Get Mystery Box with random crypto!

Түркістан облысы Арыс қаласында ер адам 5 жасар қызды зорлаған | Жаңалықтар 🇰🇿

Түркістан облысы Арыс қаласында ер адам 5 жасар қызды зорлаған. Жедел іздестіру нәтижесінде полицейлер күдіктіні ұстап, қамауға алды.

«Аталған факт ҚР ҚК 121 бабының 4-бөлігі «сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» бойынша тіркелді. Күдікті қамауға алынды. Тергеу шаралары жүргізілуде»,- деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.

Ал зардап шеккен қыз осыған дейін реанимацияға жатқызылған. Қазір ол үйде ата-анасымен бірге, жағдайы тұрақты.