Get Mystery Box with random crypto!

31 NEWS

Telegram арнасының логотипі otyzbir — 31 NEWS 3
Telegram арнасының логотипі otyzbir — 31 NEWS
Арна мекенжайы: @otyzbir
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 872
Арнадан сипаттама

Новости Казахстана и мира. Официальный Telegram 31 канала.

Ratings & Reviews

4.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 11

2022-07-08 08:05:05
Алматыда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын ұстап тұру үшін қала билігі арнайы шара қабылдаған.

Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Нұр-Сұлтан қаласында өткізген есеп беру жиынында айтты. Мәселен, қалада қантты бекітілген бағамен сату үшін ірі сауда орындарынан 6,5 мың тонна тәтті өнім сатып алынса, нан бағасын тұрақтандыру үшін азық-түлік корпорациясының қорларынан астық жеткізіліп жатыр.

Одан бөлек өзге өңірлерден, жақын және алыс шетелден көкөніс пен жемісті тікелей алып жатырмыз дейді Ерболат Досаев.

Толығырақ:

23 viewsArailym Kapasbek, edited  05:05
Ашу / Түсініктеме
2022-07-08 08:02:06
Қазақстандық кәсіпкерлер қосымша бес пайыздық зейнетақы жарнасын төлеуге міндеттелуі мүмкін.

Жаңа норма алдағы бес жыл ішінде кезең-кезеңімен енгізілмек. Яғни, жұмыс берушілер келесі жылдан бастап 1,5 пайыз жарна төлейді. Сөйтіп, пайыздық мөлшерлеме бес жылда бес пайызға жетеді.

Еңбек министрлігі «бұл тәсіл жұмыс берушілердің қаржылық жүктемесін қиындатпау үшін» жасалады деді.

Ал кәсіпкерлер бес пайыздық міндетті зейнетақы жарнасын енгізуге үзілді-кесілді қарсы. Сондықтан олар, міндетті төлемдерді біріктіріп, бірыңғай төлем жасауды ұсынып отыр.

Толығырақ:

21 viewsArailym Kapasbek, edited  05:02
Ашу / Түсініктеме
2022-07-08 07:57:33
Ақтөбеде жаңа оқу жылынан бастап жұмыссыз қаламыз ба деп алаңдаған байланыс және электротехника колледжінің оқытушылары бүгін бас көтерді.

Сөздерінше облыстық білім басқармасы бес мамандық бойынша орташа білім беретін орынды қыркүйектен бастап теміржол колледжінің құрамына қосқалы жатыр.

Жиналғандар егер екі колледж бірігетін болса онда 100- ге жуық ұстаз жұмыссыз қала ма деп қорқады.

Толығырақ:

19 viewsArailym Kapasbek, edited  04:57
Ашу / Түсініктеме
2022-07-08 07:52:37
Жамбыл облысында адам тістеуге әуес бүлдіршін ата-аналарды үрейлендіріп отыр.

Айтуларынша, бөбекжайға берген балалары тура мағынасында таланып келеді. Әу баста мұны балалыққа балап мән бермеген ата-аналар, жағдайдың жиі қайталануы алаңдатып отыр дейді.

Тіпті оғаш мінезді бүлдіршін соңғы рет тобындағы қатарласын 19 жерінен қан жоса етіп тістелеп тастаған.

Толығырақ:

22 viewsArailym Kapasbek, edited  04:52
Ашу / Түсініктеме
2022-07-05 14:17:24
Сколько придётся платить за жильё по новой ипотечной программе "12-20-20"

В Казахстане запустили новую ипотечную программу "12-20-20". Аналитики сайта Krisha.kz посчитали, сколько будут платить казахстанцы за жильё разной стоимости, приобретённое по условиям ипотеки.

Известны следующие условия программы:

первоначальный взнос – от 20%;
максимальная сумма займа – до 35 млн тенге в Нур-Султане, Алматы, Шымкенте; до 25 млн в остальных регионах;
ставка для заёмщика – 11-12% годовых;
срок кредита – до 20 лет.

Сайт на примере квартир в разных ценовых категориях рассчитал первоначальный взнос, общий размер кредита, ежемесячные платежи на максимальные 20 лет. При расчёте аналитики предполагали, что заёмщики будут вносить платежи равными долями при ставке 12% годовых. Также указаны необходимый доход семьи и сумма переплаты.

Подробнее читайте на сайте

@informburo.kz
84 viewsArailym Kapasbek, 11:17
Ашу / Түсініктеме
2022-07-05 08:21:36 31 NEWS pinned a photo
05:21
Ашу / Түсініктеме
2022-07-05 08:21:03
Таразда ауласынан шошқа фермасын ашқан кәсіпкер айналасындағылардың ашуын тудырды.

Нәжіс исінен жүріп-тұрудан қалдық деген жұрт кімнен араша сұрарын білмей дал. Өйткені жауапты мамандар қолданыстағы заң бойынша аулаңды жануарлар саябағына айналдырсаң да қолайсыздық үшін жаза жоқ екенін айтады.

Толығырақ:

77 viewsArailym Kapasbek, edited  05:21
Ашу / Түсініктеме
2022-07-05 08:17:10
Семейден небәрі 8 шақырым жерде тұратын Жарқын ауылының тұрғындары, бүгін Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевты іздеп облыс әкімдігінің алдына жиналды.

Халық бюджеттен 200 миллион теңге бөліп, жолдарын жөндеп беруге уәде еткен қала әкімінің сылбыр қимылына шағым айтты. Жаз ортасы таяса да құрылыс әлі басталмады дейді жиналғандар.

Ал, аймақ басшысы алдына келген елді "қырқына шыдаған, қырық біріне де шыдайды" деп шығарып салды.

Толығырақ:

68 viewsArailym Kapasbek, edited  05:17
Ашу / Түсініктеме
2022-07-05 08:05:30
Талдықорғандағы көпқабатты үйлердің бірінің ауласындағы қоқыс жәшігінен жаңа туған шақалақтың мәйіті табылды.

Ақ орамалға оралған баланың денесін таң сәріде сол маңдағы тұрғындардың бірі тапқан. Куәгер сәбидің тіпті кіндігі де кесілмеген дейді.

Толығырақ:

63 viewsArailym Kapasbek, edited  05:05
Ашу / Түсініктеме
2022-07-05 08:03:28
60-тан астам отандасымыз Өзбекстаннан Қазақстанға өте алмай отыр.

Көрші елге қыдырып барған қазақстандықтар Даут-Ата бекетінен өтеміз деп жоспарлаған. Алайда, Өзбекстан тарапы елдегі жағдайға байланысты шекараны уақытша жапқандықтан, қарбалас басталған.

Қазір бекеттен жеңіл және жүк көліктерінің өтуіне тыйым салынған. Төрт күн көлікте түнеп жатқан кішкентай балалардың ыстығы көтеріліп, қариялардың денсаулығы нашарлап жатыр екен.

Ал Сыртқы істер министрлігі отандастырымызға үш уақыт тамақ беріп, жәрдемдесіп жатқандары туралы ақпарат таратты.

Сондай-ақ, екі ел арасында Қазақстан азаматтарын өткізу бойынша келіссөздер де жүргізіліп жатыр екен. Алайда, шекараның қашан ашылатыны белгісіз.

Толығырақ:

60 viewsArailym Kapasbek, edited  05:03
Ашу / Түсініктеме