Get Mystery Box with random crypto!

Сағат

Telegram арнасының логотипі sagat4 — Сағат С
Telegram арнасының логотипі sagat4 — Сағат
Арна мекенжайы: @sagat4
Санаттар: Блогтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 802
Арнадан сипаттама

Өмірім халқымдікі, өлімім ғана өзімдікі.
(Әйтеке би)
Уақытты САҒАТпен өткіз.

Ratings & Reviews

3.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 6

2022-07-06 03:48:27
Жаз ғой, керек бұл

Көк шай күн сәулесінен қорғайды.

Сондай-ақ балық, қара шоколад, қырыққабат, аскөк және қара шайдың кейбір түрлері.

Бұл өнімдерде кахетин бар. Бұл антиоксиданттар тері жасушаларының айналасында ультракүлгін сәулені кері шағылыстыратын кішкентай "барьер" жасайды.

#PQ
335 viewsedited  00:48
Ашу / Түсініктеме
2022-07-06 03:25:49 “Уа, Раббым! Көңілімді кеңейт. Ісімді жеңілдет. Сөзімді олар ұғыну үшін тілімнің тұтықпасын шеше гөр”.

(Хазірет Муса (а.с))

#Бүгінгідұға
320 viewsedited  00:25
Ашу / Түсініктеме
2022-07-04 15:58:59 Жетімнің басынан сипаған алақан жер астында жатса да шірімейді. Адамзат әр алуан. Біреулер сипаса, біреулер сол басты жарғысы келіп тұрады. Дүние содан ала-құла.


Ай мен Айша
355 views12:58
Ашу / Түсініктеме
2022-07-04 04:06:31 “Уа, Аллаһ тағалам! Мені Исламмен қауыштырғаннан кейін жан тапсырғанға дейін мені одан, оны менен айыра көрме”.

(Абдуллаһ ибн Омар)

#Бүгінгідұға
409 viewsedited  01:06
Ашу / Түсініктеме
2022-07-03 20:56:04 Инвестицияның плюстарын мейлінше түсіндіріп өттім. Каналға өтіп, ең азы оның не екенін түсініп алуға тырысыңыз. Мейлі менен, не басқадан үйренсеңіз де сізге бастапқы түсінік қалыптастыруға жеткілікті


https://t.me/+4pL4c4jT4e0zM2Ey
376 viewsedited  17:56
Ашу / Түсініктеме
2022-07-03 12:40:39 Соғыс кезі. Пәшира апаның Өскенбай деген ұлының соғыстан оралуы. Дошанай- Өскенбайдың әкесі:


Пәшира апамның маған сүйіншіге беретін несі бар? Өскенбай оны сезген болса керек.
Дошанай атам болса, екі калошын қоңылтаяқ киіп, көрші Өреке ауылында көкжөтел қысқан бір баланы емдеуге кеткен екен. Пәшира апам маған:
− Айналайын, Барсхан, Өрекеге барып, атаңды алып келе ғой, − деді. − Абайла, байғұс қуанғаннан кәрі жүрегі жарылып кетіп жүрмесін.
Кешке жұмыстан қайтқан қатын-қалаш, бала-шаға − бәрі Дошанай атамның үйіне жиналды. Ауыл аш отырса да, кәдімгідей той болды. Ай, шіркін, сондағы ауылдың бауырмалдығы-ай. Әркім үйінен барын алып келді: біреу құртын, біреу талқанын, біреу сүтін... Біледі ғой, Дошанай бозқасқа сойып тастамайтынын. Сояр еді − жоқ қой



Ай мен Айша
Шерхан Мұртаза



#Ұлттықкод
401 viewsedited  09:40
Ашу / Түсініктеме
2022-07-03 07:05:07
Неліктен теңіз суын ішуге болмайды?

Теңіз суын көп тұтыну, ағзадағы тұздың артықшылығынан өлімге алып баруы мүмкін. Бұл факт рас, бірақ адам тек ғана теңіз суын ішетін болса.

1 литр теңіз суында орта есеппен 35г тұз бар, бұл ересек адам үшін күнделікті норма. 5 күннен кейін бүйректе тұздың көптігінен проблемалар басталады.

Бірақ, ол судан басқа балама болмаса, 3 күнде бір литрден аспайтын теңіз суын ішуге болады.

Бұрынғы ұзақ сапардағы теңізшілер бұл әдісті қолданған!!

#Біліпжүр
400 viewsedited  04:05
Ашу / Түсініктеме
2022-07-03 04:16:00 “Мінсіздігіңді айтып Сені ұлықтаймыз. Мен өзіме кесір қылдым, кешіріміңді тілеймін”

(Әнбия сүресі, 87-аят).

#Бүгінгідұға
378 viewsedited  01:16
Ашу / Түсініктеме
2022-07-02 20:50:07 Керемет бір үзінді оқыған едім

"Садақ ағашындай икемді және жолында кездескен белгілерді түсіне алатын жандарға қосылыңыз. Бұл адамдар жойқын кедергімен немесе сәтті мүмкіндікпен бетпе-бет келгенде теңселместен бағытын өзгертеді. Олардың бойында судың қасиеті бар: олар жартасты айнала ағады; жолын арнаға айналдырып, өзен болады, кейде еңістегі ойпаң толғанға дейін көлгеде айналады, одан соң жолын қайта жалғастыра алады, өйткені су өзінің тағдыры теңіз екенін және - ерте ме, кеш пе - соған жетіп жығылуы тиіс екенін ешқашан ұмытпайды."

Садақшы
Пауло Коэльо

Керемет мысал емес пе?
Мұндай адамды іздеңіз демеймін. Сіз болыңызшы. Жер әлемдегі бүкіл адамның негізгі мақсаты - адам болып қалу. Бірақ бұл барлығының қолынан келе бермейді. Адамдық деген ұлы аманатты көтеріп берер адам аз бұл әлемде.

Ендеше сол аздардың қатарынан болайықшы. Алла бізге сол жолды жеңілдетсін. Амин

#Сағаттанхат
399 viewsedited  17:50
Ашу / Түсініктеме
2022-07-02 14:26:32 Жоқтан бар етіп, сені сөйлеткен Алла, қиямет күні аяқ-қолыңды, көзіңді, күнә жасаған мекеніңді сөйлете алмайды дейсің бе?!

Ізгілер сөзі
347 views11:26
Ашу / Түсініктеме