Get Mystery Box with random crypto!

31 NEWS

Telegram арнасының логотипі otyzbir — 31 NEWS 3
Telegram арнасының логотипі otyzbir — 31 NEWS
Арна мекенжайы: @otyzbir
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 872
Арнадан сипаттама

Новости Казахстана и мира. Официальный Telegram 31 канала.

Ratings & Reviews

4.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 6

2022-07-28 05:48:59
Исследования Ranking показали, что людей, которых устраивает финансовое положение, стало больше на 10% по сравнению с прошлым годом.

И, как правило, это те, кто открыл свой бизнес. А вот большинство наемных работников — чуть больше 30% — напротив, хотят изменить свой нынешний доход.

Но вот, что интересно: 65% респондентов устраивает место работы, нежели зарплата, которую они там получают.

Подробнее:

45 viewsArailym Kapasbek, edited  02:48
Ашу / Түсініктеме
2022-07-28 05:42:21
Елімізде темір тұлпар бағасы аспандағалы бері Грузия мен Әзірбайжаннан автокөлік сатып алып жатқандар көбейді.

Жүргізушілер бұл елдерде Қазақстандағы бағаға қарағанда көлік құны екі есе арзан екенін айтады. Ал Мемлекеттік кірістер комитеті Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін үшінші елдерден уақытша кіргізілетін көліктерге ел аумағында бір жыл ғана жүруге рұқсат берілетінін ескертті.

Егер мұндай елдерден көлік кіргізіп, ел ішінде алып қаламын десеңіз міндетті түрде кедендік салықтарды төлеуіңіз керек.

Толығырақ:

40 viewsArailym Kapasbek, edited  02:42
Ашу / Түсініктеме
2022-07-28 05:37:20
Отандық өндірушілер шет елдік кондитерлермен бәсекеге дайын болмай шықты.

Дәл қазір көптеген кәсіпкер банкроттықтың сәл-ақ алдында тұрмыз деп ашынып отыр. Өйткені еселеп өскен қант құны мен құмшекердің қажетті көлемде табылмауы тығырыққа тіреген. Ал бизнесін сақтап қалу үшін тәтті тағамның бағасын көтерсе, тұтынушыларынан, көтермесе кәсіптерінен айырылып қалмақ.

Бірақ нарықтық бәсеке мұндайды кешірмейді дейді кондитерлер. Экономистер болса, Үкімет шағын және орта бизнесті анық қолдағысы келсе, салықтан босатып, қосымша көмек беруі тиіс деп санайды.

Толығырақ:

36 viewsArailym Kapasbek, edited  02:37
Ашу / Түсініктеме
2022-07-28 05:35:17
Қазақстанда жыл сайын 100 мың адам жұмыссыз ретінде тіркеліп, әлеуметтік сақтандыру қорынан төлем алып келеді.

Биыл жарты жылдың ішінде 60 мыңнан астам азаматқа 8 миллиард теңгеден астам қаржы берілген. Қордан бөлінетін қаражаттың көлемі әр адамның еңбек өтіліне қарай тағайындалады.

Алғашқы алты айда қызметке орналаспасаңыз, қорға барып тағы да өтінім беруге болады.

Толығырақ:

39 viewsArailym Kapasbek, edited  02:35
Ашу / Түсініктеме
2022-07-27 06:14:33 31 NEWS pinned a photo
03:14
Ашу / Түсініктеме
2022-07-27 06:13:01
Жақында ғана Президенттен сөгіс алған министрлер Бақыт Сұлтанов пен Ербол Қарашөкеев бүгін Елордада брифинг өткізді.

Қос министр қат болып тұрған қант тапшылығын шешу үшін отандық шикізаттан құмшекер өндіріп, сол арқылы импортқа тәуелділікті азайтумыз керек дейді. Қарашөкеев пен Сұлтанов та дүкенге барып бағаны өз көздерімен көрген сыңайлы.

Өздері қантсыз шәй ішетін министрлер тәттінің проблемасын қайтіп шешпек?

Толығырақ:

57 viewsArailym Kapasbek, edited  03:13
Ашу / Түсініктеме
2022-07-27 06:10:51
Елімізде зергерлік бұйымдардың бағасы күннен-күнге қымбаттап барады.

Еnergyprom.kz сарапшыларының мәліметінше, алтын әшекейлердің құны бір жылда 35 пайызға көтерілген. Оның ішінде әсіресе неке сақиналарының бағасы 39 пайызға өскен.

Сондай-ақ, алтыннан жасалған қол сағаттардың да құны шарықтап, 15 пайызға дейін қымбаттаған. Ал тұрғындар бұл қымбатшылық қолдан жасалған деп отыр.

Толығырақ:

50 viewsArailym Kapasbek, edited  03:10
Ашу / Түсініктеме
2022-07-27 06:07:29
Таразда мыңға жуық түтіні бар Барысхан шағын ауданы бес күннен бері ауыз сусыз қалды.

Тұрғындар ми қайнатар ыстықта апталап тіршілік нәрінен тарығып қалудан әбден мезі болған. Төрт жылдан бері көрген күніміз осы деген ел, қала билігіне өкпелі.

Айтуларынша, әкімдіктің айналасындағылар ауыз су құбырын ақша жасаудың амалына айналдырып алғандай. Тілшіміз Нұрадин Рақай ауыз судың әлегін арнайы барып көріп қайтқан еді.

Толығырақ:

48 viewsArailym Kapasbek, edited  03:07
Ашу / Түсініктеме
2022-07-27 06:05:34
Шымкенттің «Нұртас» шағын ауданының халқы үйлерінің іргесінен бой көтерген бетон құю зауытының жұмысына үзілді-кесілді қарсылық білдіріп, көшеге шықты.

Тұрғындар ондағы қондырғының дауысы ұйқымызды қашырып, тас пен құм ауаны ластап жатыр дейді. Зауыт ауласынан көтерілетін шаң-тозаңнан демалу мүмкін емес. Тіпті Нұртастықтар терезені ашудан қалған.

Толығырақ:

46 viewsArailym Kapasbek, edited  03:05
Ашу / Түсініктеме
2022-07-26 05:09:48
В Караганде почтальоны требуют повысить им зарплату.

Многие из них не получают даже минимальную. Говорят, с нынешними ценами на продукты приходится экономить почти на всем.

Первую забастовку сотрудники Казпочты организовали еще в марте. И тогда руководство обещало решить проблему. Но до сих пор ничего не изменилось, утверждают некоторые курьеры.

Подробнее:

76 viewsArailym Kapasbek, edited  02:09
Ашу / Түсініктеме