Get Mystery Box with random crypto!

Ғалымның ұрпағынан естеліктер... Бұл суретте Шейх Мухаммад | NURLY.ISLAM

Ғалымның ұрпағынан естеліктер...

Бұл суретте Шейх Мухаммад Әли әс-Сәбунидің (Алла оны рахымана бөлесін) жұмыс үстелі көрсетілген.

Бұл жердің естеліктері өте көп. Әкемнің күндізгі, түнгі орны еді. Әр күні түннің жартысында яғни сағат үште түнгі намазға (тахаджут) тұратын. Түнгі намазынан кейін әкемнің ешкімді оятып алмайын деп қорыққан күйі жәй дыбыспен жұмыс үстеліне қарай кетіп бара жатырған аяқ іздерін естейтінмін. Үстеліне отырып, шамының жарығын жағып жазуға бет алатын. Таң намазының азанынан бұрын ұйқыдан тұрып, көлігінің кілтін және жайнамазын алып "Әл-Харам" мешітіне кететін. Мешітте намазын оқып артынша Құран оқитын. Әр күні таң намазынан кейін үш пара Құран оқитын еді. Кейін үйге келіп, бірге таңғы ас ішейік деп бізді оятып және бізге өз қолымен дастархан жаятын еді. Кейін қайтадан жұмыс үстеліне барып сағат "он жарымға" дейін оқуын, жазуын жалғастыратын еді. Сағат "он жарымда" демалып алу үшін қайлулә жасайтын. Бұл әкемнің күнделікті істейтін міндеті болатын. Сағат сайын ұйқысынан оянып, жұмыс үстеліне бет алып бір нәрселер жазатын еді. Бір күні дәл осы жағдайдың үстінен түсіп былай дедім: "Әкешім шаршамадыңызба? Не үшін ұйқының терең сәттерінде тұрып бір нәрселер жазасыз???" - Әкем маған: "Бір аяттың тәпсірі туралы ой келіп жатыр. Ойымды ұмытып қалудан қорқамын. Сол себепті ұмытпастан алдын жазып алып жатырмын" дейтін.

Аллаһым Шейхымыз Мухаммад Әли әс-Сәбуниді өзіңнің рахымыңа алып, Фирдаус жәннәтын нәсіп еткейсің...

Аллаһым барша ілім ізденушілерге осындай ыждаһаттылықты нәсіп еткейсің...