Get Mystery Box with random crypto!

ПАЙҒАМБАРЫМЫЗДЫҢ ( ﷺ) 600 МЫҢ НАСИХАТҚА ТЕҢ 6 НАСИХАТЫ Пайғ | NURLY.ISLAM

ПАЙҒАМБАРЫМЫЗДЫҢ ( ﷺ) 600 МЫҢ НАСИХАТҚА ТЕҢ 6 НАСИХАТЫ

Пайғамбарымыздың ( ﷺ): "Уа, Али! алты жүз мың қой қалайсың ба немесе алты жүз мың алтын ба, алты жүз мың насихат па?" - деген сұрағына Хазіреті Али (р.а.):

"Алты жүз мың насихат қалаймын" - деп жауап берді. Пайғамбарымыз ( ﷺ):

"Мына алты насихатқа мойынсұнсаң, алты жүз мың насихатқа мойынсұнған боласың:

1. Барлығы нәпілдермен шұғылданып жатқанда, сен парыздарды орында. Яғни парыздардағы рүкүндері, уәжіптері, сүннеттері, мұстахабтарына мұқият бол.
2. Барлығы дүниемен арпалысып жатқанда, сен Алла Тағаланы еске ал. Яғни дініңмен шұғылдан. Дініңе сай өмір сүр, дініңе сай мал тап, дініңе сай жұмса.
3. Барлығы бір-бірінің кемшілігін іздестіріп жатқанда, сен өз кемшіліктеріңді ізде, өзіңнің кемшіліктеріңмен шұғылдан.
4. Барлығы дүние жинап жатқанда, сен дініңді безендір.
5. Барлығы халыққа жақындауға себеп іздеп, адамдардың ризашылығын іздеп жатқанда, сен Алланың ризашылығын тап. Алла Тағалаға жақындататын амалдар және себеп ізде.
6. Барлығы көп амал жасап жатқанда, сен амалыңның көптігіне емес, ықыласты болуына мұқият бол."

Islam kahramanları 1, Erkam Yayınları

Түрік тілінен қазақшаға аударған Файзуллина М.Т.