Get Mystery Box with random crypto!

31 NEWS

Telegram арнасының логотипі otyzbir — 31 NEWS 3
Telegram арнасының логотипі otyzbir — 31 NEWS
Арна мекенжайы: @otyzbir
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 872
Арнадан сипаттама

Новости Казахстана и мира. Официальный Telegram 31 канала.

Ratings & Reviews

4.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 2

2022-09-01 05:20:33
Үкімет басшысынан қатарынан жауапты екі шенеунік сөгіс алса да, елімізде дизель тапшылығы түбегейлі шешілер емес.

Бүгін отын жетіспеушілігінің негізгі себептерін талқыға салған премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр қыркүйекте жағдай түзеледі деп уәде беріп отыр. Және мұнай өңдеу зауыттарының өндіру мен логистикада жүйелі кемшіліктер жібергендігін мойындады.

Ал елімізде жанармайдың жоқтығынан трассаларда әлі күнге дейін жүк көліктері қаңтарылып тұр.

Толығырақ:

49 viewsArailym Kapasbek, edited  02:20
Ашу / Түсініктеме
2022-09-01 05:16:29
Нұр-Сұлтандағы мектептердің бірінен шу шықты.

Ата-аналарға оқу жылының басталуына санаулы күн қалғанда қазақ сыныбы ашылмайды деген хабар жеткен. Мектеп директоры мәселені 10-шы сыныпқа баратын бала саны аз деп түсіндірген.

Сондай-ақ, арнайы құжатқа сай бір сынып ашылу үшін кемінде 25 бала болуы керек деп отыр.

Толығырақ:

44 viewsArailym Kapasbek, edited  02:16
Ашу / Түсініктеме
2022-09-01 05:14:14
Атырау облысында үйлері терможаңғырту бағдарламасымен жөнделген тұрғындар наразылық білдірді.

Олар жасалған жұмыстарға көңіліміз толмайды дейді. Айтуларынша, тозығы жеткен үйлерін қайта қалпына келтіруді қолға алған мердігерлер жұмысты сапасыз жүргізген. Соның салдарынан 1 ай өтпей жатып, жасаған жерлері қайта қирап қалған.

Ал сапасыз жұмыс үшін ай сайын мердігер мекемеге 10 мың теңгеден бермейміз деген халық, жауаптылардан жөндеуді қайта жүргізсін деп талап қойып отыр.

Толығырақ:

42 viewsArailym Kapasbek, edited  02:14
Ашу / Түсініктеме
2022-09-01 05:12:17
«Сенің сұрауың жоқ, ұқтың ба?» Алматы облысында төрт жеткіншекті асырап алған әйел қамқорлығындағы балаларды қорлап келген болуы мүмкін.

Міне, мына бейнежазбада әлденеге ашулы келіншектің балаларға ауызына келгенін айтып, балағаттап, боқтап, қолына түскен бұйымды лақтырып жіберген сәті түсірілген. Тіпті жеткіншектерді қорғауы тиіс әйел «өлтіремін» деп бірнеше рет қайталайды.

Оқиға Іле ауданына қарасты Байсерке ауылында болыпты. Әкімдік өкілдері, баспанасынан отбасылық балалар үйін жасақтаған келіншек арнайы курстан өткізіліп, тәжірибе жинақтаған деп отыр. Ал басы бәлеге қалған әйел балаларға тәрбие беру үшін кейде ұрсатынын мойындайды.

Толығырақ:

52 viewsArailym Kapasbek, edited  02:12
Ашу / Түсініктеме
2022-08-26 09:46:24 31 NEWS pinned a photo
06:46
Ашу / Түсініктеме
2022-08-26 09:46:11
Оқу жылы әлі басталған жоқ. Бірақ әр өңірде «Сағатымыз азайып, жалақымыз қысқарғалы жатыр» деген жанайқайымен ұстаздар жиі жиналып жатыр.

Соңғы бір аптада әр өңірден «дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері, «министр бұрынғы білім беру жүйесін қалпына келтірсін» деген талаптарын айтып, наразылыққа шыққан еді. Енді бұл топқа орыс тілі және өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдері қосылды.

Толығырақ:

88 viewsArailym Kapasbek, edited  06:46
Ашу / Түсініктеме
2022-08-26 09:37:05 31 NEWS pinned a photo
06:37
Ашу / Түсініктеме
2022-08-26 09:35:21
Жетісу облысында жедел жәрдем қызметкері демікпе дертіне шалдыққан әйелге, қан қысымын көтеретін уколды шатастырып салып жіберген.

Салдарынан, ауруы асқынып, арнайы аппараттың ғана көмегімен тыныстап отырғанын айтады 39 жастағы Светлана Койчубаева. Оның айтуынша, бұған жұмысына салғырт қараған фельдшер кінәлі. Сондықтан, келіншек қызметіне атүсті қарады маманды жауапқа тартуды талап етеді.

Толығырақ:

79 viewsArailym Kapasbek, edited  06:35
Ашу / Түсініктеме
2022-08-26 09:33:23
Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында қызмет көрсете алатын жеке меншік клиникалардың саны артады.

Соның арқасында ел азаматтары қалаған клиникаларында тиісті ем-домын қабылдайтын болады. Ал осыған дейін емханалар медициналық сақтандыру қорының дерекқорына ену үшін екі жыл кезек күтіп, әртүрлі бюрократиялық кедергілерге тап болатын.

Енді емдеу орталықтары бірден базаға еніп, халыққа қажетті медициналық қызмет түрлерін көрсете бастайды.

Толығырақ:

60 viewsArailym Kapasbek, edited  06:33
Ашу / Түсініктеме
2022-08-26 09:30:44
Қазақстанда соңғы сегіз жыл ішінде 95 мыңнан астам интернет-ресурс бұғатталған.

Мұндай деректі «Internet Freedom» құқық қорғау ұйымы ұсынып отыр. Ал өткен жылдың өзінде 13 мың 200 материал өшіріліпті. Олардың басым бөлігі зорлық-зомбылық, суицид және порнографияны насихаттайтын платформалар екен.

Екінші орында терроризм мен діни экстремизмге үгіттейтін сайттар. Сондай-ақ, ел Үкіметіне қатысты жарияланған сыни материалдар да қатаң бақылауға алынған.

Яғни, биліктің дәл осындай контенттерді өшіруге өтініш жасау үлесі 21 пайызды құрапты. Соңғы екі жылда бұл көрсеткіш күрт өскен. Мәселен, 2020 жылы Үкімет сыни материалдардан соң «Google» корпорациясына 44 хат жолдаса, былтыр 47 хат түсірген.

Толығырақ:

53 viewsArailym Kapasbek, edited  06:30
Ашу / Түсініктеме