Get Mystery Box with random crypto!

31 NEWS

Telegram арнасының логотипі otyzbir — 31 NEWS 3
Telegram арнасының логотипі otyzbir — 31 NEWS
Арна мекенжайы: @otyzbir
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 872
Арнадан сипаттама

Новости Казахстана и мира. Официальный Telegram 31 канала.

Ratings & Reviews

4.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 3

2022-08-26 09:27:32
Жаңа оқу жылының басталуына тура бір апта қалса да, елдегі мектеп тапшылығының мәселесі әлі де шешілер емес.

Атырау облысындағы мыңнан астам халық қоныстанған "Жұлдыз-3" ықшам ауданының тұрғындары балаларын қайда апарып оқытарын білмей отыр. Айтуларынша, аудандағы жалғыз мектепте орын жоқ.

Сондықтан, жұрт ұл-қыздарын шалғайдағы ауылдарға тасуға мәжбүр. Ал, қыста онда қатынау қиын деген тұрғындар, әкімдіктегілерге бұл мәселені дереу шешсін деп талап қойды.

Толығырақ:

62 viewsArailym Kapasbek, edited  06:27
Ашу / Түсініктеме
2022-08-25 08:54:08
Болат Назарбаев 5 жыл ішінде 244 гектарға жуық 59 жер телімін заңсыз иемденген.

Қаскелең, Талғар, Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларындағы бұл жерлердің бағасы нарықта жүздеген миллион доллар тұрады.

Бұл туралы «AMANAT» партиясы жанындағы Мемлекеттік басқаруды дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Республикалық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы кезінде Кеңес төрағасы Ерлан Саиров айтты.

Толығырақ:

80 viewsArailym Kapasbek, edited  05:54
Ашу / Түсініктеме
2022-08-25 08:52:18
Қазақстанда тұрғын үй бағасы алдағы күзден бастап төмендейді.

Еліміздегі жылжымайтын мүлік сату орталықтарының мамамандары осылай деп болжап отыр. Олардың мәліметінше, жер үйлердің құны қазірдің өзінен арзандай бастаған. Соған қарамастан сатып алушы жоқ.

Дегенмен, жылжымайтын мүлік нарығының сарапшылары бұл пікірді жоққа шығарады. Айтуларынша, жаңа тұрғын үй кешендеріндегі пәтер құны шарықтамаса, кері кетпейді. Баға саясатына құрылыс материалдарының қымбаттауы себеп екен.

Толығырақ:

64 viewsArailym Kapasbek, edited  05:52
Ашу / Түсініктеме
2022-08-25 08:50:25
Елімізде 600-ге жуық емхана жетіспейді.

Оның үстіне дәрігер тапшылығы тағы бар. Әсіресе шалғай елдімекендерде жағдай тіпті күрделі. Медицина қызметкерлері болмағандықтан фельдшерлік-акушерлік пунктер жабық тұр.

Мәселен, Қарағанды облысы Тоғызқұдық ауылындағы тұрғындар ауылда тым болмаса бір ақ халатты маманның жоқтығынан, ауырса да алыстағы аудандық емханаға өз аяқтарымен баруға мәжбүр екендерін айтады.

Толығырақ:

61 viewsArailym Kapasbek, edited  05:50
Ашу / Түсініктеме
2022-08-25 08:48:15
Маңғыстау облысында 30 жыл бойы халыққа қауіп төндірген «Қошқар ата» қоймасын қалпына келтіру жұмысы жүргізіліп жатыр.

Ондағы әлсіз радиоактивті қалдықтардың топырақ бетінде орналасуынан, жақын маңдағы 3 елді-мекенге қауіп төніп тұр. Сондықтан өңірдің экологиялық мәселесі республика деңгейінде өзекті. Былтыр қыркүйекте Президент Үкіметке және облыс әкімдігіне «Қошқар-ата» қалдық қоймасын үш жыл ішінде аяқтауды тапсырған еді. Ал осыған дейін мамандар 426 гектар жерге рекультивация жасап үлгеріпті.

Толығырақ:

65 viewsArailym Kapasbek, edited  05:48
Ашу / Түсініктеме
2022-08-24 09:47:48
Энергетика министрлігінің дизель отынын сатудағы сараланған бағасына қатысты күні кеше ғана шыққан бұйрығына көлік жүргізушілері қарсы.

Олардың айтуынша, жаңа бұйрық көлеңкелі бизнестің өрбуіне әкеп соғады. Яғни жол бойындағы жергілікті жұрт күнбе-күн 300 литрден жинап-ақ, алып-сатарлықпен айналысып кетеді.

Сондықтан дизель алуда ұзын-сонар кезек пен қолдан жасалатын тапшылыққа кез болмау үшін бір топ жүргізуші сұйық отын сатуда өз ұсыныстарын жеткізді.

Толығырақ:

78 viewsArailym Kapasbek, edited  06:47
Ашу / Түсініктеме
2022-08-24 09:45:31
О причинах затянувшегося ремонта дорог рассказали представители «КазАвтоЖол».

В компании переживают, что не оправдают ожидания Президента и не успеют сдать к срокам трассы Западного и Восточного Казахстана. Мешает это сделать нехватка дизельного топлива, битума и целый ряд других факторов.

Одна из главных магистралей страны — автодорога от Алматы до Нур-Султана — до сих пор ждёт завершения капитального ремонта. За него власти взялись почти 10 лет назад. В настоящее время работы продолжаются, и автолюбителям придётся прождать еще как минимум три года, чтобы ездить по ней с комфортом.

Подробнее:

65 viewsArailym Kapasbek, edited  06:45
Ашу / Түсініктеме
2022-08-24 09:45:22 31 NEWS pinned a photo
06:45
Ашу / Түсініктеме
2022-08-24 09:43:16
Қазақстанда ақылы түрде киік атуға рұқсат берілуі мүмкін.

Экология министрі Серікқали Брекешов киік санын реттеуге қатысты көптің көкейінде жүрген сауалға бүгін Үкімет отырысында жауап берді. Елімізде 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін ақбөкендерді атуға ресми түрде тыйым салынған.

Толығырақ:

59 viewsArailym Kapasbek, edited  06:43
Ашу / Түсініктеме
2022-08-24 09:39:42
Ақтөбеде екі бірдей мүгедек баласын жекеменшік оңалту орталығына әкелген Гүлбану Жамбозова әділдік іздеп жүр.

Келіншектің айтуынша, айналдырған екі аптада ем алуға келген егіз ұлдарының бірінің башпайы сынған, енді бірінің иығы шыққан. Ол бұған балаларды қараусыз қалдырған дәрігерлер кінәлі дейді. Сондықтан, ондағы мамандарды жауапқа тартуды талап етеді.

Әрі орталықтағылар кешірім сұрамақ түгілі, ұлдарыма алғашқы медициналық көмек те көрсетпеді деп отыр. Дегенмен, сауықтыру мекемесінің иесі тұрғынның бұл шағымымен мүлдем келіспейді.

Толығырақ:

56 viewsArailym Kapasbek, edited  06:39
Ашу / Түсініктеме