Get Mystery Box with random crypto!

NURLY.ISLAM

Telegram арнасының логотипі nurlyislam — NURLY.ISLAM N
Telegram арнасының логотипі nurlyislam — NURLY.ISLAM
Арна мекенжайы: @nurlyislam
Санаттар: Дін
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 7.09K
Арнадан сипаттама

🌙Ислам діні
👑Әбу Ханифа мазхабы
🇰🇿Қмдб Ұстаздары
📸Ой саларлық суреттер
🎥Пайдалы бейнежазбалар

Ratings & Reviews

3.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 7

2022-04-24 05:17:03
Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: “Садақаның ең ізгісі Рамазан айында берілгені”. (Mүнәуи, Фәйз ул-Қадир)
381 views02:17
Ашу / Түсініктеме
2022-04-24 00:56:57 ХАДИС:

Ағарр ибн Ясар әл-Музәниден (р.а.) жеткен хадисте: «Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Уа, адамдар! Аллаһқа тәубе етіп, кешірім тілеңдер. Расында, мен де Аллаһқа күніне жүз рет тәубе етемін», – деп айтты», – делінген.

(Муслим, зикр 42).
373 views21:56
Ашу / Түсініктеме
2022-04-23 22:26:04
1.1K views19:26
Ашу / Түсініктеме
2022-04-22 17:54:01 Пайғамбар(ﷺ): «Кімде-кім:  
لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ وَحْدَهُ لَا شَرِيكَ لَهُ لَهُ الْمُلْكُ وَلَهُ الْحَمْدُ وَهُوَ عَلَى كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ Алладан басқа тәңір жоқ, Оның серігі жоқ, мүлік, мақтау Оған тән. Ол барша нәрсеге құдретті деп жүз мәрте айтатын болса, он құл азат еткендей сауап алғандай болып, әрі оның жүз күнәсі кешіріліп, жүз сауап жазылады. Бұдан абзалын ешкім істеген емес, бұдан артығын тек бұдан артық істеген алады деген

Бухари , Муслим

Транскрипция: «Лә иләәһа иллаллаһу уахдаһу лә шариика ләһ, ләһул-мулку уә ләһул-хамду уа һуа алаа кулли шаийн қадиир
355 views14:54
Ашу / Түсініктеме
2022-04-22 13:45:53
Бұл каналда менің ойларым, кітаптан түртіп алғаным және тағы да басқа пайдалы нәрселерді табасыз. Парақша белгілі бір бағытта емес.

ТІРКЕЛІҢІЗДЕР
@beisenaliolzhas
@beisenaliolzhas
@beisenaliolzhas
2.7K views10:45
Ашу / Түсініктеме
2022-04-22 13:38:16 Қәбірдегі адамдарға дүние тіршілігіндегі қай күніне қайтарайын десе:"әлбетте Рамазанның бір күні жеткілікті деп айтар еді".
Ғалым сөзі!

Оразаларыңыз қабыл болсын!
Алла Тағала баршамызды күллі жамандықтан сақтасын.
752 views10:38
Ашу / Түсініктеме
2022-04-22 08:26:25 ХАДИС:

Әбу Һурайра (р.а.): «Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Кімде-кім күн батыстан шыққанға (6) дейін тәубе ететін болса, Аллаһ тағала оның тәубесін қабыл алады», – деп айтты», – деген.

(Муслим, зикр 43).

(6) Қиямет-қайым орнағанға дейін
350 views05:26
Ашу / Түсініктеме
2022-04-22 06:59:56
Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: “Садақаның ең ізгісі Рамазан айында берілгені”. (Mүнәуи, Фәйз ул-Қадир)
2.2K views03:59
Ашу / Түсініктеме
2022-04-21 23:21:35 САДАҚА КҮНӘЛАРҒА КӘФФАРӘТ БОЛАДЫ

Элмалылы Mұхаммед Хамди Йазыр Бақара сүресінің 267,268-аяттарын былай тәпсір еткен:

Уа, мүміндер! Табыстарыңның тазаларынан яғни халал жолмен тапқан табыстарыңның жақсысынан, әдемісінен, (әсіресе сауда тауарларынан, ақшадан) және жиған өнімдеріңнің (астық, жеміс-жидек, кен, қазына тәрізді жерден алған нәрселерден де) жақсыларын пайдаланыңдар, беріңдер.

Садақа ретінде берілетін нәрселердің де ең тазасын таңдау қажет. Нашар, құнсыз нәрсені өзіңіз алмай, Алла Тағала алдындағы қарызыңызды сол қадірсіз нәрсемен беруші болмаңыз.

Әрі біліңіз, Aлла Tағала шүбәсіз Ғани (бай), садақаларыңа мұқтаж емес, садақаларың өз пайда, табыстарың үшін. Әрі Aлла Tағала 
Хамит, Maхмуд (мадаққа лайық). Бәрі оған мадақ пен шүкіршілік айтуға тиіс. Aлла тағала Өзінің разылығы үшін жасалған қайыр мен жақсылықты одан артық нығметпен, сауаппен қайтарады. Ризашылығы үшін атқарылған істердің қарымын береді. Олай болса, оған ең таза, eң әдемі нәрселер ұсыну қажет.

Уа, нисаб иесі ауқаттылар! “Бұл бұйрықтарға сай қолымызға түскеннің жақсыларын бере-бере өзіміз жоқшылыққа ұшырамаймыз ба?” дегендей бірдеңе ойларыңа келсе, оның шайтан уәсуәсәсы екенін біліңдер. Oл шайтан; Aлла тағаланың қайырымынан күдерін үзген үмітсіз Ібліс яки қайырлы істерде астыртын не ашық түрде үмітсіздікке итермелеп, жалған, алдамшы ой-пікір, сезім тарататын кез-келген шайтан немесе нәпсі әммарә сендерге жоқшылық қаупін төндіреді. “Ойбай, қайыр жасамаңдар, кейін өздерің жұрдай боласыңдар” деп, сендерді жаман қылыққа үндейді. Сараңдыққа, асығыстыққа итермелейді, мал-мүліктеріңді жаманға, нәпсілік нәрселерге, күнәлі істерге, бүлікке жұмсауға қызықтырады. 

Aлла Tағала болса, сендерге Өзі тарапынан қайыр, кешірім, ізгілік пен жақсылық уәде етеді. Oл садақалармен ақыретте күнәларыңа кешірім, дүниеде жұмсағандарыңның есе-есе көп табыс, дүние мен ақыретте мол сауап, бақыт кепілдігін береді. Aлла Tағаланың игілігі мен қайыры шексіз, ілімі мол. Садақаларыңның қарымын береді, уәдесін орындауда қиналмайды.



*Жұма мүбәрак болсын!*
511 views20:21
Ашу / Түсініктеме
2022-04-20 12:26:00
Ханафи мәзһабы бойынша әйелдің діни тұрғыдан күйеуіне қызмет етуі – уәжіп!
Яғни үйді сыпыру, кір жуу, тамақ пісіру т.б. үйдің шаруасына қатысты жұмыстарды істеуі тиіс. Бұл ғасырлар бойы әдет-ғұрып бойынша қалыптасып келе жатқан әйелдің ері алдындағы міндеті.

Әл-Бәдәйығу әс-санайығу фи тәртиби әш-шәрайығи, 4/192,
Әл-Мәусуға әл-Фиқһия, 19/44.

Мухаммад Абу Заһра,
Әл-ахуалу әш-шахсия,166 б.
1.6K views09:26
Ашу / Түсініктеме