Get Mystery Box with random crypto!

Сағат

Telegram арнасының логотипі sagat4 — Сағат С
Telegram арнасының логотипі sagat4 — Сағат
Арна мекенжайы: @sagat4
Санаттар: Блогтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 802
Арнадан сипаттама

Өмірім халқымдікі, өлімім ғана өзімдікі.
(Әйтеке би)
Уақытты САҒАТпен өткіз.

Ratings & Reviews

3.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 73

2021-10-05 15:22:50 Ми жұмысын жақсарту үшін

1. Жаңа орын

Ешқашан көрмеген немесе өте сирек баратын жерлерді аралаңыз. Ол үлкен саябақ, көрме немесе зергерлік дүкен болуы мүмкін.

2. Жаңа иістер

Эфир майы құйылған кішкентай флаконды немесе хош иістендірілген кез келген зат сатып алыңыз.Әр таңда ояна сала, сол жаңа иісті иіскеп жүріңіз – бұл миды «оятуға» көмектеседі.

3. Жұмулы көз

Кешке үйіңізде жарықты жақпай, біраз нәрсені ойша тауып көріңіз. Бұл жаттығу зейініңіз бен есте сақтау қабылетін жақсартады. Сондай-ақ, жуыну кезінде де көзіңізді жұмып алыңыз. Ештеңе көрмегендіктен басқа мүшелеріңіздің сезгіштігі арта түседі.

4. Қол жұмысын ауыстыру

Әдетте тісіңізді жуғанда щетканы оң қолыңызға ұстайсыз ба – ауыстырыңыз. Тамақты сол қолмен жейсіз бе – ауыстырып көріңіз. Тінтуірді де біраз уақыт сол қолмен пайдалануды әдетке айналдырыңыз.

5. Жаңа гардероб

Әр күні әр түрлі киім киіңіз. Ғалымдардың аатуынша, адамдардың киіміне қарай ойы да өзгеріп отырады екен.

6. Ымдау және қимылдармен түсіндіру

Сөзбен емес, қолдарыңыздың көмегімен әңгіме айып көріңіз. Түсінбегендерге түсіндіруге тырысыңыз.

7. Жаңа жол

Жұмысқа таныс емес, бұрын жүрмеген жолдармен барыңыз (қайтыңыз). Ол жол алыс болса, тіптен жақсы, мидың жұмысына пайдасын тигізіп қана қоймай, денеге жаттығу болады.

8. Өзіңізге деген сенімділік

Үнемі өзіңізге сенімді болыңыз. Тіпті сіз жақсы білмейтін қызметті ұсынса да, келісе беріңіз. Сіз бәрін дұрыс білмей тұрғанда ми белсенді қызмет атқарып, бір амалы табыла кетеді.

Жалғасы ертең.

Ақпарат көзі: massaget.kz

#IQ
58 views12:22
Ашу / Түсініктеме
2021-10-04 20:18:31 Мидың сіз білмейтін қызметтері

Адам миы – зерттеліп үлгермеген жұмбақ ағза. Ғалымдардың өздері мидың толық зерттелуі үшін әлі бірнеше ондаған жылдар өту керек дейді. МиымыздыҢ атқаратын қызметтері көп. Зерттеліп үлгерген мына қызметтерді сіздерге ұсынамыз:

• Зейін;
• Есте сақтау қабілеті;
• Ойлану;
• Белгілі бір бағытта жұмыс жасау;
• Жағымды және жағымсыз эмоцияларды сыртқа шығару;
• Жоспарлау;

Мидың негізгі ерекшелігі – ойлау қызметін атқаруында. Ми қызметтерін оның жіктелуіне сәйкес қарастырады:

1. Мидың қызметіне сәйкес латерализация деп аталатын жарты шарларға жіктеледі. Ми физикалық тұрғыдан екі жарты шарға бөлінген. Олардың сыртқы бейнесі ұқсас болғанымен, әртүрлі қызмет атқарады әрі түрлі белсенді үрдістерге жауап береді. Адамдардың санасында қалыптасқан түсінік бойынша оң жарты шары дамыған адам шығармашылыққа жақын болады. Дегенмен, бұл дерек әлі күнге дейін дәлелденбеген.

2. Ми қызметтерін оның бөлігіне сәйкес жіктеуге болады. Ми тұтас бір ағза болғанымен, оның әр бөлігі әр түрлі қызметке жауапты.

Оң жарты шар

Оң жарты шардың арқасында сіз қиялдау арқылы А аймағынан Б аймағына дейін еркін серуендей аласыз.
Оның атқаратын қызметтері мынандай:
• Кеңістік бағдарлау. Оң жарты шардың көмегімен сіз өзіңіздің тұрған аймағыңызды бағдарлай аласыз. Өзіңіздің ойыңызда карта сызуға мүмкіндігіңіз болады.
• Сөзсіз, іс-қимыл арқылы берілген ақпаратты өңдеу. Символдар, бөліктер мен түрлі қимылдарды қабылдап, оларды өз қажетімізге жарата аламыз.
• Метафора. Біз метафора, тұрақты тіркес, ауыспалы сөздерді естіген кезде сол күйінде қабылдамаймыз. Міне, сол қызметті оң жарты шар атқарады.

• Дыбыс. Тыңдау әрі оны рухани азыққа айналдыру қабілетін мидың екі жарты шары да атқарады.

• Эмоция. Дыбыс секілді бұл қызметке де екі жарты шар жауап береді. Дегенмен, оң жарты шардың үлесі көбірек.

• Қиял. Кез келген қиял әлеміне «Егер...» деген сөзден соң енеміз. Бұл сөзді естіген бойда немесе ойға алған сәтте миыңызды оң жарты шары белсенді түрде іске кіріседі.

• Арман. Армандай бастаған сәтіңізде миыңыздың оң бөлігі үздіксіз жұмыс жасайтынын ұмытпаңыз.

• Дененің сол бөлігін басқару. Біз сол қолымыз бен аяғымызды қимылдатқан сәтте біздің оң жарты шарымыз жақсы жұмыс жасайды. Амбидекстрия деп аталатын арнайы жаттығулар екі ми шарының жұмысын жеделдетуге арналған. Бұл кезде адам екі қолымен де бір уақытта жазып, сыза алады.

Сол жарты шар

• Адамның логикалық, ғылыми және қалыпты ойлауына жауапты мидың маңызды бөлігі. Сол жарты шар тілдің қабілеттеріне – жазу, сызу мен оқуға жауапты. Сонымен қатар, күн атауларын, уақытты, деректер мен адам есімдерін жаттап алуда септігін тигізеді.

• Математикалық қабілет. Логика, сараптама, статистика және математикалық мәселелердің шешімін оңай табатын болсаңыз миыңыздың  сол жарты шары жақсы жұмыс жасайды.

• Сөзді сол қалпында қабылдау. Метафораларды түсінуде қиындық туып жатса, демек, оң жарты шарыңызды дамыту керек.

• Дененің оң бөлігін басқару. Оң қолыңызды жиі көтеріп, қаламды оң қолыңызға ұстасаңыз, дәл қазіргі сәтте мидың сол жарты шары жұмыс жасап жатыр.

• Ақпаратты жүйелі өндеу. Егер ақпаратты қабылдау барысында бір қадамды жіберіп алсақ, бұл бұрыс шешімге әкелуі мүмкін.

Ақпарат көзі: massaget.kz

#IQ
156 viewsedited  17:18
Ашу / Түсініктеме
2021-10-04 06:49:29
45 views03:49
Ашу / Түсініктеме
2021-10-04 04:36:12
Бір аяққа салмақ салмаңыз


қалай тұрғаныңызға назар аударыңыз. Көбінесе біз салмағымызды бір аяғымызға аударамыз, жамбасымызды бүйірге шығарып, соған қарай сәл иілеміз. Бұл тұру бел ауруын тудырады.

Өз салмағыңызды екі аяққа бөлуге тырысыңыз және ішіңізді тартыңыз. Бұл бірінші арқаңызды тік ұстаса, екінші көп ұзамай дене бітіміңіздің жақсарғанын байқайсыз.

#PQ
50 views01:36
Ашу / Түсініктеме
2021-10-04 04:21:35 Дәл қазіргі сәттен

Остановкада екі қызды көрдім. Біріне 5-6 жас, біріне 7 не 8 жас. Екеуі де Орамалда. Сүп - сүйкімді, елеңдеп, жан жағына қарап автобусын күтіп тұр.

Екеуіне қарап қазақтың ұрпағы үшін алаңдағым келмей кетті
44 views01:21
Ашу / Түсініктеме
2021-10-02 15:00:45
Теледидарды аз қараңыз.

Теледидар көргенде ми диванда жатқандай. Белсенді емес!

Кроссворд шешу немесе оқу тиімдірек. Бұл екеуі миды жақсы күйде ұстайды және Альцгеймер сияқты аурулардан алдын алуға көмектеседі.

#PQ
52 viewsedited  12:00
Ашу / Түсініктеме
2021-10-01 19:30:43 Клиповое мышление

( тұрақсыз зейін ) деп қолданайын түсінікті болуы үшін

Адам бір нәрсеге 10-15 минуттан артық шоғырлана алмайтын күй.

Инстаграм парақша, қысқа видеоны ойланбай қарау, бір қосымшадан екіншісіне ауысу, интернеттегі бітпейтін сілтеме және жарнамаларды оқу - тұрақсыз зейінге алып келу себептері.

Тұрақсыз зейін - бұқаралық ақпарат дәуірі тудыратын көп тапсырмалар салдары.

Мысалы :

Біз алдымен түскі ас дайындап жатқанда фильм көреміз, содан кейін кітаптың бір бетін 10 рет қайталап оқимыз.

Ойлаудың бұл түрінің кемшіліктері айқын: концентрацияның төмендеуі мен білімді игерудегі дағдының төмендеуі, жарнама мен манипуляцияға бейімділік.

Артықшылықтары: ақпаратты шамадан тыс жүктеуден қорғайды. Себебі көп ақпаратқа ат үсті қарайтын боласыз. Жылдам әрекет ету және бір мезетте көп істі орындау дағдысын дамыту.

Тұрақсыз зейін жақсы да, жаман да емес, бұл қазіргі әлемде сөзсіз болатын өзгеріс.

Қазіргі кездегі Инстадағы бір минуттық немесе ТикТоктағы қысқа видеолар адамды Тұрақсыз зейінге алып келуде. Адам 1-2 сағаттық дүниелерді көруге жай шыдамы жетпейді.

Жоғарыға Дәлел

Қызық дерек:

Он жыл бұрын 90 минут футбол көретін адамдардың орта жасы 30 жас еді. Қазір бұл статистика - 40 жас. Яғни сол кездегі футбол көретін адамдар статистикамен бірге жылжып келеді.

#EQ
48 viewsedited  16:30
Ашу / Түсініктеме
2021-10-01 18:59:33 Ми жұмысын жақсартыңыз

Ғалымдардың айтуынша адамдар миының аз мүмкіндігін ғана қолданады екен. Ал күнделікті бір жұмысты орындап, бірсарынды өмір сүрсеңіз, миыңыз тіпті дамымай қалады. Ми ауруларының алдын алып, ақыл мен есті дамыту жолдары бар екен. Сонымен, миды қалай жаттықтыруға болады?

1.Жұмбақтар мен есептер шығарыңыз.

2. Амбидекстрия қасиетін дамытыңыз. Қолданбайтын "жалқау" қолыңызды пайдалануға дағдыланыңыз. Мысалға, оңқай болсаңыз, сол қолыңызды оңнан кем емес қолдануға тырысыңыз. Басында компьютер тышқаның ұстау деген секілді қарапайым жаттығумен бастаңыз.

3. Оптикалық иллюзия көрініс тапқан суреттерді бақылап көріңіз.

4. Сезім мүшелеріңізді шектеңіз. Мысалы, көзіңізді байлап тамақтаныңыз, не күнделікті үйдегі шаруаларды істеп жүргенде құлағыңызға мақта салып қойыңыз. 

5. Бір қарағанда байланысы жоқ мәселелерді байланыстыра біліңіз.

6. Пернетақтаны бірнеше тілде басып үйреніңіз.

7. Қарапайым нәрсенің жаңа қолданысын іздеп көріңіз. Мысалы кәдімгі шегенің қанша қолданысын ұсынар едіңіз?

8. Өз көзқарасыңызды өзіңіз теріске шығарып үйреніңіз.

9. Ойларыңыз жаңа, креативті болсын.

10. Бір мәселені шешкенде, ойға бірінші келген қарапайым шешімнің орнына, жаңа, күтпеген шешім табуға тырысыңыз.

11. Бар мүмкіндіктерді қарастыруға тырысыңыз. Есіңізге шахмат ойынын алыңыз. Бірнеше қадам бұрын ойланыңыз. 

12. Компьютеріңіздің жұмыс үстеліндегі суретті кері аударып қойыңыз.

13. Логикалық есептерді шешіп, логикалық ойлауды дамытыңыз.

14. Бір ғылыми жаңалықтың егжей-тегжейіне дейін түсінуге тырысыңыз.

#IQ
47 viewsedited  15:59
Ашу / Түсініктеме
2021-10-01 04:31:42
53 views01:31
Ашу / Түсініктеме