Get Mystery Box with random crypto!

31 NEWS

Telegram арнасының логотипі otyzbir — 31 NEWS 3
Telegram арнасының логотипі otyzbir — 31 NEWS
Арна мекенжайы: @otyzbir
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 872
Арнадан сипаттама

Новости Казахстана и мира. Официальный Telegram 31 канала.

Ratings & Reviews

4.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 5

2022-08-02 07:16:51 31 NEWS pinned a photo
04:16
Ашу / Түсініктеме
2022-08-02 07:16:31
Жетісу облысында айдың-күннің аманында кісі қолымен айуандықпен өлтірілген 15 жастағы Құралай Қисабекованың жақындары қылмыскердің туыстары ауылдан көшірілсін деген талап қойып отыр.

Үкілеп отырған қызымызды зорлап, өлтіріп, өртеп жіберген күдіктінің туыстарымен бір ауылда жер басып жүре алмаймыз, - дейді қайғыдан қан жұтқан әулет.

Естеріңізге сала кетейік, Панфилов ауданының Шолақай ауылында 21 шілде күні жоғалып кеткен оқушы қыздың бір аптадан кейін көмілген жерінен денесі табылып еді.

Толығырақ:

35 viewsArailym Kapasbek, edited  04:16
Ашу / Түсініктеме
2022-08-02 07:10:56
Кемертоған халқы Үлкен Алматы айналма жолының кесірінен қоршауда қалдық деп отыр.

Айтуларынша, күре жолдың жобасында елдімекендерге кіріп-шығатын жол айырықтарын салу қарастырылмаған. Осы себепті қазір айналма жолдың екі бетіндегі ел игілікке қол жеткізе алмай қалыпты. Тіпті жолдың келесі бетіндегі аурухана, мектеп, поштаға бару үшін қаланы айналып, әрең жетеді.

Ал тиіп тұрған жердегі жедел жәрдем мен полицейлер ауылға кіре алмай қалған. Осыны айтқан кемертоғандықтар жолды жауып, жаңа жол айырық пен көпір салып беруді талап етіп отыр.

Толығырақ:

29 viewsArailym Kapasbek, edited  04:10
Ашу / Түсініктеме
2022-08-02 07:09:02
Әскерге борышын өтеуге барып, опат болып жатқандар азаймай тұр.

Өткен демалыста ұлттық ұланның екі бірдей сарбазы өзіне қол жұмсады. Маңғыстау облысында отыз екі жастағы әскери бөлімнің аға сержанты өз үйінің дәретханасында асылып қалған.

Ал, екінші жағдай Степногорск қаласында болды. 27 жастағы сарбаз сенбі күні кешкі сағат 9-дар шамасында кезекшіден дәретханаға сұранып кетеді. Біраз уақыттан кейін оны шақырып келуге шыққан кезекші сарбаз автопарк аумағында орналасқан қойма ішінде сарбаздың асылып тұрған денесін көрген.

Толығырақ:

31 viewsArailym Kapasbek, edited  04:09
Ашу / Түсініктеме
2022-07-29 07:26:21 31 NEWS pinned a photo
04:26
Ашу / Түсініктеме
2022-07-29 07:26:05
«Бас сүйегін, қабырғаларын сындырған. Үш жерінен пышақ салған. Атқан. Азаптап өлтірген».

Алматы облысында күйеуінің денесін осындай күйде көрген келіншек - марқұмның қазасына бір ғана адам емес, бірнеше адамның қатысы бар, бірақ полиция тек бір күдіктіні ғана қамады» деп күйініп отыр.

Толығырақ:

21 viewsArailym Kapasbek, edited  04:26
Ашу / Түсініктеме
2022-07-29 07:22:32
Маңғыстау облысында кешелі бері толассыз жаңбыр жауып, Ақтау көшелері мен аудандағы жер үйлерді су басып қалды.

Тіпті тізеден асатын судан көліктер өте алмай, қалада қозғалыс қиындаған. Кей жүргізушілер тіпті мемлекеттік нөмірлерін жоғалтып әбігерге түссе, жаңбыр суы кәсіпкерлерді де шығынға шаш етектен батырған.

Қазір қаладағы коммуналдық қызметкерлер күшейтілген режимде жұмыс істеуге көшті. Олардың айтуынша, бір түнде жауған жаңбыр 1 айлық нормамен теңескен.

Толығырақ:

22 viewsArailym Kapasbek, edited  04:22
Ашу / Түсініктеме
2022-07-29 07:18:29
Қазақстан азаматтары бұдан былай міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қызметін бір жыл бұрын ала алады.

Ол үшін 12 айға алдын ала төлем жасауы тиіс. Бұл өзгерістер қыркүйек айынан бастап енгізіледі.

Толығырақ:

20 viewsArailym Kapasbek, edited  04:18
Ашу / Түсініктеме
2022-07-29 07:16:21
Қазақстандықтардың жеке дерегі арнайы сайтта қолжетімді болмақ.

Онда, азаматтың жеке куәлігінен бастап, бұрынғы қызметінен кету себебі туралы мәліметтерге дейін жазылады. Алайда, ақпаратты кез келген адам алып, оңды-солды қолдана алмайды.

Сіз туралы мәлімет тек сіздің рұқсатыңызбен беріледі. Ал, мұндай жаңашылдыққа қатысты халық екі түрлі пікір білдіріп жатыр.

Толығырақ:

21 viewsArailym Kapasbek, edited  04:16
Ашу / Түсініктеме
2022-07-28 05:49:30 31 NEWS pinned a photo
02:49
Ашу / Түсініктеме