Get Mystery Box with random crypto!

NURLY.ISLAM

Telegram арнасының логотипі nurlyislam — NURLY.ISLAM N
Telegram арнасының логотипі nurlyislam — NURLY.ISLAM
Арна мекенжайы: @nurlyislam
Санаттар: Дін
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 7.09K
Арнадан сипаттама

🌙Ислам діні
👑Әбу Ханифа мазхабы
🇰🇿Қмдб Ұстаздары
📸Ой саларлық суреттер
🎥Пайдалы бейнежазбалар

Ratings & Reviews

3.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 3

2022-06-03 17:20:37 Имам әс-Сарахси Құдықта қамауда жатқанда 30 томдық "Мабсут" кітабын өз жадынан шәкірттеріне айтып жаздырған.

Имам әл-Қуртуби кемеде болған кезде "сахих Муслимге" (тусіндірме) шарх жазған.

Ал Ибн әл-Қайим өзінің «Зад әл-Маад» кітабын саяхатқа бара жатқанда жазған

Алладан жәрдем тілеңдер, қауқарсыз болмаңдар...

Мұсылман үмітсіздікті білмейді!
327 views14:20
Ашу / Түсініктеме
2022-06-03 11:23:21 كلُّ كلامِ ابنِ آدمَ علَيهِ لا لهُ إلَّا ، أمرٌ بمعروفٍ أو نَهْيٌ عن منكرٍ ، أو ذِكْرُ اللَّهِ
رواه الترمذي و ابن ماجه و قال الترمذي: هذا حديث غريب.
“Адам баласының барлық сөзі оны қорғайтын емес, керісінше оған қарсы құжат. Тек жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыю немесе Алланы еске алудан басқа сөзі” Хадисті Имам Термизи мен Ибн Мәжа жеткізді.
964 views08:23
Ашу / Түсініктеме
2022-06-03 08:09:41 - Салауат айтуды арттырыңыз
- Кәһф сүресін оқыңыз

Жұма мүбәрак болсын!
1.3K views05:09
Ашу / Түсініктеме
2022-06-03 06:09:36
Жұма Мүбәрәк Болсын

Жұма күнінің сүннеттерінің бірі садақа беру.
5.0K views03:09
Ашу / Түсініктеме
2022-05-31 06:12:00
Арман ұстаздың уағыз насихаты жаңа инста парақша тіркеліңіздер
3.9K views03:12
Ашу / Түсініктеме
2022-05-30 18:08:16 Шүкіршілік есігін ашатын себептер:

1) Әлсіздік. Алла алдында, мұқтаждықты мойындау. Әлсіздік дегенді басқа адамның алдында өзін әлсіз көрсету деп түсінбеуіміз керек, ол тек Алла үшін болу керек.
Мысалы, әлсіз сәбиге барлығы мейірімділігін төгеді, сол секілді Алла да біз әлсіз екенімізді мойындап дұға етсек, мейірімділік етер деген үміт бар.

2) Мейірімділік ету. Мейірімділіктің ләззаты қарымта қажет етпейді, мысалы, Ананың балаға жасаған мейірімділігі.
Айналамызға, адамдарға, жануарларға және т.б мейірімді болу.

Шүкіршілікке апаратын инструменттер:
Шүкіршілік дәптерін жазу, 
Алла берген нығметтерді ойлану,
Шүкір намазын оқу.

#подкасттан #dariyatv
803 views15:08
Ашу / Түсініктеме
2022-05-30 05:09:45 Ассаляму алейкум Құрметті бауырлар! Бір бауырымызға Алла разылығы үшін қаржылай көмек қажет болып тұр 120 мың теңге

"Садақа қабір азабынан қорғайды. Қияметте қамқорлығына алады" (Байхаки)

"Садақа берген адамның ризығы көбейеді, және дұғасы қабыл болады. (Ибн Мажә)

Көмек көрсетем деушілерге⠀
Kaspi GOLD : 4400 4301 6916 6656
Halyk Bank : 4405 6397 4502 3885
+7 777 589 22 64
Анаркуль.М.А
Алла разы болсын.
2.6K views02:09
Ашу / Түсініктеме
2022-05-27 16:50:37
536 views13:50
Ашу / Түсініктеме
2022-05-27 08:51:03 ХАДИС:

Ибн Масғуд (р.а.): «Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Исрайылұлдарының (діни тұрғыдан) құлдырауы олардың бірі екіншісіне кезіккенде: «Әй, сен осы Аллаһтан қорықсаңшы! Мына қылығыңды қой, олай істеуге болмайды», – деп айтып алып, ертесі күні әлгі күнәһардың тыйылмағанын көрсе де, түк болмағандай онымен бірге баяғыша ішіп-жеп, дос болып жүре беруден басталған. Олар солай істеген соң, Аллаһ тағала олардың арасына жік түсіріп (бір-біріне дұшпан қылды) – деп, мына аятты оқыды: «Исрайылұлдарынан күпірлікке бой алдырғандар Дәуіт пен Мәриямұлы Исаның тілімен лағынеттелді, өйткені олар бойсұнудан бас тартып, (күнә істеуде) шектен шықты. Сондай-ақ, олар бір-бірін жамандық атаулыдан тыймайтын еді. Расында, олардың бұл қылығы қандай жаман! Басым көпшілігінің кәпірлерді дос тұтқанын көресің. Олардың (ақырет күніне) дайындығы қандай жаман! Шынында, олар (осы қылықтарының кесірінен) Аллаһтың қаһарына ұшырады, сондықтан (тозақта) мәңгі-бақи азап шегеді. Егер олар Аллаһқа, Пайғамбарға және оған түсірілген (кітапқа) иман келтірсе, кәпірлерді дос тұтпас еді. Алайда, олардың көбі түзу жолдан тайғандар» (34) Соңында Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Жоқ, Аллаһтың атымен ант етейін! Сендер міндетті түрде жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыятын боласыңдар. Залымның қолын байлап, оны хақ жолға салып, әрі сол жолдан таймауына кепіл боласыңдар. Әйтпесе, Аллаһ тағала ауызбіршіліктеріңді бұзып, Исрайылұлдарын лағынеттегендей сендерді де қарғысқа ұшыратады», – деп айтты», – деген.

(Әбу Дәуіт, мәләхим 17; Тирмизи, тәфсиру сура 5-6).

(34) «Мәида» сүресі, 78-81-аяттар
780 viewsedited  05:51
Ашу / Түсініктеме
2022-05-27 07:09:18
933 views04:09
Ашу / Түсініктеме