Get Mystery Box with random crypto!

NURLY.ISLAM

Telegram арнасының логотипі nurlyislam — NURLY.ISLAM N
Telegram арнасының логотипі nurlyislam — NURLY.ISLAM
Арна мекенжайы: @nurlyislam
Санаттар: Дін
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 7.09K
Арнадан сипаттама

🌙Ислам діні
👑Әбу Ханифа мазхабы
🇰🇿Қмдб Ұстаздары
📸Ой саларлық суреттер
🎥Пайдалы бейнежазбалар

Ratings & Reviews

3.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 8

2022-04-20 05:51:47
6.0K views02:51
Ашу / Түсініктеме
2022-04-18 01:55:33 Алланың досы Ибраһим пайғамбар (а.с.) жіберген қателіктерін еске алғанда есеңгіреп, жүрегі дүрсілдеп қатты қорқады екен. Алла Тағала оған Жәбірейіл періштені жібереді. Жәбірейіл (а.с.) Ибраһим пайғамбарға келіп:
–Алла саған сәлем жолдады және "Досынан қорыққан да дос бола ма?"-деп жатыр-дейді. Әзірет Ибраһим оған:
–Уа, Жәбірейіл, жіберген қателіктерім еске түсіп, олардың жазасын ойлағанымда достықты да ұмытам,-деп жауап қайтарады.
Пайғамбарлар, әулиелер және тақуа адамдар сондай еді. Сен де ойлан!

Жүректің сырлары
3.2K views22:55
Ашу / Түсініктеме
2022-04-17 16:00:44 ХАДИС:

Абдуллаһ ибн Масғуд (р.а.): «Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Хунәйн шайқасында түскен олжадан кей кісілерге ерекше ілтипат көрсетіп, көбірек етіп үлестіріп берген-ді. Ақра ибн Хабис пен Уйәйна ибн Хиснның алдына жүз түйеден салып берді.
Сондай-ақ, бірқатар араб ақсүйектеріне де басқаларға қарағанда түскен олжадан көбірек бөлді (Аллаһ елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сондағы мақсатын түсінбегендіктен бұған наразы болған) біреу: «Уаллаһи! Бұл олжа бөлісте ешқандай әділдік те, Аллаһтың разылығын ойлау да болған жоқ», – деді. Сонда мен: «Уаллаһи, бұны Аллаһ елшісіне (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) жеткіземін», – дедім. Көп күтпестен Пайғамбарымызға (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) болған жайды айттым. Лезде оның жүзі күреңітіп, реңі өзгеріп кетті. Содан біраз уақытқа дейін үндемей тұрды да: «Аллаһ пен елшісі әділ болмаса, кім әділетті болмақ? Аллаһ тағала Мұсаны (а.с.) мейірімге бөлесін! Өйткені, ол бұдан да өткен қорлық көрсе де, сабырлылық танытқан еді», – деді мұңайып. Осы оқиғадан кейін «Ендігәрі оған ешкімнің сөзін жеткізбеспін» деп, өз-өзіме уәде бердім», – деген.

(Бұхари, әдәб 53; Муслим, зәкәт 145).

Түсініктеме: Аллаһ елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) иманға жаңа келіп, дінді толық түсіне қоймаған бірқатар араб ақсүйектеріне бұрынырақта иманға келген өзге мұсылмандарға қарағанда көбірек ілтипат көрсетуінің себебі, оларға Исламды сүйдіру және мұсылмандарға деген өшпенділіктен арылту еді.
3.4K views13:00
Ашу / Түсініктеме
2022-04-15 16:21:29 “Мен намаз оқымасам қайтеді?" - дейді. Сонда Сіз намаздан ұлықпын дегеніңіз ба? Намаз да тазалық! Сізде таза болсаңыз, тазаға таза жұғады ғой.Әлде қорқасыз ба? Қаттырақ тазарып кетемін деп?

ұстаз Арман Қуанышбаев
3.5K views13:21
Ашу / Түсініктеме
2022-04-15 10:22:07 ХАДИС:

Әнәстен (р.а.) жеткен хадисте: «Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Қабірге дейін мәйіттің соңынан үш нәрсе еріп барады: Жақындары, дүние-мүлкі және (жақсы-жаман) істері. Бұлардың екеуі кері қайтып, біреуі өзімен бірге қалады. Жақындары мен дүние-мүлкі оны тастап кері қайтады да, (жақсы-жаман) істері онымен бірге қалады», – деп айтты» – делінген.

(Бұхари, риқақ 42; Муслим, зуһд 5).
3.5K views07:22
Ашу / Түсініктеме
2022-04-15 07:11:51 ХАДИС:

Бара ибн Азибтен (р.а.) жеткен хадисте: «Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Әй, пәленше Жатар алдында: «Уа, Аллаһ тағалам! Шексіз мейіріміңді қалап, қаһарыңнан қорқып,(берген үкіміңе бас иіп, жазғаныңа разы болған күйде) өзімді бір Өзіңе бағыштадым. Жүзімді Саған бұрып, күллі ісімді Саған тапсырып, бір Өзіңе арқа сүйедім. Өзіңнен басқа қамқор да, пана да жоқ. Түсірген Кітабың мен жіберген пайғамбарыңа иман келтірдім» – деп дұға жасағын. Егер осы дұғаны оқып жатқан түні кенеттен о дүниеге аттансаң, әу бастағы пәк табиғатыңа сай иманды болып өтесің. Ал егер аман-есен таңға жетсең, жақсылыққа кенелесің», – деп айтты» – делінген.

(Бұхари, дағауат 6; Муслим, зикр 56)
3.6K views04:11
Ашу / Түсініктеме
2022-04-13 08:01:41 Өз қарындасыңа көңіл бөліп, еркелете алмасаң, ағалық қамқорлығыңды көрсете алмасаң, ол қыз сырттан іздейді. Сосын кетеді біреудің "жаным күнім" деген сөздерінің жетегінде. Жаман жолға қимайсың ба, жылы сөздеріңді некесіз жүрген қызыңа емес, өз қарындасыңа айт
4.5K views05:01
Ашу / Түсініктеме
2022-04-11 16:16:10 Жігіт сылқымға

Ендігі сөзді жігіт басын жігіт шіркіннің ауылына бұрайық. Сері жігіт, сылқым жігіт, паң жігіт. Ойлаған бір күнгісін бейқам жігіт.

Егер қандай бір қыз келіп ақымақтық жасап өзі жабысып жатса, сұрағанға табылған деген ойды қолдайтын жігіттерге.

Жігіт болып қызбен жүрмесек, жастық шақтан не пайда?» деген ұранмен қызқұмар ұлан болып жүргендер қаншама?! Жігітке де айтпағымыз: «Қызбен жүру не теңің?! Қыз құшақтау не сәнің?!» «Жалған өмір өтіп кетер зуылдап», - деп мағынасыз өмірде бар ойлағаның осы ма?! Қолдан ұстап,басқадай әрекеттерге көшесің. Тұнығын лайлауға құмбыл тұрасың. Айтсаң оғаш естіледі, айтпасқа тағы болмайды. Айтпасаң сөздің атасы өледі. Бірақ бұл өмірдегі бір шындық. «Мұсылманмын» дер көп жігіттер. Бірақ оған ісі сай емес. Қашан шамасы жетіп, некелеп алмай қызға қол тигізуге хақысы жоқтығын білсе ғой. Алайда, нәпсінің қалауымен жүреді.

Дәлелденген тағы бір ақиқат бар. Ол - әйел ақылының еркектен төмендігі. Сондықтан да «Еркек – бас, әйел – мойын» деп бекер айтылмаса керек. Егер қандай бір қыз келіп ақымақтық жасап өзі жабысып жатса, сұрағанға табылған деген ойды қолдайтындар қаншама.
Ағалық ақылыңды айтып, жөнге саларсың. Әйтеуір бір жаны ашыған адамның тірлігін жасарсың. Сауаптың сауабы сонда жатыр емес пе?! Қыз біткенді шамаң келсе қорғап бақ. Ар-намысын өзің бірге аяққа таптағанша, қайта аспанға қарай асқақтат. Уақыты келіп үйленем дерсің. Сонда ұяты мол, ар-намысы биік қыз алсаң, кімге жаман, қайта бақ. Ел намысы саналатын қаракөз қыздар қашан да қымбат.
5.4K views13:16
Ашу / Түсініктеме
2022-04-11 07:25:01 Пайғамбарымыздың(ﷺ) есімі айтылғанда салауат айтпау сараңдық

Әли ибн Хусейн әкесінен (р.а) риуаят еткен:
"Сараң-менің атым айтылған кезде, маған салауат айтпаған адам"
4.1K views04:25
Ашу / Түсініктеме
2022-04-10 16:06:21 Внимание жетіспей қалған қиялизм синдромының 10 белгісі:

-Қанша жерден пірадар әйел болғанымен, үнемі назар аудартуды қалап тұрады,яғни хиджабпен сторисқа шығып,ортасында хадиспен,соңында нашидпен әндетіп жүреді.

-хит болудың тәсілін іздейді,бірақ фото/видео аманат деп артын жабу.Жігіті бар болса,онымен хит болып,жоқ болса өтпей қалған қыздардың сөздері мен істерін тик-ток тренді арқылы видео түсіру.

-стористары көбіне "Хит Ухтишкалармен "бірге тамақтанып отқаны.

-сұрақ'жауап жасап,арты тек болашақ енеге жағымпаздану,видеолары қиял махаббат,(если мой будущий муж не такой,то зачем он мне,)кешкі стористары мәшинеде осындай әнмен ^бізде махаббат бар бүкіл әлем түсінбейтін^ қолында гүл ұстап тұрғаны.

-подписки бөлімі модныйхиджабтағы өзін паш етуші Муслимасымақтар.
Олармен түсірген тик-токтағы видеосының асты "Алла разылығы үшін шынайы жақсы көретін досың бар болса қандай бақыт".
Ал жігіттерге келетін болсақ "медресенің иісі де жоқ,бірақ мешіттің қасында нашидтерді қосып,өзі шығып әрі бері жүруі"

-міндетті түрде біреуге орамал кидіріп жатқан,оны түсіріп инстаға салынған видеосы тұрады.

- ер кісілерде өзін арыстан,қасқыр ретінде көрсететін фразалар, оған қоса кальян шеккенін мақтанып,оны сторисқа және үйрету тәсілін салғандай.

-мәшинені айдап келе жатқан видеосы,қолында мықты деп санаған сағаты бар.

-доллар бар екенін елге паш етіп,оны әдемі фонмен әрлеу арқылы "дерзкий "көріну.

-трен.залда жүргенін қыздардың оны көріп "уау он спортик"деп айтқан реакцияларын күтіп жүру.
4.6K views13:06
Ашу / Түсініктеме