Get Mystery Box with random crypto!

60-тан астам отандасымыз Өзбекстаннан Қазақстанға өте алмай от | 31 NEWS

60-тан астам отандасымыз Өзбекстаннан Қазақстанға өте алмай отыр.

Көрші елге қыдырып барған қазақстандықтар Даут-Ата бекетінен өтеміз деп жоспарлаған. Алайда, Өзбекстан тарапы елдегі жағдайға байланысты шекараны уақытша жапқандықтан, қарбалас басталған.

Қазір бекеттен жеңіл және жүк көліктерінің өтуіне тыйым салынған. Төрт күн көлікте түнеп жатқан кішкентай балалардың ыстығы көтеріліп, қариялардың денсаулығы нашарлап жатыр екен.

Ал Сыртқы істер министрлігі отандастырымызға үш уақыт тамақ беріп, жәрдемдесіп жатқандары туралы ақпарат таратты.

Сондай-ақ, екі ел арасында Қазақстан азаматтарын өткізу бойынша келіссөздер де жүргізіліп жатыр екен. Алайда, шекараның қашан ашылатыны белгісіз.

Толығырақ: