Get Mystery Box with random crypto!

NURLY.ISLAM

Telegram арнасының логотипі nurlyislam — NURLY.ISLAM N
Telegram арнасының логотипі nurlyislam — NURLY.ISLAM
Арна мекенжайы: @nurlyislam
Санаттар: Дін
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 7.09K
Арнадан сипаттама

🌙Ислам діні
👑Әбу Ханифа мазхабы
🇰🇿Қмдб Ұстаздары
📸Ой саларлық суреттер
🎥Пайдалы бейнежазбалар

Ratings & Reviews

3.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 4

2022-05-27 05:22:32
ЖҰМА МҮБӘРАК БОЛСЫН!

Жұма күнінің сүннеттерінің бірі — садақа беру.
4.2K views02:22
Ашу / Түсініктеме
2022-05-25 16:47:01 Ғалымның ұрпағынан естеліктер...

Бұл суретте Шейх Мухаммад Әли әс-Сәбунидің (Алла оны рахымана бөлесін) жұмыс үстелі көрсетілген.

Бұл жердің естеліктері өте көп. Әкемнің күндізгі, түнгі орны еді. Әр күні түннің жартысында яғни сағат үште түнгі намазға (тахаджут) тұратын. Түнгі намазынан кейін әкемнің ешкімді оятып алмайын деп қорыққан күйі жәй дыбыспен жұмыс үстеліне қарай кетіп бара жатырған аяқ іздерін естейтінмін. Үстеліне отырып, шамының жарығын жағып жазуға бет алатын. Таң намазының азанынан бұрын ұйқыдан тұрып, көлігінің кілтін және жайнамазын алып "Әл-Харам" мешітіне кететін. Мешітте намазын оқып артынша Құран оқитын. Әр күні таң намазынан кейін үш пара Құран оқитын еді. Кейін үйге келіп, бірге таңғы ас ішейік деп бізді оятып және бізге өз қолымен дастархан жаятын еді. Кейін қайтадан жұмыс үстеліне барып сағат "он жарымға" дейін оқуын, жазуын жалғастыратын еді. Сағат "он жарымда" демалып алу үшін қайлулә жасайтын. Бұл әкемнің күнделікті істейтін міндеті болатын. Сағат сайын ұйқысынан оянып, жұмыс үстеліне бет алып бір нәрселер жазатын еді. Бір күні дәл осы жағдайдың үстінен түсіп былай дедім: "Әкешім шаршамадыңызба? Не үшін ұйқының терең сәттерінде тұрып бір нәрселер жазасыз???" - Әкем маған: "Бір аяттың тәпсірі туралы ой келіп жатыр. Ойымды ұмытып қалудан қорқамын. Сол себепті ұмытпастан алдын жазып алып жатырмын" дейтін.

Аллаһым Шейхымыз Мухаммад Әли әс-Сәбуниді өзіңнің рахымыңа алып, Фирдаус жәннәтын нәсіп еткейсің...

Аллаһым барша ілім ізденушілерге осындай ыждаһаттылықты нәсіп еткейсің...
852 views13:47
Ашу / Түсініктеме
2022-05-22 06:46:38
Ибн Сүнни атты хадисші ғалымның сахаба Абдулла ибн Аббастан жеткізген риуаятта былай делінеді:

«Егер әйелдің босануы қиындаса, таза бір ыдыс ал да оған (мына аяттарды) жаз:

‎كأنهم يوم يرون ما يوعدون لم يلبثوا إلا ساعة من نهار

‎- بلاغ فهل يهلك إلا القوم الفاسقون

‎- كأنهم يوم يرونها لم يلبثوا إلا عشية أو ضحاها

‎لقد كان في قصصهم عبرة لأولي الألباب ما كان حديثا يفترى ولكن تصديق الذي بين يديه وتفصيل كل شيء ولهدى – ورحمة لقوم يؤمنون

Кейін ол ыдысты жуып, ол судан әйел ішсін де, ішіне және жүзіне жақсын»

Сілтеме: Әл-Мүттәқи әл һинди: Кәнзуль Уммаль 28381

Заман тудырған сұрақтар II том
1.4K views03:46
Ашу / Түсініктеме
2022-05-20 13:29:56
309 views10:29
Ашу / Түсініктеме
2022-05-20 09:22:58 Жұма мүбәрак болсын бауырлар!

- Салауат
- «Каһф» сүресін оқу, тыңдау
- Жақсылық жасау
- Садақа беру
- Ғұсыл құйыну
- Таза, әдемі киім кию
- Мешітке бару
- Дұға
- Отбасына тәттілер апару, қуанту.

Күндеріңіз сәтті өтсін!
Дұға-тілектеріңіз қабыл болсын!
892 views06:22
Ашу / Түсініктеме
2022-05-20 07:23:01 Мереке күні Айша анамыз пайғамбардан (ﷺ) эфиоптардың ойынын көруге рұқсат сұрайды. Рұқсат беріледі. Сөйтіп, ол мешіттің алдында өткен ойынды Алла Елшісінің (ﷺ) артында тұрып, тамашалайды. Расулалла жұбайына кедергі келтірмес үшін бір иығын түсіріп тұрады. «Мен иегімді оның иығына қойып, бетімді жағына жақындаттым», – дейді Айша анамыз. Алла Елшісінің (ﷺ) аяғы талып, шаршаса керек: «Уа, Айша, көріп болдың ба?» – деп сұрағанда: «Жоқ», – деп жауап береді. Бұл жауабын анамыз былай түсіндірген екен: «Оларды көргім келгендіктен емес, өзге әйелдердің менің жас екеніме қарамастан, Расулалланың (ﷺ) маған қалай қарым-қатынас жасайтынын көргендерін қаладым...».

Күндеріңіз сәтті, берекелі махаббатқа толы болсын!
1.2K views04:23
Ашу / Түсініктеме
2022-05-20 05:32:52
ЖҰМА МҮБӘРАК БОЛСЫН!

Жұма күнінің сүннеттерінің бірі — садақа беру.
4.1K views02:32
Ашу / Түсініктеме
2022-05-18 13:52:28

3.8K views10:52
Ашу / Түсініктеме
2022-05-16 15:25:53 ХАДИС:

Ансарлық Жәбир ибн Абдуллаһ (р.а.): «Бірде Пайғамбарымызбен (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бірге жорыққа шыққан едік. Бір кезде ол бізге: «Мәдинада жорыққа шыға алмаған, алайда сендер қай жолмен жүріп, қай сайды кесіп өтсеңдер де (шынайы ниеттің арқасында) әрдайым сендермен бірге болған ерлер бар. Ауру-сырқау оларға қол байлау болды», – деп айтты», – деген.

Басқа бір риуаятта: «Олар (шынайы ниеттің арқасында) сендер кенелген сауапқа ортақ болады», – деп айтылған.

(Муслим, имара 159).
1.9K views12:25
Ашу / Түсініктеме
2022-05-13 14:44:01
3.3K views11:44
Ашу / Түсініктеме