Get Mystery Box with random crypto!

NURLY.ISLAM

Telegram арнасының логотипі nurlyislam — NURLY.ISLAM N
Telegram арнасының логотипі nurlyislam — NURLY.ISLAM
Арна мекенжайы: @nurlyislam
Санаттар: Дін
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 7.09K
Арнадан сипаттама

🌙Ислам діні
👑Әбу Ханифа мазхабы
🇰🇿Қмдб Ұстаздары
📸Ой саларлық суреттер
🎥Пайдалы бейнежазбалар

Ratings & Reviews

3.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 6

2022-05-01 00:11:49
2.1K views21:11
Ашу / Түсініктеме
2022-04-29 15:48:18 ПАЙҒАМБАРЫМЫЗДЫҢ ( ﷺ) 600 МЫҢ НАСИХАТҚА ТЕҢ 6 НАСИХАТЫ

Пайғамбарымыздың ( ﷺ): "Уа, Али! алты жүз мың қой қалайсың ба немесе алты жүз мың алтын ба, алты жүз мың насихат па?" - деген сұрағына Хазіреті Али (р.а.):

"Алты жүз мың насихат қалаймын" - деп жауап берді. Пайғамбарымыз ( ﷺ):

"Мына алты насихатқа мойынсұнсаң, алты жүз мың насихатқа мойынсұнған боласың:

1. Барлығы нәпілдермен шұғылданып жатқанда, сен парыздарды орында. Яғни парыздардағы рүкүндері, уәжіптері, сүннеттері, мұстахабтарына мұқият бол.
2. Барлығы дүниемен арпалысып жатқанда, сен Алла Тағаланы еске ал. Яғни дініңмен шұғылдан. Дініңе сай өмір сүр, дініңе сай мал тап, дініңе сай жұмса.
3. Барлығы бір-бірінің кемшілігін іздестіріп жатқанда, сен өз кемшіліктеріңді ізде, өзіңнің кемшіліктеріңмен шұғылдан.
4. Барлығы дүние жинап жатқанда, сен дініңді безендір.
5. Барлығы халыққа жақындауға себеп іздеп, адамдардың ризашылығын іздеп жатқанда, сен Алланың ризашылығын тап. Алла Тағалаға жақындататын амалдар және себеп ізде.
6. Барлығы көп амал жасап жатқанда, сен амалыңның көптігіне емес, ықыласты болуына мұқият бол."

Islam kahramanları 1, Erkam Yayınları

Түрік тілінен қазақшаға аударған Файзуллина М.Т.
475 views12:48
Ашу / Түсініктеме
2022-04-29 09:07:14
Егер сіз сауапты қалай және қайдан тереріңізді білмей жүрсеңіз, Құран оқыңыз! Себебі, Пайғамбарымыз Мұхаммед ﷺ: «Құран оқыңыздар! Расында, Қиямет күні ол өзін оқығанға шапағатшы ретінде келеді»
826 views06:07
Ашу / Түсініктеме
2022-04-29 06:25:14
ЖҰМА МҮБӘРАК БОЛСЫН!

Садақаның абзалы — Рамазан айында берілген садақа.
1.5K views03:25
Ашу / Түсініктеме
2022-04-28 00:46:15 Раббым, таң намазым қаза болмайтын тағдыр берші маған.

Раббым, осы жылы анама "уфф" демейтін тағдыр берші маған.

Раббым, осы жыл бойы біреу менен қарыз сұрап келсе "Мә, алағой" дейтін жүрек берші маған.

Раббым, бала-шағама дұрыс тәрбие беретін тағдыр берші маған, көңіл бөлмеппін мен оларға.

Раббым,туысқандық байланысымды реттеп алатын тағдыр берші маған.

Раббым, түңгі намаздарымды Тәхәджуд оқитын тағдыр берші маған.

Осы үшін келген Қадір түні.
Уайымың жүрегіңізде күшті болсын, сол уайыммен жазылады тағдырыңыз.

Ұстаз Ерлан Ақатаев
626 views21:46
Ашу / Түсініктеме
2022-04-27 21:37:11 ҚАДІР ТҮНІНІҢ ҚАСИЕТІ

Сахабалар Aлла Tағаланың Қадір түні жайлы; «Мың айдан қайырлы» - деген мағынадағы Қадір сүресінің 3-ші аятына қуанғандай ештеңеге қуанбаған.

Ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.) сахабаларына Исрайыл ұрпақтарынан төрт адам жайын баян етеді. Олар қас қағымдай сәтке де Аллаға қарсы шықпай, сексен жыл құлшылық жасайды. Сахабалар бұған таң қалысады.

Жәбірейіл (a.с.) келіп: «Уа, Mұхаммед! Сен және сахабаларың қас қағымдай сәтке де Аллаға қарсы шықпай, сексен жыл ғибадат жасағандарға таңырқастыңдар. Aлла Tағала саған бұдан ізгісін түсірді» деді және «Иннәә әнзәлнааһу фии ләйләтил-қадр... (Біз оны Қадір түнінде түсірдік)» (деген мағынадағы) аятпен басталатын Қадір сүресін соңына дейін оқыды. Пайғамбарымыз (с.a.у) бен сахабалар бұған қатты қуанады.

 

ҚАДІР ТҮНІ НЕ ІСТЕГЕН ЖӨН?

Бұл түнде төрт рәкағат Қадір түні намазы оқылады:

1-ші рәкағатта: 1 «Фатиха», 3 «Иннә әнзәлнаһу...»,

2-ші рәкағатта: 1 «Фатиха», 3 «Ықылас»,

3-ші рәкағатта: 1 «Фатиха», 3 «Иннә әнзәлнаһу...»,

4-ші рәкағатта: 1 «Фатиха», 3 «Ықылас» оқылады.

Намаздан кейін:

• 1 рет «Aллаһу әкбар Aллаһу әкбар, Ләә иләәһә иллаллааһу уаллааху әкбар, Aллаһу әкбар уә лиләәһ ил-хамд»,

• 100 рет «Әләм нәшрах ләкә...» сүресі,

• 100 рет «Иннә әнзәлнааһу...» сүресі,

• 100 рет Пайғамбарымыздың (с.а.у.) Айша анамызға үйреткен  «Aллаһуммә иннәкә Aфүууүн кәримун тухиббул-aфуә фaафу анни» оқылып, дұға жасалады. Mүмкін болса, бір тәсбих намазы оқылады. (Дұға және ғибадаттар. Фазилет Нешрият).



26 сәуір 2022
Фазилет күнтізбесі
3.9K views18:37
Ашу / Түсініктеме
2022-04-27 21:36:40 قَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: مَنْ يَقُمْ لَيْلَةَ الْقَدْرِ إِيمَانًا وَاحْتِسَابًا غُفِرَ لَهُ مَا تَقَدَّمَ مِنْ ذَنْبِهِ. (ق)

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: “Кімде-кім ізгілігіне сеніп және қарымын тек Алладан үміт етіп Қадір түнін өткізсе (дұға жасап, нәпіл намаз және Құран кәрім оқып құлшылықпен өткізсе), бұрынғы күнәлары кешіледі” (Mуттәфәқун аләйһ)

*ҚАДІР ТҮНІ МҮБӘРАК БОЛСЫН!*
3.8K views18:36
Ашу / Түсініктеме
2022-04-27 21:31:55
Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: “Садақаның ең ізгісі Рамазан айында берілгені”. (Mүнәуи, Фәйз ул-Қадир)
3.4K views18:31
Ашу / Түсініктеме
2022-04-26 07:29:19 Хазіреті Әли мен Фатиманың қосылғанына көп болмаған еді. Бірде бір мәмілеге келе алмай өз ара тартысады. Осы кезде Аллаһ елшісі келіп қалады. Бірақ екеуі сездірмеуге тырысады. Аллаһ елшісі дем алмақ болған соң жерге төсеніш төсейді. Хақ пайғамбар ﷺ жерге жатқан кезде хазіреті Фатима әкесінің жанына жақындай кетті. Осыны көрген хазіреті Әли де Пайғамбардың келесі жағына жақындап отыра қалды. Мән-жайды байқап тұрған Аллаһ елшісі хазіреті Әлидің қолынан ұстап алып көкірегіне апарды. Бір қолымен хазіреті Фатиманың да қолына ұстап оны да көкірегіне апарды. Осылайша екеуі табысқанға дейін жібермеді. Екеуі қайта татуласқан соң Аллаһ елшісі ﷺ үйден күлімдеп шықты. Оның осы қуанышын көрген сахабалар қуаныштың сырын сұрады.
Хақ пайғамбар ﷺ : «Неге ғана қуанбайын. Жаңа ғана ең жақсы көретін екі адамымды жарастырып келдім»,- дейді.
509 views04:29
Ашу / Түсініктеме
2022-04-25 15:58:28 Пасха күні дүкен мен супер маркеттерде пасха пирогтарын көресің . Ал ораза айт күндері бауырсақ пен шелпекті көрмейсің ғой. Тіпті наурыз күндеріде ))
273 views12:58
Ашу / Түсініктеме