Get Mystery Box with random crypto!

31 NEWS

Telegram арнасының логотипі otyzbir — 31 NEWS 3
Telegram арнасының логотипі otyzbir — 31 NEWS
Арна мекенжайы: @otyzbir
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 872
Арнадан сипаттама

Новости Казахстана и мира. Официальный Telegram 31 канала.

Ratings & Reviews

4.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 9

2022-07-14 08:18:51
Енді несиесі бар қазақстандықтар кредит ала алмауы мүмкін.

Яғни, табысы аз борышкерлердің қайтара қарыз алуына заң жүзінде шектеу қойылып отыр. Әрі қаржы ұйымдары үшін тұрғындардың несие тарихы туралы барлық ақпарат қолжетімді болады.

Микроқаржылық ұйымдар да базасын бұрынғыдай екі апта ішінде емес, күнде жаңартып отыруға міндеттелді. Сол арқылы банктер қарыз алушы төлемге қабілетті ме, жоқ па анықтамай алады.

Толығырақ:

14 viewsArailym Kapasbek, edited  05:18
Ашу / Түсініктеме
2022-07-13 15:17:26
При попытке пересечь границу задержан Нурлан Масимов

"13 июля при попытке пересечения государственной границы с Российской Федерацией по поддельным документам на территории Восточно-Казахстанской области задержан Масимов Нурлан Мырзаханович", - сообщили в Антикоррупционной службе.

Экс-начальника департамента полиции Павлодарской области подозревают в получении крупной взятки. За информацию о его местонахождении обещали награду в 12,7 млн тенге.

@informburo.kz
56 viewsArailym Kapasbek, 12:17
Ашу / Түсініктеме
2022-07-13 08:25:30 Доллар бағамы күрт көтеріліп, теңге әлсірей бастады.

Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша АҚШ валютасы 473 теңге 62 тиын болып тұр. Яғни, доллар 8 теңге 77 тиынға қымбаттап кеткен.

Ал Ұлттық банктің 12 шілдеге арналған доллар бағамы 464 теңге 85 тиын еді. Қазір Алматыдағы ақша айырбастау бекеттері шетел валютасын 474 теңгеге сатып алып, 478 теңгеге сатып жатыр. Нұр-Сұлтанда 1 долларды 472 теңге 70 тиынға бағалап отыр.

@INFORMBURO31
75 viewsArailym Kapasbek, edited  05:25
Ашу / Түсініктеме
2022-07-13 08:24:41 31 NEWS pinned «Қазақстан азаматтарының баспана сату мен сатып алу белсенділігі былтырғы жылға қарағанда 43 пайызға төмендеген. Жалпы елімізде биыл маусым айында үй сату-сатып алу бойынша 31 мыңнан астам келісімшарт жасалған екен. Бұл көрсеткіш мамыр айымен салыстырғанда…»
05:24
Ашу / Түсініктеме
2022-07-13 08:24:34 Қазақстан азаматтарының баспана сату мен сатып алу белсенділігі былтырғы жылға қарағанда 43 пайызға төмендеген.

Жалпы елімізде биыл маусым айында үй сату-сатып алу бойынша 31 мыңнан астам келісімшарт жасалған екен. Бұл көрсеткіш мамыр айымен салыстырғанда 1,7 пайызға артқан.

Бірақ Ұлттық статистика бюросының есебі бойынша, өткен жылғы көрсеткіштен едәуір аз. Маусымда баспана сату бойынша ең көп келісімшарт Алматы қаласында жасалған. Мұнда 4410 тұрғын үй сатылған.

Ал Нұр-Сұлтан қаласында бір ай ішінде 3850 сату-сатып алу келісімшарты тіркелген. Ал ең аз келісімшарт жасалған өңір - Солтүстік Қазақстан облысында 686 баспана сатылыпты.

@INFORMBURO31
71 viewsArailym Kapasbek, 05:24
Ашу / Түсініктеме
2022-07-13 08:21:23
Премьер-министр Әлихан Смайылов жауапты ведомстволарға қант өнімін жеткізуді бақылауға алуға, тұрақтандыру қорындағы өнім мөлшерін толтыруға, сондай-ақ қантты интернет арқылы заңсыз сатып жатқандарға тосқауыл қоюға тапсырма берді.

Ал ауылшаруашылық министрлігіндегілер қант зауытын жаңғыртып, қант қызылшасын өсіруді субсидиялауды жоспарлаумен ғана шектеліп отыр. Қарапайым халық болса әлі күнге қант іздеп сабылуда. Тіпті жетпеген құмшекер үшін таласып жатыр.

Толығырақ:

58 viewsArailym Kapasbek, edited  05:21
Ашу / Түсініктеме
2022-07-13 08:19:29
Енді жолды қалай болса солай жөндеп, сапасыз асфальт төсеп кететін компанияларға тықыр таянды.

Елдімекендердегі жөнделген жолдардың сапасы сын көтермесе, жолдың жобасын жасаған және техникалық бақылау жүргізген компания жауапкершілікке тартылмақ. Қазір заң жобасы әзірленіп, құжат мәжілістің қарауында.

Транспортқа қатысты заңда жөнделген жолдарға міндетті түрде сараптама жасалу керек делінген. Ал, ол тексерісті "Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы" жасайды. Көкшетау көрікті болғанымен, көлік жүретін жолдары ойылып, шұрық-тесігі көбейген.

Толығырақ:

52 viewsArailym Kapasbek, edited  05:19
Ашу / Түсініктеме
2022-07-13 08:17:35
Еліміздің солтүстігінде Ұлттық қордың ақшасы тиімсіз жұмсалып жатыр.

Жергілікті билік өкілдері қордан алған миллардтаған қаражатты аудандағы жолға қиыршық тас төсеуге жұмсаған.

Ең сорақысы, жасалып жатқан жөндеу жұмыстарының сапасы сын көтермейді дейді көпшілік.

Толығырақ:

51 viewsArailym Kapasbek, edited  05:17
Ашу / Түсініктеме
2022-07-13 08:14:04
Таразда «ҚазФосфат» минералды тыңайтқыш зауыты көптің зәре құтын қашырды.

Аймақтағы алып химиялық өндірісте болған апаттан қала көк түтінге "көмкеріліп" қалды.

Енді араға күн салып апатты жағдай тіркелетін өндіріс орнында жоспардан тыс тексеру жүргізеді. Күн жарықта көк тұманда қалған тараздықтар құдды заманақыр бейнелеген кинодағы көріністің куәсі болды.

Толығырақ:

54 viewsArailym Kapasbek, edited  05:14
Ашу / Түсініктеме
2022-07-12 16:49:10 Банки не будут выдавать займы тем, у кого уже есть кредиты

Банки и микрофинансовые организации будут получать из кредитного бюро информацию обо всех кредитах заёмщика, чтобы учитывать его возможности выплатить долг.

По закону, который принял сегодня Токаев, это позволит не допустить выдачу займов уже закредитованным лицам.

Кроме того, закон предусматривает совместный пенсионный аннуитет. Супружеская пара или близкие родственники смогут объединить свои накопления для покупки пенсионного аннуитета. Таким образом, если у одного супруга недостаточно пенсионных накоплений, а у второго имеется излишек, то совместный пенсионный аннуитет позволит им обоим получать пожизненные выплаты.

t.me/orda_kz
34 viewsArailym Kapasbek, 13:49
Ашу / Түсініктеме