Get Mystery Box with random crypto!

31 NEWS

Telegram арнасының логотипі otyzbir — 31 NEWS 3
Telegram арнасының логотипі otyzbir — 31 NEWS
Арна мекенжайы: @otyzbir
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 872
Арнадан сипаттама

Новости Казахстана и мира. Официальный Telegram 31 канала.

Ratings & Reviews

4.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 4

2022-08-24 09:37:29
Алматылықтар осыдан үш жыл бұрын Жоғарғы сот шығарған үкім орындалмай жатыр деп наразы.

Айтуларынша, кооперативке көрші тұратын кәсіпкер тұрғындарға тиесілі 16 соток жерді заңсыз меншіктепті. Оған қоса, мемлекет меншігіндегі 2 гектар алқапты рәсімдеп алған. Ал өздеріне тиесілі телімді қайтарып алуға ниетті ел сотқа арызданған.

Судья істі тұрғындардың үлесіне шешіп, кәсіпкеркерді заңсыз тұрғызған ғимараттарын бұзуға міндеттеген. Бірақ нәтиже жоқ деді ашынған алматылықтар. Сол үшін Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек, үндеу жасап отыр.

Толығырақ:

63 viewsArailym Kapasbek, edited  06:37
Ашу / Түсініктеме
2022-08-23 07:22:58 31 NEWS pinned a photo
04:22
Ашу / Түсініктеме
2022-08-23 07:22:45
Қазақстанда дизель отынына дифференциалды баға бекітілді.

Енді шетелдік көліктерге сұйық отын қымбатқа сатылады. Энергетика министрлігінің осындай бұйрығы бүгіннен бастап күшіне енді. Жаңа бұйрықтың негізінде қазақстандықтар дизельдің литрін 230-260 теңге аралығында сатып ала алады.

Оның өзінде шектеу бар. Жеңіл көлікке күніне 100 литр дизель берілсе, жүк көліктеріне 300 литрден артпауы тиіс. Ал шетелдіктер мен 300 литрлік шектеуден артық алғысы келетін қазақстандықтар үшін сұйық отын - 450 теңгеден беріледі.

Толығырақ:

88 viewsArailym Kapasbek, edited  04:22
Ашу / Түсініктеме
2022-08-03 08:04:21
Биліктің жұмыс күші тапшы солтүстікке халқы тығыз орналасқан оңтүстік аймақтардан еңбекке қабілетті азаматтарды тарту бағдарламасы нәтижелі бола қоймаған сияқты.

Өйткені тек биыл 1320 адам ғана қоныс аударған. Ал Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов тағы 2556 адам қоныс аударады дейді .

Өңір басшының ақпаратынша, жыл басынан бері көшкендердің тек жартысына жуығы ғана тұрақты жұмысқа орналасқан.

Толығырақ:

46 viewsArailym Kapasbek, edited  05:04
Ашу / Түсініктеме
2022-08-03 08:02:08 31 NEWS pinned a photo
05:02
Ашу / Түсініктеме
2022-08-03 08:00:24
Әкімдерге наразылық білдіріп тұрған жұртшылық Шымкенттің әуежайына тым жақын орналасқан үйлердің тұрғындары.

Жуырда әуежайды тексерген Азаматтық авиация комитеті Шымкент әуежайының санитарлық аумағына кіріп кеткен 91 нысан комиссиясының тиісті қорытындысын алмағанын, құрылысқа азаматтық авиация саласының өкілетті органы рұқсат бермегенін анықтаған.

Бұл ұшақтың көтерілу жолағын ұзартуға, жарықшамдарды айнала орнатуға кедергі әрі жолаушылардың өміріне қауіпті деген шешімге келген. Заң талаптары дереу ретке келтірілмесе, Шымкент әуежайының жабылуы мәселесе қаралатынын да айтқан. Осыдан кейін әкімдік заңсыз үйлерді анықтауға кіріскен.

Толығырақ:

41 viewsArailym Kapasbek, edited  05:00
Ашу / Түсініктеме
2022-08-03 07:57:52
Алматыда Мәдениет шағынауданының тұрғындары наразылыққа шықты.

Жер алып жеке меншік үй тұрғызған тұрғындар ауданның бас жоспарының өзгеруіне қарсы. Өйткені жаңа сәулет жоспары қабылданып, балабақша мен стадион салынса халық үйсіз қалады.

Әлеуметтік маңызы бар нысандарды салатын бос жатқан жердің барын айтқан олар үйімізді талқандауға жол бермейміз деп отыр.

Толығырақ:

38 viewsArailym Kapasbek, edited  04:57
Ашу / Түсініктеме
2022-08-03 07:54:20
Талдықорғанда 76 жастағы кейуана далада қаңғып жүр.

Қыстың қара суығы мен жаздың аптап ыстығында базар маңында қол жайған ананың барар жері, басар тауы жоқ. Әжейдің балалары жоқ емес, бар.

Бірақ олар Қытайда екен. Балаларына күш салғым келмейді деген ана жалдамалы пәтердің ақысын төлей алмағандықтан далада қалдым дейді.

Толығырақ:

38 viewsArailym Kapasbek, edited  04:54
Ашу / Түсініктеме
2022-08-03 07:51:00
Тараз түрмесінде сұмдық жағдай. Қаладағы ерекше түзету колониясында жазасын өтеуші жалғыз адам өткір затпен үш қызметкердің кеуде тұсына шыпақ салған.

Жарақат алғандардың бәрі мекеме күзетшілері. Ауруханаға жеткіліген қызметкерлерге қазір ота жасалған. Біреуінің жағдайы өте мүшкіл.

Дәрігерлер оның өкпесі тілініп кеткенін айтады. Ал түзету мекемесінде қару қайдан келді? Жанжалға не себеп?

Толығырақ:

40 viewsArailym Kapasbek, edited  04:51
Ашу / Түсініктеме
2022-08-02 07:19:06
Жамбыл облысы Қаракемер ауылы тұрғындары жаңа оқу жылында балаларын мектепке жібермеуге бел буып отыр.

Себебі оқу ұясында балалардың білім алуына мүлдем мүмкіндік жоқ. Анығы 300 балаға арналған мектептің асханасы, акт залы, кітапханасы, спорт залы дәріс оқитын сыныптарға айналған. Ал қосымша үйірмелер мұнда тіпті өткізілмейді.

Бұл мәселені мектеп басшылығы да жоққа шығарып отырған жоқ. Бірақ жаңа мектеп ауылға жуық арада бұйырмайтын сияқты. Себебі бірер жыл бұрын қосымша ғимарат салынған. Енді оқушы саны екі еселенбей мектеп құрылысы басталмайды.

Толығырақ:

41 viewsArailym Kapasbek, edited  04:19
Ашу / Түсініктеме