Get Mystery Box with random crypto!

Хазіреті Әли мен Фатиманың қосылғанына көп болмаған еді. Бірде | NURLY.ISLAM

Хазіреті Әли мен Фатиманың қосылғанына көп болмаған еді. Бірде бір мәмілеге келе алмай өз ара тартысады. Осы кезде Аллаһ елшісі келіп қалады. Бірақ екеуі сездірмеуге тырысады. Аллаһ елшісі дем алмақ болған соң жерге төсеніш төсейді. Хақ пайғамбар ﷺ жерге жатқан кезде хазіреті Фатима әкесінің жанына жақындай кетті. Осыны көрген хазіреті Әли де Пайғамбардың келесі жағына жақындап отыра қалды. Мән-жайды байқап тұрған Аллаһ елшісі хазіреті Әлидің қолынан ұстап алып көкірегіне апарды. Бір қолымен хазіреті Фатиманың да қолына ұстап оны да көкірегіне апарды. Осылайша екеуі табысқанға дейін жібермеді. Екеуі қайта татуласқан соң Аллаһ елшісі ﷺ үйден күлімдеп шықты. Оның осы қуанышын көрген сахабалар қуаныштың сырын сұрады.
Хақ пайғамбар ﷺ : «Неге ғана қуанбайын. Жаңа ғана ең жақсы көретін екі адамымды жарастырып келдім»,- дейді.