 views10:49
Ашу / Түсініктеме
2022-06-22 13:20:14
Ғибратты мульт
160 views10:20
Ашу / Түсініктеме
2022-06-22 04:50:26 “Уа, Аллаһ тағалам! Мені таң сәріде таратқан ризық-несібеңнен нәсібі бар құлдарыңнан ете гөр. Маған тура жол бер”.

(Абдуллаһ ибн Омар (р.а))

#Бүгінгідұға
120 viewsedited  01:50
Ашу / Түсініктеме
2022-06-21 12:36:34
Жазғы күнмен мәміле

Күн астында жүру уақытын шектеңіз, әсіресе сағат 10.00-ден 16.00-ге дейін.

Қорғаныс киімін ұмытпаймыз: кең шляпа не бас киім, ұзын жеңді киімдер. Көзілдіріктің де көмегі зор.

Күннен қорғайтын кремді сыртқа шықпас алдын 20-30 минут бұрын қолданған жөн. Бұл кремнің әрекет етіп үлгеруіне мүмкіндік береді.

Егер шомылу немесе демалыс жоспарда болса, кремді екі сағат сайын және әр шомылғаннан соң жаңартып отырған абзал.

#PQ
115 views09:36
Ашу / Түсініктеме
2022-06-21 05:12:36 “Уа, Раббым! Олар (ата-ана) мені кішкентайымда қалай мәпелеп өсірген болса, Сен де оларды мейірімңе бөлеп, ізгі құлдарыңның қатарына қосқайсың!”

(Исра сүресі 24)

#Бүгінгідұға
210 viewsedited  02:12
Ашу / Түсініктеме
2022-06-20 19:30:58
Инвестиция жайлы курс қажет пе?
Anonymous Poll
85%
Иә
7%
Жоқ
9%
Канал аш бірінші. Көре жатармыз.
46 voters143 views16:30
Ашу / Түсініктеме
2022-06-20 19:19:34 Қорқыныш

#Сағаттанаудиохат
155 viewsedited  16:19
Ашу / Түсініктеме
2022-06-20 18:10:28 − Ал енді, мен майданнан мүлде қайтқан жоқпын, – деді Батыр.
− Аз күн демалыс алып келдім. Мен майданда жүргенде, әкем Момыш қайтыс болыпты. Соған құран оқиын деп келдім.
Содан соң көптің ішінен біреуді іздегендей, үп-үлкен шоқтай көздері жарқ-жұрқ етті.
− Дошанай! Дошанай көке, қайдасың! – деді. Басында қазандай дөңгелек қара бөркі бар, аппақ қудай сақалы көлкілдеген Дошанай атамыз:
− Мен, мен мұндамын, Бәужан қарағым, – деп, даусы дірілдеп, орнынан әрең тұрды.
− Бауырың Момыш өлгенде, басына құран оқымапсың, оның қалай? – деп ақырды Бауыржан.
− Қатты боран болды, қарағым, ауыл арасы едәуір, үйден шыға алмай қалдым, табан аяқ боп қалдым, Бәужан қарағым, кешір мен бейбақты, – деп, Дошанай атам еңкілдеп жылап жіберді.
Ол кезде өлген адамға құран оқып, дұға қылатын заман ба? Құран оқығаныңды көрсе, ана Жуанқұлдар табанда түрмеге апарып тықпай ма? Мына Батыр соны да білмей ме?



Ай мен Айша
Шерхан Мұртаза



Бауыржан Момышұлы өз ауылына бірер күнге демалысқа келгендегі ниеті әкесінің қабіріне құран оқу болыпты. Балалардың ата-анасының алдындағы бір борышы дұға оқу болса керек-ті.


#Ұлттықкод
197 views15:10
Ашу / Түсініктеме