Get Mystery Box with random crypto!

Бас прокуратура: 67 мың сотталған азаматтың 2 пайызы ғана жұмы | Qazaqstan.tv

Бас прокуратура: 67 мың сотталған азаматтың 2 пайызы ғана жұмысқа орналасқан

Уәкілетті органдардың қызметінде пробация туралы заңнаманың сақталуына тексеру жүргізілді.

Нәтижесінде Еңбек министрлігінің жұмыспен қамтылған адамдарды статистикалық есепке алумен ғана шектелгені анықталды.

Өткен жылы 67 мың пробация қызметінің 1,5 мыңы ғана жұмысқа орналасқан.

Сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету бойынша әкімдіктердің қызметі жеткілікті деңгейде ұйымдастырылмаған.

Соның нәтижесінде сотталғандар арасында қылмыстың қайталану деңгейі төмендемеген.

2021 жылы пробациялық бақылаудағы азаматтар ұрлық (784), алаяқтық (109), тонау (105), кісі өлтіру (31), тонау (24) және зорлау (20) сынды қылмыстарды жасаған.

Бас Прокурордың ұсынысымен Премьер-Министр уәкілетті органдарға тиісті шаралар қабылдауды тапсырды.