Get Mystery Box with random crypto!

NURLY.ISLAM

Telegram арнасының логотипі nurlyislam — NURLY.ISLAM N
Telegram арнасының логотипі nurlyislam — NURLY.ISLAM
Арна мекенжайы: @nurlyislam
Санаттар: Дін
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 7.09K
Арнадан сипаттама

🌙Ислам діні
👑Әбу Ханифа мазхабы
🇰🇿Қмдб Ұстаздары
📸Ой саларлық суреттер
🎥Пайдалы бейнежазбалар

Ratings & Reviews

3.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 10

2022-02-27 17:50:47
2.3K views14:50
Ашу / Түсініктеме
2022-02-27 14:06:51 ХАДИС:

Әбу Һурайра (р.а.): «Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Адамның өзіне қатысы жоқ нәрселерден бойын аулақ ұстауы-оның жақсы мұсылман екендігінің белгісі» (11) – деп айтты», – деген.

(Тирмизи, зуһд 11).

(11) Яғни, кәміл мұсылман – өзіне қатысы жоқ барлық сөзден, ойдан, іс-әрекеттерден аулақ болған адам.
430 views11:06
Ашу / Түсініктеме
2022-02-25 19:10:43 ХАДИС:

Ибн Масғуд (р.а.): «Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Расында, шыншылдық ізгілікке, ал ізгілік жұмаққа жетелейді. Кісі әрдайым шыншыл болып, оны өмірлік ұстанымына айналдырса, Аллаһтың құзырында турашыл деп жазылады. Суайттық азғындыққа, ал азғындық тозаққа жетелейді. Кісі үнемі жалған сөйлеп, өтірік айтуға әуестенсе, ақырында, Аллаһтың құзырында өтірікші кәззап деп жазылады», – деп айтты», – деген.

(Бұхари, әдәб 69; Муслим, бирр 103).
494 views16:10
Ашу / Түсініктеме
2022-02-25 15:42:22 Аллаһ елшісі ﷺ жасы 12ге келген кезде Әбу Толиб Шамға (қазіргі Сирияға) сапарға шығуды көздеді. Осы хабар, көкесінен ажырап қалатындығы Мухаммадке (ﷺ) ауыр тиді. Сосын, Әбу Толибтің жаны ашып, сапарға өзімен бірге алып кетуді жөн көреді. Бұл Аллаһ елшісінің ﷺ ең бірінші сапары еді. Керуенде келе жатқып, Бусроға жеткен кезде оларға ар- Рохиб Бахира (Бахира деген монах) келіп, осы заманда арабтардың арасынан пайғамбардың шығу керектігі/шығатындығы туралы сөз қозғайды. Ақырзаман жақындаған уақыт туралы христиандар мен яһудилердің жазбаларына (Інжілде, Тәуратта) көп айтылғанын айтады. Оған арабтар әлі елшінің шықпағаны туралы айтады.
فَلَمَّا جَاءَهُم مَّا عَرَفُوا كَفَرُوا بِهِ فَلَعْنَةُ اللَّـهِ عَلَى الْكَافِرِينَ
(Бақара сүресінің 89шы аяты)


Нур-уль йақин фи сирати сәййд әль мурсәлин, 12ші бет
195 views12:42
Ашу / Түсініктеме
2022-02-25 08:27:18 Жастар қазір білім алыңыздар! Атқа мінер кез келді. Білімге көп көңіл бөлiңiздер! Әр жiгiт оқып жатқан жерiн қызылға тәмәмдауы тиіс. Еліміз, жеріміз, дініміз деп ойлайтын уақыт келді. Бос жүрмеңдер. Абайдың мына сөздеріне құлак салыңдар!

Соңында білімді жеңеді.
Надан надан болып қалады.

Бiлектi бiрдi жығады, білімді мыңды жығады.

(с) Ұстаз Ерболат Бoxaнoв
313 views05:27
Ашу / Түсініктеме
2022-02-25 06:02:53
Жұма мүбәрак болсын!

Жұма күнінің сүннеттерінің бірі - садақа беру.
2.2K views03:02
Ашу / Түсініктеме
2022-02-22 17:24:08 ХАДИС:

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте: «Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Нағыз мықты – күресте қарсыласын жеңген емес, қатты ашуланғанда өз-өзін ұстай (жеңе) білген адам», – деп айтты» – делінген.

(Бұхари, әдәб 102; Муслим, бирр 106).
530 views14:24
Ашу / Түсініктеме
2022-02-18 16:25:40 Әбу әл-Жағд ад-Дамрийден (р.а.) риуаят етілген хадисте: «Пайғамбарымыз (ﷺ):

«Кiмде-кiм жұма намазын үш рет себепсiз (елемей) қалдырса, Алла оның жүрегiн мөрлеп қояды»,– деген.

Адамның жүрегі мөрленсе, оған бірде-бір жақсылық кірмейтін болып қалады. Ондай адамдар жақсылық істеуді де, жақсылықтың не екенін де білмейді. Ол өзі үшін және отбасы мен қоғам үшін де зиян келтіріп, айналасына қауіп төндіреді. Бұл – үлкен апат.

Жұма намаз оқитын мұсыл-мандары көп болған қоғамда жақсылық та мол болады. Жұма намаз оқымайтын мұсылмандар көбейген ортаға әртүрлі жамандықтар мен қиыншылық тез көбейе бастайды.

Тирмизи мен Ахмад жеткізген
637 views13:25
Ашу / Түсініктеме
2022-02-18 09:07:24 ХАДИС:

Әбу Саид Мәлик ибн Синан әл-Худри (Аллаһ олардан разы болсын): «Бірде Аллаһ елшісіне (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) ансардан бір топ адам бұйымтайын айтып еді, сұрағандарын берді. Олар араға біраз уақыт салып тағы сұрады. Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бұл жолы да олардың бетін қайтармай, қолындағы барын ұстатты. Қолындағы бар дүниесі таусылған соң оларға: «Қолымдағы барымды сендерден аямаймын. (Бірақ, айтарым) кімде-кім өзгеге қол жайып қайыр тілеуден арын сақтаса, Аллаһ оны арлы, әрі абыройлы қылады.
Кімде-кім ел-жұртқа зәрулік танытпаса, Аллаһ оның күнін ешкімге қаратпайды. Ал кімде-кім сабырлы болуға тырысса, Аллаһ оған түгесілмес сабыр береді.
Ешбір жанға сабырлылықтан да үлкен әрі қайырлы сый нәсіп етілмеген», – деп айтты», – деген.

(Бұхари, зәкәт 50; Муслим, зәкәт 124).
586 views06:07
Ашу / Түсініктеме
2022-02-18 06:17:12
Жұма мүбәрак болсын!

Жұма күнінің сүннеттерінің бірі - садақа беру.
2.8K views03:17
Ашу / Түсініктеме