Get Mystery Box with random crypto!

Раббым, таң намазым қаза болмайтын тағдыр берші маған. Раббым | NURLY.ISLAM

Раббым, таң намазым қаза болмайтын тағдыр берші маған.

Раббым, осы жылы анама "уфф" демейтін тағдыр берші маған.

Раббым, осы жыл бойы біреу менен қарыз сұрап келсе "Мә, алағой" дейтін жүрек берші маған.

Раббым, бала-шағама дұрыс тәрбие беретін тағдыр берші маған, көңіл бөлмеппін мен оларға.

Раббым,туысқандық байланысымды реттеп алатын тағдыр берші маған.

Раббым, түңгі намаздарымды Тәхәджуд оқитын тағдыр берші маған.

Осы үшін келген Қадір түні.
Уайымың жүрегіңізде күшті болсын, сол уайыммен жазылады тағдырыңыз.

Ұстаз Ерлан Ақатаев