Get Mystery Box with random crypto!

Сағат

Telegram арнасының логотипі sagat4 — Сағат С
Telegram арнасының логотипі sagat4 — Сағат
Арна мекенжайы: @sagat4
Санаттар: Блогтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 802
Арнадан сипаттама

Өмірім халқымдікі, өлімім ғана өзімдікі.
(Әйтеке би)
Уақытты САҒАТпен өткіз.

Ratings & Reviews

3.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 3

2022-07-29 16:45:24 Дамымай жатқаныңның белгісі - инстада, тиктокта, телеграммда ПОДПИСКА көп.

Ок. Олардың бәрі ақылды, пайдалы, жетістікке жеткен жандар делік. Бәрі пайдалы сияқты. Бірақ, оларды әрқашан тыңдау, оқу, қарау - дамуға жатпайды. Өзіңді жоғалтуға апарады. Шынайы өмір мүлде бөлек.

Адам өмірінде сфералар көп болғанда, адам өзіне мән бермей кетеді. Өйткені, энергия шекті. Өзіне мән бермесе - проблемалармен қоршалады. Энергия жоғалады. Адасып қалады. Жауапсыздық басталады.

Сол үшін айтылған кеңесті бірден істемесең, оқи беруді, зерттеуді, тыңдауды тоқтат. Тазала бәрін. Өйткені, ол абсолют қажет емес. Зиян.
Оданда бар да өміріңмен айналыс. Тіпті, менің күнделігімнен шыға бер.
215 views13:45
Ашу / Түсініктеме
2022-07-29 04:43:09
187 views01:43
Ашу / Түсініктеме
2022-07-29 04:42:37 “Уа, Аллаһ тағалам! Бізге сұрағанымызды Өзіңнен басқа ешкім де бере алмайды. Бізді жетістікке жеткізе гөр!”

(Молда Жами)

Жұма мүбәрәк болсын!

#Бүгінгідұға
187 viewsedited  01:42
Ашу / Түсініктеме
2022-07-28 21:59:01
Ақпараттық соғыста ең өкініштісі - үнемі шындық айтқан адам жеңіліс табады. Себебі, ол тек шындықпен шектелсе, өтірікші аузына келгенін айта алады.

Роберт Шекли
218 viewsedited  18:59
Ашу / Түсініктеме
2022-07-28 21:54:28 Біздің арттағы әрі алдағы жұмыс жайлы
219 viewsedited  18:54
Ашу / Түсініктеме
2022-07-27 16:11:42 Қазақта дәмнен үлкен ештеңе жоқ. Өзгеге бармайтын қазақ дәмге міндетті түрде барады.

***

Елде талай қырқысқан ағайындар, дәм татысса-ақ тату боп кететінін көргем. " Бір күн дәм татқанға 40 күн сәлем" деген, "дәм тұзымды тат, расыңды айт" деген мақалдар бары, "дәм ұрсын" деген қарғыс бары, " татқан дәмге қас қылған адам оңбас" деген өсиет өлең бары есімде. Бұл ұғым менің санама шешемнің сүтімен бірге кірген. Қазақтың ұғымында - " сүтпен кірген, сүйекпен шығады..."



Мөлдір махаббат
Сәбит Мұқанов


#ұлттықкод


Асыл дінімізбен қазақ салтының тағы бір үйлесер тұсы
165 views13:11
Ашу / Түсініктеме
2022-07-20 15:35:02 Дастархан басындағы әдеп:



Қазақ әдетінде, жас адамның алдына келген асқа үлкендерден бұрын сұғына қоймайтынын білем. Сол әдетті сақтаған нағашым екеуміз, екі жақ қанатымызда жайыла қатарласқан қартаң адамдардың бәріне де аяқ үлестіріп, олар қымыздан ауыз тигенше татпай отырдық.


Мөлдір махаббат
Сәбит Мұқанов




#ұлттықкод
144 views12:35
Ашу / Түсініктеме
2022-07-14 15:35:44 Бір деммен оқуға болады.

Бұл дүниені оқуға баршаңызға кеңес берер едім. Керемет пайдалы болған соң емес. Менімен, көзқарасыммен кішкене таныс боласыз.

Ұнап жатса әрі қарай Сағатта қаларсыз , ұнамаса уақыт сіздікі.

Канал админдеріне өтініш!

Топқа жіберер ойыңыз болса, алдымен толық оқып шықсаңыз.
87 views12:35
Ашу / Түсініктеме
2022-07-14 15:35:44 Мынау "Сағаттанхат" жиынтығы

Біздің қызмет, біздің көзқараспен таныс болу үшін оқып шығуға кеңес беремін.
87 viewsedited  12:35
Ашу / Түсініктеме
2022-07-14 15:33:42 Ассаламу Алайкум "Сағат" оқырмандары

Мен сіздерден кешірім сұраймын

Соңғы кездері көшіп қонып, сапармен, одан қалса соңғы апта жұмыс толығымен түнде болып(күндіз демалып) сіздерге аса қатты уақыт бөле алмай жүрмін.

Сіздерден бір аптаға рұқсат сұрап, істерімді реттеп алсам. Түсіністікпен қарауларыңызды өтінемін.

"Сағат" адам санына қарамастан, әлі сіздерге талай пайдалы ақпаратпен қызмет етеді.

Көп рақмет

Құрметпен: "Сағат" әкімшілігі)))
89 views12:33
Ашу / Түсініктеме