Get Mystery Box with random crypto!

Тиісті жұмысты белгіленген мерзімде орындамағандар жауапқа тар | Qazaqstan.tv

Тиісті жұмысты белгіленген мерзімде орындамағандар жауапқа тартылсын – Президент

Осыған дейін Батыс Қазақстан облысындағы күре жолдардың нашарлығына байланысты мәселе көтерілген. Қасым-Жомарт Тоқаев осы өңірдегі автожолдардың 70 пайызының сапасы сын көтермейтінін 2019 жылы да айтқан.

Сол кезде Қазталов, Жәнібек және Бөкей ордасы аудандарындағы жолдарды жөндеу жұмыстарын 2021 жылдың соңына дейін аяқтауға тапсырма берген. Бірақ мәселе әлі күнге дейін түбегейлі шешімін таппаған.

Құрылыс жұмыстары бекітілген кестеден айтарлықтай қалып келеді. Қаржы мәселесінде де түйткілдер бар болып шықты.

Мемлекет басшысы Үкімет пен Батыс Қазақстан облысының әкімдігіне өңірдегі жол мәселесін тез арада шешуді тапсырды.

Ал тиісті жұмыстарды белгіленген мерзімде орындамағандар жауапқа тартылсын, деді Президент.

@qazaqstantv